Четверг , 3 июля 2025

Қатыгездік ҚҰРБАНЫТӨРТ ӨМІР

Үш бала­сы­мен тере­зе­ден секіріп, қаза болған әйел­дің өмір­ден шар­ша­дым дегені – от басы, ошақ қасын­дағы мәсе­ле ғана емес. Бұл – қоғам­ды үміт­сіздік, торы­ғу жай­лаған­ды­ғы­ның белгісі.

«Үміт­сіз – шай­тан ғана». Мына тұр­мысы­мы­здың жуық маң­да өзгер­мей­тіні, алда жай­лы өмір, жарқын бола­шақ жоқ екені шай­тан бол­май-ақ түсінік­ті ғой. Итшіле­ген өмір­ден, кедей­шілік­тен, әділет­сіздік­тен, жемқор­лы­қтан шар­шап, амал жоқты­қтан өле алмай жүр­ген үміт­сіз­дер осы күні өте көп.

Халы­қты үміт­тен­ді­ру, алға жете­леу, ертең­гі күн­ге сен­ді­ру – билік­тің бірін­ші мін­деті. Халық құрғақ сөз, жалаң уәде­ге емес, нақты іске сенеді. 

Жемқор­лы­қ­пен күре­сем дедің бе – күрес, ата­сы­на нәлет! Шеті­нен қама, сот­та, айдап жібер. Туы­сқа­ны­ң­нан баста.

Сая­си рефор­ма жасай­мын дедің бе? Жаса! Андақ-мұн­дақ, қырық сыл­тау айт­па. Халы­қтың өз еркін өзіне бер.

Әле­умет­тік әділет орна­там дедің бе? Орнат! Мем­ле­кет­ті сорып оты­рған­дар­дың көмей­іне дәу ағаш қада да, халы­қтың Құдай бер­ген несі­бесін өзіне әділет­ті бөліп бер.

Билік осы үш нәр­сені істе­се, халы­қта үміт­сіздік бол­мас еді, бей­біт күн­де әйел­дер сәби­лерін құшақтап, тере­зе­ден секір­мес еді.

Осы­ған көп ақыл керек пе, билік? 

Осы қиын ба, билік? 

Ел басқа­ру қиын деп қорқыт­паң­дар­шы тек. Қиын бол­са, тас кене­дей жабыспай, тере­зе­ден баяғы­да секіріп кетер едіңдер.

Ертең, арғы күні, 2050 жылы деп алда­у­сы­ра­ту­дың да кере­гі жоқ! 

Біз билік қала­са, бүгін істей ала­ты­нын бес сәби өртен­ген­де көше­ге шыққан әйел­дер­дің алды­на түсіп, жік-жіпар болған кезін­де көргенбіз.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ

Бет қатталып жатқанда:

Үш бала­сын 9‑қабаттан лақты­рып, өзі де секіріп өлген жас келін­шек­тің өлі­міне қаты­сты түр­лі пікір­лер мен жора­мал­дар айты­лу­да. Қалай болған­да да, бұл бүгін­гі қатыг­ез қоғам­да пай­да болған қасірет­тен туған өлім. «Бала­лар­дың әкесі жазы­қты екен…» деген қаңқу сөздің аста­рын­да да қожы­раған қоғам­ның кінәра­ты жатқа­ны тағы аян. Ал төрт бір­дей өмір­ді алып кет­кен ажал­дың ақ-қара­сы – пен­де­шілік­тің сөзі. Жуық күн­дері тер­геу орын­да­ры бұл қара­лы оқиға­ның жай-жап­са­рын аны­қтай­ды деген ойдамыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн