Четверг , 3 июля 2025

«Алатау» КІМНІҢ меншігі?

  • «Азаттық» тіл­шісі Алма­ты­дағы әйгілі «Ала­тау» сана­то­рийі бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қоры мен «Пан­до­ра құжат­та­рын­да» ата­ла­тын Karnell Holding офшор ком­па­ни­я­сы­ның иелі­гіне өтіп кет­кенін анықтады.

98 гек­тар жері, бау-бақ­ша­сы мен көлі бар Алма­ты­ның әйгілі «Ала­тау» сана­то­рийі қазір «Жыл­жы­май­тын мүлік­ті басқа­ру жөнін­де­гі дирек­ция» ЖШС мен Ұлы­бри­та­ни­я­ның Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген Karnell Holding офшор ком­па­ни­я­сы­на тиесілі. Мұны «Азаттық» тіл­шісі ашық дереккөз­дер­де­гі құжат­тар­дан анықтады.

«Жыл­жы­май­тын мүлік­ті басқа­ру жөнін­де­гі дирек­ци­я­ның» құры­л­тай­шы­сы – экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың атын­дағы «Елба­сы қоры». Ал Karnell Holding ком­па­ни­я­сы Назар­ба­ев­тың маңын­да жүр­ген оли­гарх Вла­ди­мир Ким­ге тиесілі екені айты­ла­ды. Дәл осы Karnell Holding Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы­ның (OCCRP) әлем­дік лидер­лер мен олар­дың маңын­дағы адам­дар­дың офшор­дағы бай­лы­қта­ры жай­лы «Пан­до­ра құжат­та­ры» зерт­те­уін­де аталады.

  • Karnell Holding ком­па­ни­я­сы­ның иесі, Назар­ба­ев­тың оли­гар­хы Вла­ди­мир Ким өзін көтер­ген «өкіл әкесі» Вла­ди­мир Нидің жер­леу рәсі­мін­де сөй­леп тұр. 11 қыр­күй­ек, 2010 жыл.

«Ала­тау» сана­то­рийі 1995 жылы үкі­мет қаулы­сы­мен мем­ле­кет мен­ші­гі­нен шығып, акци­о­нер­лік қоға­мға айналған еді. Үкі­мет қаулы­сы­на сай, акци­я­ның 10 пай­ы­зы сана­то­рий­дің еңбек ұжы­мы­на, 39 пай­ы­зы мем­ле­кет­ке, 51 пай­ы­зы инве­стор­ларға берілуі тиіс еді. Сана­то­рий­ді 2014 жылға дей­ін дәрі­гер Ораз­гел­ді Түк­ті­ба­ев басқа­рып кел­ді. 2009 жылы «Ала­тау» сана­то­рий­інің акци­я­сын Karnell Holding пен Түк­ті­ба­ев бөліс­кен. Ал 2017 жылы Түк­ті­ба­ев акци­я­сын «Елба­сы қоры­на» тиесілі «Жыл­жы­май­тын мүлік­ті басқа­ру жөнін­де­гі дирек­ци­я­сы­на» бер­ген. «Азаттық» тіл­шісі ашық құжат­тар­дан аны­қтаға­нын­дай, қазір «Ала­тау» сана­то­рийі Karnell Holding ком­па­ни­я­сы мен «Жыл­жы­май­тын мүлік­ті басқа­ру жөнін­де­гі дирек­ци­яға» тиесілі.

2017 жылы «Ала­тау» сана­то­рийі күр­делі жөн­де­у­ге жабы­лған, содан бері ресми түр­де әлі ашыл­ма­ды. Бірақ жақын­да сана­то­рий ғима­ра­тын­да «Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty» қонақ үйі ашыл­ды. Алма­ты кәсіп­кер­лік пала­та­сы­ның дере­гін­ше, швей­ца­ри­я­лық қонақ үй желісі ғима­рат­ты жалға алып, жұмыс істеп жатыр.

Сана­то­рий өз аумағын­да ашы­лған «Нұр­тау» гольф клу­бы­на иелік ете­ді. Гольф клуб­тың екін­ші құры­л­тай­шы­сы – Қаза­қстан­дағы билік­шіл «Адал» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Серік Сұлтанғали.

OCCRP зерт­те­уін­ше, 2008 жылы Вла­ди­мир Ни мен Вла­ди­мир Ким бри­тан­дық Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген EMES Holding & Finance ком­па­ни­я­сын алған. Ким EMES ком­па­ни­я­сы­ның үлесін Karnell Holding арқы­лы иеле­неді. Кей­ін EMES ком­па­ни­я­сы иелерінің қата­ры­на Назар­ба­ев­тың «тоқа­лы» Әсел Құр­ман­ба­е­ва да қосы­лған деп жаза­ды зерт­теу авторлары.

«Назар­ба­ев­тың «үшін­ші әйелі» сана­ла­тын Әсел Құр­ман­ба­е­ва 2008 жылы аяқ асты­нан (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сенім­ді көмек­шісі болған, Вла­ди­во­сток қала­сы­ның тума­сы, 2010 жылы қай­тыс болған) Вла­ди­мир Ни басқарған ком­па­ни­я­ның серік­тесі болып шыға кел­ген. Құр­ман­ба­е­ва EMES-ке серік­тес бол­са сала, Ladra Services офшор­лық ком­па­ни­я­сын ала­ды. 2010 жылы EMES-ті Құр­ман­ба­е­ва­ның Ladra Services офшор ком­па­ни­я­сы мен Нидің офшор­дағы тағы бір ком­па­ни­я­сы иеле­неді» деп жазы­лған OCCRP зерттеуінде.

  • Айқар­ма­дағы бар­лық жари­я­ла­ным Azattyq.org пор­та­лы­нан алынды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн