Четверг , 3 июля 2025

БОРАТСТАНДА МҰНДАЙ ДА ЖАЗА БОЛАДЫ

«Бүгін масқара сот болды. Қазақстандағы Назарбаев сотының оңғаны жоқ қой, бірақ бүгінгі сот шешімі тіпті қисынға келмейді. Бауыржан Байбек туралы, оның ұры, жемқор екені туралы фильмді /желіден/ өшірмегеніміз үшін, сот Zhanbolat Mamay екеуміздің жүргізуші куәлігімізді тартып алды. Байбек туралы фильм мен көлік жүргізу құқығының арасында қандай байланыс бар? Әлде Байбек сотқа ықпалы мен бар әкімшілік күшін көрсетпек пе?

Қош! Білгеніңді істе. Сенің ұры, жемқор екеніңді бәрі біледі, оны біз дәлелдей алдық. Сен сүйенген шіріген жүйе құлаған күнгі күйіңді әлі көреміз! Ал бізді мұндай сорақылықпен ешкім тоқтата алмайды. Күресті күлімдеп, басты тік көтеріп жалғастырамыз, тарихи жеңіс бәрібір біздің жақта!».

Бұл тәу­ел­сіз жур­на­лист Инга Иман­бай­дың жұрт­шы­лы­ққа жет­кіз­ген хаба­ры. Иә, дәл солай, қазақ елінің соты Жан­бо­лат еке­уінің авто­көлік жүр­гі­зу­шісі куәлі­гін алып қою тура­лы шешім шығарған. Көшенің кәдім­гі бұза­қы­сы сияқты «шпа­на­лық» шешім шығарған соты бар елді қалай «Борат­стан» деп атамайсың?!

«Азатты­ққа» сіл­те­ме жасап, болған «борат­тық бол­мыстың» тігісін жазып айтар бол­сақ, «16 қара­ша­да Алма­ты­ның Әуе­зов аудан­дық соты сая­си бел­сен­ді Жан­бо­лат Мамай мен жур­на­лист Инга Иман­бай­ды жүр­гі­зу­ші куәлік­тері­нен уақыт­ша айыр­ды. Бұған дей­ін жеке сот орын­да­у­шы­ла­ры «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек тура­лы видео­ны өшіру­ден бас тар­тып, сот шеші­мін орын­да­маған Жан­бо­лат Мамай мен оның әйелі Инга Иман­бай­дың үсті­нен сотқа шағым түсіріп, жау­ап­кер­лер­ді көлік жүр­гі­зу құқы­ғы­нан айы­ру­ды сұраған еді», деп жаза­ды «Азаттық».

Бұл баз­бұ­зар­лы­ққа Бай­бек­тің өтіні­ші себеп­кер болған. Бай­бек айт­ты екен деп әй-шәй­ға қара­май, сот оның сұра­ны­сын қол­ма-қол және айна-қатесіз орын­дап бер­ген. Иә, бай­бек­тер бас­шы­лық құрған Борат­стан­да мұн­дай да сот жаза­сы бола­ды екен!

Cудья Толқын Дала­ба­е­ва­ның сөзін­ше, Инга Иман­бай­дың 2007 жылы алған жүр­гі­зу­ші куәлі­гі 10 жылға беріліп, 2017 жылы уақы­ты өткен. Тиісін­ше мерзі­мі өтіп кет­кен куәлік­тен айы­ру мүм­кін емес, бірақ Иман­бай жаңа куәлік те ала алмай­ды. Ал Жан­бо­лат Мамай жарам­ды жүр­гі­зу­ші куәлі­гі­нен уақыт­ша айырылды.

Мұны сая­си тап­сы­ры­спен орын­далған іс деп баға­лаған бел­сен­ділер апел­ля­ци­я­лық шағым түсір­мек­ші. «Бұл жер­де ешқан­дай да әділ­дік­ті, шын­ды­қты көріп тұрған жоқ­пын. Сот шеші­мін орын­да­маға­ны үшін жүр­гі­зу­ші куәлі­гі­нен айы­ру бұрын-соң­ды бол­маған. Али­мент үшін, не бол­ма­са /арақ/ ішіп алып көлік жүр­гіз­гені үшін, өрес­кел заң бұзып, жол көлік апа­ты­на қатыс­саң – жүр­гі­зу­ші куәлі­гі­нен айы­руы мүм­кін. Бірақ сот шеші­мін орын­да­ма­ды деп куәлік­тен айы­ру – бол­маған. Бұл сая­си тап­сы­ры­спен жасалған сот про­цесі», – деді Жан­бо­лат Мамай.

Біздің тіл­ші­міз бұған дей­ін Жан­бо­лат Мамай­мен сұх­бат­тасқан еді. Дем­пар­тия жетек­шісі желі­ге жүк­тел­ген фильм­ді өшір­мей­мін деді. Ол БҰҰ-ның адам құқы­ғы бой­ын­ша коми­тетіне де ары­здан­бақ, «егер коми­тет Бай­бек адал екен, сен­дер­дікі жөн бол­мап­ты» десе ғана өшіру­ге бола­ды», – дей­ді Жан­бо­лат Мамай.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн