Пятница , 4 июля 2025

«ҚҰПИЯ ҚАТЫН» 30 млн долларды ҚАЛАЙ ТАПҚАН?

  • Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы (OCCRP) жаңа зерт­те­уін­де «Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бей­ре­сми әйелі Әсел Құр­ман­ба­е­ва офшор­дағы құпия келісім­нен 30 мил­ли­он дол­лар пай­да көр­ген» деп мәлім­деді. Келісім­ге экс-пре­зи­дент­ке жақын саналған екі оли­гарх­тың қаты­сы бар.

Офшор­дағы құпия келісім­дер мен жасы­рын бай­лы­қтар­ды көр­се­тетін тағы бір құжат­тар легі әшке­ре бол­ды. Оларға «Пан­до­ра құжат­та­ры» деген атау беріліп үлгер­ді. 12 мил­ли­онға жуық файл­дан тұра­тын бұл құжат­тар «Зерт­те­уші жур­на­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық кон­сор­ци­у­мы­на» тиген. Ол өз кезе­гін­де бұл құжат­тар­ды OCCRP-мен бөліс­кен. Жаңа құжат­тар легін­де Paradise papers («Жұмақ арал­да­ры­ның құжат­та­ры»), «Пана­ма құжат­та­ры» секіл­ді алды­ңғы зерт­те­улер­де аты аталған адам­дар да, бұрын-соң­ды жария бол­маған­дар да кездеседі.

«Әсел Құр­ман­ба­е­ва мен «Ұлт лидері» (бұл атақ Назар­ба­евқа заң­мен өмір бой­ы­на беріл­ген, бұл ста­ту­стың арқа­сын­да ол және оның жақын­да­ры сотқа тар­тыл­май­ды) ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сты ешқа­шан рас­та­маған я жоққа да шығар­маған. Бірақ оның тоқал неме­се бей­ре­сми әйел ретін­де­гі рөлі тура­лы қау­е­сет 1999 жылы Әсел Құр­ман­ба­е­ва «Мисс Қаза­қстан» сұлулық бай­қа­уын жеңіп алған соң тарай бастаған. Жаңа­лық сайт­та­рын­да жари­я­ланған пас­порт фото­кө­шір­месін­де оның екі ұлы­ның фами­ли­я­сы «Нұр­сұл­танұ­лы» деп жазы­лған. Қаза­қстан­да фами­лия орны­на әкесінің атын жазу жиі кез­де­седі» деп жаза­ды зерт­теу авторлары.

OCCRP дере­гін­ше, Құр­ман­ба­е­ва Қаза­қстан­да екі мем­ле­кет­тік би инсти­ту­тын­да көр­кем­дік жетек­ші қыз­метін атқа­ра­ды, балет пен ұлт­тық би сала­сын­да бір­не­ше фир­ма мен қорға иелік ете­ді. «Бірақ мәде­ни­ет сала­сы­нан қан­дай ақша тап­па­сын, ол табыс Назар­ба­ев­тың айна­ла­сы­нан алған бай­лы­қтың қасын­да түк емес» дей­ді зерттеушілер.

Әшке­ре болған құжат­тарға қараған­да, Құр­ман­ба­е­ва­да Ұлы­бри­та­ни­я­ның Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген құпия ком­па­ни­я­сы болған. Ком­па­ни­яда ешқан­дай бел­сен­ді /жұмыс/ бай­қал­маған. Соған қара­ма­стан, ол осы ком­па­ни­я­ны 30 мил­ли­он дол­ларға сатқан.

OCCRP бұл келісім­ге Назар­ба­ев­тың сенім­ді серік­тері сана­ла­тын оли­гарх­тар Вла­ди­мир Ни мен Вла­ди­мир Ким­нің қаты­сы бар дей­ді. Зерт­те­ушілер­дің жазуын­ша, Құр­ман­ба­е­ва ақша­ны 2010 жылы Вла­ди­мир Нидің өлі­мі­нен екі ай өткен­де алған. Ақша Нидің қызы­на өткен ком­па­ни­ядан түс­кен, ал Вла­ди­мир Ким төлем­нің куәсі болған. OCCRP тіл­шілері осы мәсе­ле жөнін­де Назар­ба­евқа, Ким­ге, Нидің отба­сы­на және Құр­ман­ба­е­ваға сау­ал жол­даған. Олар­дың ешқай­сысы жау­ап бермеген.

Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры мен жақын­да­ры офшор құжат­та­ры­ның әшке­ре болуы­на бай­ла­ны­сты осы­ған дей­ін­гі зерт­те­улер­де де аталған. Олар­дың ара­сын­да экс-пре­зи­дент­тің үлкен қызы Дариға Назар­ба­е­ва мен оның үлкен ұлы Нұрәлі Әли­ев, күй­еу бала­сы Тимур Құлы­ба­ев, неме­ре інісі Қай­рат Саты­бал­ды және өзге­лер бар.

3 қазан күні жари­я­ланған құжат­тар­да Иор­да­ния королінің, Укра­и­на, Әзер­бай­жан және Қаза­қстан пре­зи­дент­терінің, Чехия пре­мьер-мини­стрінің және Ұлы­бри­та­ни­я­ның бұры­нғы пре­мьері Тони Блэр­дің құпия келісім­дері әшке­ре болған. Онда Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­нің «про­па­ган­да жөнін­де­гі бей­ре­сми мини­стрі» деген адам­ның қар­жы әре­кет­тері, Ресей, АҚШ, Түр­кия секіл­ді елдер­ден шыққан 130-дан астам мил­ли­ар­дер­лер­дің құпия істері жазы­лған.

«Пан­до­ра құжат­та­ры­мен» таны­сқан OCCRP зерт­те­ушілерінің жазуы­на қараған­да, Укра­и­на пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Зелен­ский құпия офшор ком­па­ни­я­сын­дағы үлесін 2019 жылы пре­зи­дент бола­ры­ның алдын­да ғана біре­у­ге бер­ген. Зелен­ский­дің бас­пасөз хат­шы­сы OCCRP сау­а­лы­на жау­ап беру­ден бас тар­тқан. Құжат­тар сон­дай-ақ Әзер­бай­жан пре­зи­ден­ті Илхам Әли­ев­тің офшор ком­па­ни­я­лар арқы­лы Лон­дон­дағы құны 700 мил­ли­он дол­лар бола­тын жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік ететінін көр­се­те­ді.

«Зерт­те­уші жур­на­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық кон­сор­ци­у­мы» 11,9 мил­ли­он файл­дан тұра­тын құжат­тар легін офшор қыз­метін көр­се­тетін 14 фир­ма­дан алған. Бұл фир­ма­лар кли­ент­тер­дің бай­лы­ғын жасы­руға арналған құпия ком­па­ни­я­лар ашу­мен айна­лы­сқан. 150 басы­лым­да жұмыс істей­тін 600-ден астам жур­на­лист осы құжат­тар­мен екі жыл жұмыс істе­ген. Олар «Пан­до­ра құжат­та­рын­дағы» мәлі­мет­тер­ді сот құжат­та­ры­мен, дереккөз­дер­дің айғақта­ры­мен және өзге де ақпа­рат­тар­мен рас­та­уға күш жұмсаған.

«Пан­до­ра құжат­та­ры» бүкіл әлем­ді дүр­лік­тір­ген «Пана­ма құжат­та­ры­нан» кей­ін бес жыл­дан соң жары­ққа шығып отыр.

  •  

НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТОҚАЛЫ» ӘСЕЛ ҚҰРМАНБАЕВА КІМ?

40 жастан асқан (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 81-де – «D».) Әсел Құр­ман­ба­е­ва – қазір үкі­мет иелі­гін­де­гі «Аста­на Балет» теат­ры­ның арт-мене­джері. Осы балет теат­ры –Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев (пре­зи­дент­тік­тен кет­се де, Қауіп­сіздік кеңесінің өмір бой­ғы төраға­сы ретін­де билік­ке ықпал етіп отыр) пен Әсел Құр­ман­ба­е­ва­ның бай­ла­ны­сы­на негіз­гі дәлел­дер­дің бірі. Театр 2012 жылы Назар­ба­ев­тың баста­ма­сы­мен салы­нған. «Аста­на Балет­тің» негізін қалаған ком­па­ни­я­ның алға­шқы құры­л­тай­шы­сы Құр­ман­ба­е­ва болған. Бұдан кей­ін теат­рға «Назар­ба­ев­тың қоры» иелік етті де, театр артын­ша үкі­мет­ке өтті. Қазір Құр­ман­ба­е­ва осы театр­да бас­шы­лық қызметте.

OCCRP-дің «Пан­до­ра құжат­та­ры» деп аталған зерт­те­уін­де «Назар­ба­ев­тың «үшін­ші әйелі» ӘселҚұр­ман­ба­е­ва Ұлы­бри­та­ни­я­ның Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген аса табысы жоқ офшор­лық ком­па­ни­я­сын Назар­ба­евқа жақын оли­гарх Вла­ди­мир Ниге 30 мил­ли­он дол­ларға сатқа­ны» жазылған.

Вла­ди­мир Ни мен Вла­ди­мир Ким

  • «Пан­до­ра құжат­та­рын­да» аталған Вла­ди­мир Ни Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алмай тұрып-ақ, 1985 жылы Назар­ба­ев­тың көмек­шісі болған. КСРО құлаған соң, пре­зи­дент істері жетек­шісінің орын­ба­са­ры бол­ды. Назар­ба­ев­шыл қоғам­дық ұйым­дар мен басы­лым­дар­ды қар­жы­лан­ды­рған «Қаза­қ­мыс» кор­по­ра­ци­я­сы­ның дирек­тор­лар кеңесіне кір­ді. 2010 жылы дүни­е­ден өткен. Ал Вла­ди­мир Ким, Forbes дере­гін­ше, Қаза­қстан­дағы ең бай адам. Жур­нал оның бай­лы­ғын 4,7 мил­ли­ард дол­ларға баға­лай­ды. «Қаза­қ­мыс» және KAZ Minerals ком­па­ни­я­ла­ры­ның ірі акционері.

Құр­ман­ба­е­ва 1999 жылы бер­ген сұх­ба­тын­да Алма­ты­да туға­нын, Тал­ды­қорған­да өскенін, хорео­гра­фия учи­ли­ще­сін­де оқы­ға­нын айта­ды. Ал 1999 жылы Miss Kazakhstan кон­кур­сы­на қаты­сқан­да, Алма­ты­дағы Абы­лай хан атын­дағы Шет тіл­дер уни­вер­си­тетін­де оқып жүр­ген. Ол Miss Kazakhstan кон­кур­сын­да (сурет­те) жеңіс­ке жетіп, Лон­дон­да өткен Miss World бай­қа­уы­на барады.

 «Қазақстан аруы» және «Әлем аруы» байқауларына қатысқанда, оның тегі Исабаева (әкесі Тілектес Исабайұлы Есполов) болатын. (Еске салайық: Тілектес Есполов ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басқарма төрағасы-ректоры – «D»). Кейін ол БАҚ беттерінде шешесі Гүлбану Құрманбаеваның тегіне ауысқаны байқалады. Әсел фамилиясын не үшін шешесінің тегіне ауыстырғаны белгісіз. Лондондағы сән конкурсына қатысып келген соң, Құрманбаева БАҚ бетіне сирек шықты.

Тек 2018 жылы қазан­да сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев халы­ққа жол­дау жари­я­лаған­да алды­ңғы қатар­да отыр­ды (сурет­те). Еке­уінің ресми некесі бар-жоғы бел­гісіз. Әсел Құр­ман­ба­е­ва­ның екі бала­сы­ның тегі құжат­та «Нұр­сұл­тан», «Нұр­сұл­танұ­лы» деп көрсетілген.

Әсел Құр­ман­ба­е­ва­ның әкесі – 20 жыл бойы Алма­ты­дағы аграр­лық уни­вер­си­тет­ті басқа­рып келе жатқан Тілек­тес Есбо­лов «Азаттық» тіл­шісіне зерт­те­уде­гі қызы жай­лы айты­лған­дар­ды «алып-қашпа сөз» деді. «Біз бәрі­міз бала өсіріп отыр­мыз. Ұлт­тың намысын қорғап оты­рған адам­быз. Мен әкесі­мін, мен ұста­збын, ғалым­мын. Бол­май­ды ғой мұн­дай нәр­се», – деді Құр­ман­ба­е­ва­ның әкесі «Азатты­ққа».

«Пан­до­ра құжат­та­рын­да» Назар­ба­ев­тың «үшін­ші әйелі» Құр­ман­ба­е­ва­ның басқа да биз­нес құпи­я­ла­рын көр­сет­ті. «Қызық, бірақ «Назар­ба­ев қоры» мен Құр­ман­ба­е­ва басқа бір жоба­да да серік­тес болған. 2013 жылы екі ай уақыт Назар­ба­ев қоры «Астау» ком­па­ни­я­сы­на иелік ете­ді. Бұл ком­па­ни­я­ның негізін 2006 жылы Құр­ман­ба­е­ва қалаған. Назар­ба­ев қоры­нан соң, ком­па­ния қожай­ы­ны қай­та­дан Құр­ман­ба­е­ва бол­ды. Ком­па­ния Нұр-Сұл­тан­дағы бан­кет залы, СПА және сұлулық сало­ны­на иелік ете­ді» деп жазы­лған зерттеуде.

Құр­ман­ба­е­ва иелік ететін «Астау» ком­па­ни­я­сын ана­сы Гүл­ба­ну Құр­ман­ба­е­ва басқа­ра­ды. Әсел Құр­ман­ба­е­ва бұдан бөлек «Балет және ұлт­тық биді дамы­ту қоры­ның» құры­л­тай­шы­сы. Биыл көр­кем гим­на­сти­ка­ны қол­дау және дамы­ту қорын ашқан.

Қазір экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев /өзінің/ тіке­лей тап­сыр­ма­сы­мен Алма­ты­да да балет теат­рын сал­ды­рып жатыр. Құры­лы­сқа тап­сы­рыс беру­ші – «Демеу жеке қоры­ның» жалғыз иесі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев. Құр­ман­ба­е­ва құрған «Балет және ұлт­тық биді дамы­ту қоры» «Азатты­қтың» сау­а­лы­на Алма­ты­дағы теат­рға «қаты­сы жоғын», бірақ «ашы­лған­да бір­лесіп жұмыс істеу ниеті барын» айтқан.

Қаза­қстан­ды отыз жыл­дай басқа­рып, пре­зи­дент­тік­тен кет­се де, билік­ке ықпа­лын сақтап қалған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ресми әйелі – Сара Назар­ба­е­ва. Ал «Пан­до­ра құжат­та­рын­да» Әсел Құр­ман­ба­е­ва Назар­ба­ев­тың «үшін­ші әйелі» деп көрсетіледі.

Жур­на­ли­стер тобы 30 мил­ли­он дол­лар­лық келісім­шар­ттың жай-жап­са­рын біл­мек болып, Назар­ба­ев пен Ким­ге, Нидің отба­сы­на және Құр­ман­ба­е­ва­ның өзіне де сау­ал жол­даған. Ешқай­сысы жау­ап бер­ме­ген. Қазір­ге дей­ін Қаза­қстан билі­гі тара­пы­нан да бұл зерт­те­у­ге қан­дай да бір реак­ция болмады.

Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ

Аян ҚАЛМҰРАТ

Аzattyq.org

4 қазан 2021 жыл.

Қаз-қал­пын­да

ЖЕНЫ НУРСУЛТАНА

Подроб­но­сти лич­ной жиз­ни /экс/президента Казах­ста­на Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва ста­ли извест­ны после того, как нахо­дя­щий­ся в изгна­нии его быв­ший зять Рахат Али­ев решил рас­ска­зать о них все­му миру. По анкет­ным дан­ным, жена Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва Сара Алпы­сов­на Назар­ба­е­ва, но фак­ти­че­ски, пре­зи­дент дав­но с ней в раз­во­де, одна­ко этот факт дол­го и тща­тель­но скры­вал­ся на про­тя­же­нии мно­гих лет. 

Что­бы все это не ста­ло пред­ме­том все­об­ще­го обсуж­де­ния, Сару Алпы­сов­ну все это вре­мя дер­жа­ли под домаш­ним аре­стом, и, если по тре­бо­ва­нию про­то­ко­ла неко­то­рых офи­ци­аль­ных меро­при­я­тий тре­бо­ва­лось ее при­сут­ствие, она там появлялась. 

Мало того, один­на­дцать лет назад в Казах­стане раз­го­рел­ся целый скан­дал после того, как нару­жу про­со­чи­лись све­де­ния о том, что пре­зи­дент обза­вел­ся млад­шей супру­гой. Млад­шая жена Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва – Гуль­на­ра Раки­ше­ва (фото на откры­том досту­пе отсут­ству­ет – Ред.) когда-то была стю­ар­дес­сой на пре­зи­дент­ском само­ле­те, но, став фаво­рит­кой пер­во­го лица рес­пуб­ли­ки, была осы­па­на мно­же­ством мило­стей. Роман с Гуль­на­рой длил­ся у пре­зи­ден­та мно­го лет, и пер­вое вре­мя он скры­вал свои отно­ше­ния, опа­са­ясь, что его закон­ная жена может доста­вить им нема­ло непри­ят­но­стей. Одна­ко, когда млад­шая жена Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва роди­ла ему двух дочек, он решил, что скры­вать прав­ду уже не име­ет смыс­ла. Для сво­ей вто­рой семьи он постро­ил новый дом в Астане, а быв­шей закон­ной жене Саре Алпы­совне выде­лил на содер­жа­ние пят­на­дцать мил­ли­о­нов долларов. 

Пока она была закон­ной женой Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва, Сара Алпы­сов­на име­ла на сво­е­го супру­га боль­шое вли­я­ние, и мно­гие реше­ния он при­ни­мал после ее одоб­ре­ния. Закон­ная жена пре­зи­ден­та Казах­ста­на все­гда была про­тив того, что­бы из него дела­ли идо­ла и ста­ви­ли ему мно­го­чис­лен­ные памят­ни­ки при жизни.

Вто­рая жена /экс/президента тоже мог­ла им лег­ко мани­пу­ли­ро­вать и даже заста­ви­ла сде­лать сво­е­го отца заме­сти­те­лем мини­стра обо­ро­ны рес­пуб­ли­ки. Кро­ме того, Гуль­на­ра мог­ла решать и дру­гие кад­ро­вые вопросы.

Жизнь /экс/президента Казах­ста­на покры­та заве­сой сек­рет­но­сти, но все тай­ное, рано или позд­но, все­гда ста­но­вит­ся явным. Недав­но ста­ло извест­но, что у Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва появи­лась еще одна жена – моло­дая жен­щи­на по име­ни Асель Иса­ба­е­ва, кото­рую несколь­ко лет назад сде­ла­ли «Мисс Казах­стан». Но сде­лать ее сво­ей оче­ред­ной женой Нур­сул­тан решил­ся толь­ко после того, как разо­рвал отно­ше­ния с Гуль­на­рой Ракишевой. 

  • Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бір ұлы­мен бір­ге аста­на­да өткен хок­кей ойы­ны кезінде.

Тре­тья по сче­ту жена пре­зи­ден­та Казах­ста­на роди­ла ему сына, и теперь Нур­сул­тан Назар­ба­ев отец пяти дочек и дво­их сыновей.

Мuzh-zhena.ru

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн