ДАТЫҢ БОЛСА АЙТАРҒА

«ДАТ»-қа жазыл, ағайын!

Алда келе жатқан 2022 жылдың газет-журналдарына жазылу басталды. Елдегі дағдарыс пен пандемиялық кризис діңкелеткен «ДАТ» газеті бұл науқанда кемінде 20-30 мың оқырман жинай алмаса, келесі жылғы жағдай жаман болайын деп тұр. Тіпті, газеттің жабылып қалу қаупі де жоқ емес.

Біз бұған дейін «ДАТ»-қа жазыл деп, ешқашан және ешкімге өтініш қылмаған газет едік. Бірақ ендігі жағдай жалбарынған күй кешуге мәжбүр етіп отырғанын жасырмаймыз.

Біріншіден, үлкен қалалардағы (әсіресе Астана мен Алматыда) газет-жорнал саудалау дүңгіршектері жаппай жабылды. Бұдан біз 10 мыңға жуық тираж жоғалттық.

Мәселен, Алматы мен Астанада газет саудалау ісінде монополияға айналған Дариға Назарбаеваның иелігіндегі «Караван» киоскілері «ДАТ»-ты саудалаудан үзілді-кесілді бас тартты. Монополияға қарсы заңдылықтарды бұзудың бұл әрекетін біз сотқа берерміз, бірақ Дариға дөкейге заң жүре ме?!

Екіншіден, газет қағазының құны қымбаттаған соң (тоннасы 250 мың теңгеден асты), баспахана қызметі де қымбаттады. Газеттің бір данасын басу құны 30 теңгеге жетті. Апта сайын шығатын газетке жарты миллионға жуық (айына 2 млн.) ақша жинау оңай болмай барады.

Үшіншіден, қаржы тапшылығы салдарынан редакцияның штаты тақыр-таза қысқарды. Қалғаны – 5 адам, оның екеуі ғана журналист. Мұндай жағдайда қоғамдық тақырыптарды жан-жақты қамту мүмкін емес!

Төртіншіден, «ДАТ»-та демеуші (спонсор) жоқ, соңғы 10 жылда болған да емес. Ал нарық тарықтырған Қазақстанның жағдайында демеушінің қолдауынсыз газетті аймақтарға жеткізу – қиямет-қайым машақатқа айналды. Газеттің интернет нұсқасын қамтамасыз ету де – демеушісіз жүрмейтін әурешілік.

СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, ЕГЕР СІЗ:

  • билікке бүгежектемейтін тәуелсіз сөз қоғам мен халыққа қажет десеңіз;
  • елдегі жалғыз оппозициялық газетті сақтап қалуға мүдделі болсаңыз;
  • билік пен қоғамдағы оқиғалар мен жағдаяттарға байланысты балама ақпарат алып тұрғыңыз келсе;
  • қалыптасқан саяси режимді өзгертуге құштар, қуғын-сүргінде жүрген азаматтарға қатысты жай-жапсарды үнемі назарда ұстағыңыз келсе;
  • елдегі азаматтық қоғамның жай-күйіне жанашыр болсаңыз;
  • сот пен оттан таппаған ақиқат пен әділетке жүгінудің қажеттілігі туса,

«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазылу жергілікті жердегі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жүреді.

Жазылу каталогында «ДАТ»-тың ресми мемлекеттік тіркеудегі атауы «Общественная позиция» газеті деп көрсетілгенін ескертеміз.

Каталогта көрсетілген жазылу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлімшесіне баруға уақытыңыз тапшы болса, біз сізге газетке жазылудың редакция арқылы жүргізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тарату бөлімінің атына тіркелген (Дінмұхаммед Сейтқазы) +7-707-615-81-20 Каспий-голд номеріне тиісті жазылу бағасына сәйкес соманы аударасыз;
  2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді
  4. жергілікті поштаның индексі (міндетті түрде) мен тұрғылықты адресіңізді жазып жібересіз
  5. жазылу бағасы төменгі таблицада көрсетілген.

Тарату бөлімі сіздің атыңызға жазылуды рәсімдеген соң, ары кеткенде бір айдың ішінде жазылу түбіртегін сізге пошта арқылы немесе уатсаб-СМС хабарлама арқылы жолдайды.

«ДАТ»-тың ұзақ жылдарғы тұрақты оқырманы сүйікті газетіне жазылаты анық. Бірақ бүгінгі дағдарысты жағдайда бұл аздық етеді. Газетті сақтап қалу үшін, келер жылға ең кемінде 20 мың жазылушы қажет.

Әлбетте, біз жақсы түсінеміз: бір жылға жазылған сіздің 4,5 мың теңгеңізге екі-үш күндік азық-түлік сатып алуға болады. Таңдау өзіңізде – екі-үш күннің тамағын аласыз ба, жоқ әлде бір жыл бойы үйіңізге газет жаздырып алу қажет пе?

Сондықтан әр тұрақты оқырман өзінің тұрғылықты жерінде және еңбек ұжымы арасында газетке жазылу науқанын ұйымдастыруды сұраймыз.

Ол үшін:

құда-жегжатқа

дос-жаранға

көрші-қолаңға

сіз танитын әрбір әділетшіл адамға қолқа салыңыз!

БІЗДЕ ГАЗЕТТІ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ БАСҚА АМАЛЫ ҚАЛМАДЫ, АҒАЙЫН!

СОНДЫҚТАН ОСЫНДАЙ «ӨЛЕРДЕГІ СӨЗДІҢ» НАУҚАНЫН ЖАРИЯ ЕТТІК!

«DAT» медиа-жобасының редакциясы

Республиканский еженедельник онлайн