Четверг , 15 мая 2025

ШАЛ ТЫНЫШ КЕТПЕДІ

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, жур­на­лист, қоғам қайраткері

30 жыл­дық жеке-дара билеп-төсте­удің зардаб­ын тар­тқан халық бір күн­де дүр көтеріл­ді. Сығым­далған газ баға­сы­ның қаңтар­дан бастап екі есе­ге өсуі батыс аймақтағы тұты­ну­шы­лар­дың ашу­лы нара­зы­лы­ғын туғы­зды. Сан мың адам­дық толқу Жаңаө­зен­де бастал­ды. Маңғы­стау облы­сы толық қол­да­ды. Аты­рау мен Ақтө­бе, Алма­ты және Аста­на, Қызы­лор­да, Пав­ло­дар, Қараған­ды халқы алаңға шықты. 

Бей­біт жиын­дар­дың басты талап­та­ры – Н.Назарбаевты, оның сыбай­ла­стық пен жемқор­лы­ққа, сатқын­ды­ққа негіз­дел­ген, ұрлық-қар­лы­ққа батқан жүй­есін кеті­ру. Елде шын мәнін­де­гі сая­си өзгеріс жасау. Демо­кра­тия мен аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорғау.

Бұрын бұл талап­тар­ды қой­ғы­з­бау үшін, халы­қты митин­гі­ге шығар­ма­ды. Бей­біт жиын­дар тура­лы «аба­ев­тық» заң жақ­сы­лық әкел­меді. Пре­зи­дент­тің «алдын ала ескер­ту жасап, бей­біт жиын­дар өткізу­ге бола­ды» деген сөзі дала­да қал­ды. Әкім­шілік­те­гілер түр­лі сыл­та­у­лар­мен митинг өткізу­ге келіс­пе­ді. Халық сон­ды­қтан ондай заң­ды қажет­сін­беді. Өз бет­терін­ше әре­кет етті. Мұны жер­гілік­ті билік заң­сыз деп таны­ды. Поли­ция қоғам бел­сен­ділерінің үйін торуыл­да­ды. Сыр­тқа шыққан сәт­те заң­сыз ұстап әкет­ті. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­мен қатар алаңға шығу­шы­лар­ды да әкім­шілік жаза­ға тарт­ты. Қыл­мыстық іс қозға­ды, сот­та­ды. Олар­дың туы­ста­ры мен жақын­да­ры­на қысым көр­сет­ті. Отба­сы­на үрей туғы­зды. Аза­мат­тар­дың сая­си ұйым­дарға бір­ле­суіне тосқа­уыл қой­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ла­рын аяққа тап­та­ды. Мұның бәрі аза­мат­тар­ды қат­ты ашын­дыр­ды. Мем­ле­кет­тік орган­дар­ды адам­дарға жек­көріні­шті етті, жау санат­ты. Әкім­шілік, сот, поли­ция ғима­рат­та­ры­на шабуыл жасаған аран­да­ту­шы­ларға бей­біт адам­дар­дың қосы­лып кетуінің себебі осында.

Митин­гілер­ге тый­ым салу­дың соңы ауыр зардап­тарға ұрын­дыр­ды. Бұл – пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың «ести­тін үкі­мет­ті» құра алмаған­ды­ғы­ның дәлелі. Назар­ба­ев­шыл билік «шал, кет!» деген ұран­нан өлер­дей үрей­лен­ген еді. Ақы­рын­да қалың қауым­ның көше­ге шығуы­мен күй­реп тын­ды! Өкіні­штісі – жүз­ден астам отба­сы­на қай­ғы-қасірет әкел­ген қан­ды қырғын орын алды. Төрт жастағы сәби, он екі­ге тол­маған бүл­дір­шін, сту­дент, еңбек­ші жастар, орта жастағы­лар, ана­лар мен әке­лер оққа ұшты. Жарақат алған­дар қан­ша­ма! Бей­біт шеру­ге қаты­сқан бір­не­ше ондаған мың халы­қтың орта­сы­на кіріп, аран­да­ту жасаған арнайы топ әлдекім­дер­дің жауы­здық тап­сыр­ма­сын осы­лай орын­да­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, поли­цей­лер­дің алаң­дар­ды тазар­ту үшін атқан оқта­ры­нан өлген­дер мен жара­ланған­дар да жет­кілік­ті. Бей­біт халық осы­лай­ша лаң­кестер­ден, әрі күштік құры­лым­дар­дан жапа шекті.

Соңғы кез­дер­де­гі оқиға­лар, деректер Қаза­қстан­дағы сорақы жағ­дай­дың нелік­тен орын алған­ды­ғын айғақтай­ды. Мәс­ке­у­ге – Крем­ль­ге, бір жиы­нға Н.Назарбаев пен Қ.-Ж.Тоқаев екі бөлек ұшақ­пен бар­ды. Ара­ла­рын­дағы келіс­пе­ушілік­тің, қай­шы­лы­қтың төрелі­гін айтуға Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның бас­шы­сы В.Путинге жүгін­се керек. Ол алға­шқы­сы­на емес, кей­ін­гісіне құр­мет пен сенім біл­дір­ді. Билік­ке талас бастал­ма­са, тыны­штық бұзыл­мас еді.

1986 жылы Кремль Қаза­қстанға бас­шы­лы­ққа Г.Колбинді жібер­ді. Жел­тоқ­сан оқиға­сы бұрқ етті. Оның ең басты ұйым­да­сты­ру­шы­сы ретін­де күдік­ке қалған­ның бірі – Н.Назарбаев. Ең жоғарғы лау­а­зым­нан қағы­лған билікқұ­мар пен­де қызға­ны­штан лаң салуға дей­ін бара­ды. Жаңа бас­шы­ға халы­қты қар­сы қой­ып, өш алу неме­се оның аре­на­дан кетуін жедел­де­ту үшін де осын­дай қастық жаса­ла­ты­ны анық. Басы­нан бағы тай­ған сәт­те кәрі ары­стан да күшіне кір­ген ізба­са­рын қауып қалу­дан тай­ын­бай­ды. Қажет­сіз бола бастаған «елба­сы» ескі әдет­пен ерсі әре­кет­ке барған жоқ па? Оны өз «ізба­са­ры» Ұлт­тық қауіп­сіздік кеңесінің төраға­лы­ғы­нан босат­ты. «Мәң­гілік» лау­а­зым­нан ешқан­дай құр­мет көр­сет­пе­стен, дереу кетір­ді. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы бас­шы­лы­ғы­нан мадақ сөз арнап шыға­рып сал­са, енді оның бірін де жаса­ма­ды. Бұл – кеті­судің көрінісі. Бәл­кім, кек­ті кетісу.

Тосын­нан басталған (мүм­кін, күн ілгері жос­пар­ланған) ала­пат митин­гілер­ді назар­ба­ев­шыл­дар жағ­дай­ды өзгер­ту үшін пай­да­ла­нуы да ықти­мал. Сақал­ды лаң­кестер­дің қан­дай діни ағым­ды ұста­на­ты­ны бел­гілі. Олар­дың қол­да­у­шы­ла­ры мен қожа­ла­ры­ның кім екен­ді­гі қазақ жұр­ты­на мәлім. Назар­ба­ев­тың неме­ре туы­сы Қай­рат Саты­бал­ды­ның солар­мен бай­ла­ны­сы­ның бар екен­ді­гін ешкім жоққа шығарған жоқ. Ерте­ден дай­ын­дап қой­ған сол күш­тер­ді алмағай­ып сәт­те іске қосты. Поли­ция бөлім­деріне, қару-жарақ қой­ма­ла­ры­на, дүкен­деріне, әкім­шілік ғима­рат­та­ры­на шабуыл жасау, қира­ту, ату – солар­дың ісі. Олар­дың қожа­сы, тап­сы­рыс беру­шілер кім­дер екенін билік­те­гілер біледі. Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Самат Әбі­шев қыз­мет­тен кетіріл­ді. Ол назар­ба­ев­тың ықти­мал мұра­гер­лерінің бірі саналған. Қ.Сатыбалды мен С.Әбішев күдік­тілер қата­рын­да бар ма, жоқ па? Егер олар­дың лаң­кестер ісіне қаты­сы бол­ма­са, нелік­тен бұл сұрақтың жау­а­бы айтыл­май­ды? ҰҚК-нің басты­ғы Кәрім Мәсі­мо­вты мем­ле­кет­ке қастан­дық жасау қыл­мыстық бабы­мен айып­та­ды. Оны тұтқын­датқан пре­зи­дент әлгі еке­уінің алдын­да неге дәрменсіз?

Ішкі істер мини­стрі мін­детін атқа­ру­шы Ерлан Тұрғын­ба­ев­тың қыз­мет­тен шет­тетіл­ме­уі мүл­де түсініксіз. Ол сон­ша­ма жаудың ел ішін­де жүруіне,сырттан келуіне мүм­кін­дік бер­ді. Сой­қан салға­ны­на кедер­гі кел­тір­меді. Қоғам бел­сен­ділері мен қара­пай­ым халы­қты ұста­тып, қама­тып, аңды­тқан, құқы­ла­рын аяққа тап­татқан бұл министр кім­ге қыз­мет ете­ді? Алаңға жиналған 25–30 мың­дай бей­біт халы­қтың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етпе­ді. Керісін­ше, олар­ды гра­на­та­лар­мен тар­сыл­да­та атқы­латқы­зды. Газ­бен улап, қыспаққа алды. Лаң­кестер тобы­нан қорға­удың орны­на екі оттың орта­сын­да қал­дыр­ды. Поли­ция өзін көп­шілік­ке қар­сы­лас етіп көр­сет­се, лаң­кестер, «жабайы Арман­дар», керісін­ше, жиналған жұрт­тың жақта­у­шы­сы сияқты көрін­ді. Сон­ды­қтан да мың­даған адам аз сан­ды олар­дың бұза­қы­лық әре­кетін баста­пқы­да түсін­бей қалды.

Назар­ба­ев­тың өзі қай­да? Мем­ле­кет­тік төң­керісті ұйым­да­сты­руға оның қаты­сы жоқ па? «Мәң­гілік көмек­шісі» саналған К.Мәсімовтың отанға опа­сыздық жаса­уын ол қалай түсін­діреді? Ең сенім­ді, ұзақ жыл­дар­дан сыралғы сері­гінің дұшпан­дық әре­кет­терін біл­мей жүр­ген бе? Әлде ол сатқын­дық істер­ді «елба­сы­ның» тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша атқарған ба? Бұл сұрақтарға бұры­нғы пре­зи­дент­тің өзі жау­ап беруі тиіс. Халық алдын­да және шұғыл түр­де. Мем­ле­кет­ке төн­ген нақты­лы қатер сон­да анықталады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн