Пятница , 4 июля 2025

Назарбаевтың Ұлыбританияда 8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР бизнес империясы анықталды

  • Экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Ұлы­бри­та­ни­ядағы 8 мил­ли­ард дол­лар активі бар биз­нес ком­па­ни­я­сын қазір кім басқа­ра­ды? Өткен апта­да Батыс басы­лым­да­ры осын­дай сұраққа жау­ап ізде­ген еді.

Британ­дық Telegraph басы­лы­мы «Қаза­қстан­ның бұры­нғы дик­та­то­ры» Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Ұлы­бри­та­ни­яда тір­кел­ген ком­па­ния арқы­лы мил­ли­ард­таған дол­лар активі бар биз­нес-импе­ри­я­ны басқарға­нын жаза­ды. Жур­на­ли­стік зерт­те­улер бюро­сы­мен бірі­гіп жасаған зерт­теу Назар­ба­евқа қаты­сы бар қор­лар Лон­дон­дағы Jusan Technologies ком­па­ни­я­сы арқы­лы 7,8 мил­ли­ард дол­ларға тең актив­тер­ді басқарға­нын аны­қта­ды. Басы­лым­ның мәлі­метін­ше, «биз­нес импе­рия был­тыр қай­та құры­лым­да­нып, енді АҚШ-тан басқарылады».

Ұлы­бри­та­ни­ядағы ком­па­ни­я­лар­ды тір­кей­тін пала­тағаJusan Technologies жібер­ген есеп­ке қараған­да, 2020 жылы ком­па­ни­я­ның небәрі бір қыз­мет­кері болған. Бірақ бұл ком­па­ния сауда үйлері, қар­жы қыз­меті, теле­ко­му­ни­ка­ция мен мака­рон өндіретін фаб­ри­каға дей­ін тарам­да­лып кет­кен үлкен халы­қа­ра­лық биз­не­сті қамтыған.

Бұған дей­ін жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы (OCCRP), қаза­қстан­дық Vlast.kz пен қырғыз­стан­дық Kloop.kg Назар­ба­ев қоры­на тиесілі актив­тер­де 7,8 мил­ли­ард дол­лар барын аны­қтаған.

Telegraph Вла­ди­мир Путин­нің жақын одақ­та­сы сана­ла­тын Назар­ба­ев­тың Ұлы­бри­та­ни­ядағы ком­па­ния арқы­лы актив­тер­ді басқарға­ны Бри­тан үкі­метінің шығу төр­кіні бел­гісіз ақша­мен күре­се­міз деген уәдесіне наза­рды қай­та бұра­ды деп есептейді.

Еске сал­сақ, лей­бо­ри­стер пар­ти­я­сы­ның депу­та­ты Мар­га­рет Ходж Бри­тан пар­ла­мен­тінің 3 ақпан күн­гі оты­ры­сын­да Назар­ба­ев актив­тер­ді құпия басқа­ру үшін Jusan Technologies ком­па­ни­я­сы арқы­лы қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­на иелік еткенін мәлім­де­ген. Ходж осы­лай­ша Қаза­қстан­дағы жемқор­лы­қтың өршуіне Ұлы­бри­та­ния да үлес қосып, жемқор эли­та­ның заң­сыз ақша­сын сол елде сақтап, жұм­сап оты­рға­ны­на көз­жұм­бай­лы­қ­пен қарап кел­генін айтқан. Ол жиы­нға кел­ген Ұлы­бри­та­ния Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің өкілі­нен Назар­ба­ев пен оның туы­ста­ры­на және оли­гарх­тарға санк­ция салу­ды сұраған.

Назар­ба­ев­тың қор­ла­ры Jusan Technologies-ті Қаза­қстан­да тір­кел­ген Pioneer Capital ком­па­ни­я­сы арқы­лы басқарған. Ал Pioneer Capital-ға Назар­ба­ев басқарған үш қор иелік еткен.

Назар­ба­ев қоры­ның заң­ды өкілі, АҚШ-тағы Boies Schiller Flexner заң­гер­лік ком­па­ни­я­сы Jusan-ға мен­шік ету құқы­ғы АҚШ-тағы ком­мер­ци­я­лық емес ұйы­мға қай­ы­рым­ды­лық көмек ретін­де 2021 жыл­дың соңы­на дей­ін өткенін мәлім­деді. Нәти­же­де Jusan-ның қазір­гі иесі Jysan Holdings ком­па­ни­я­сы, ал оған өз кезе­гін­де NU Generation қоры ком­мер­ци­я­лық емес тобы иелік етеді.

Басы­лым Назар­ба­ев билі­гі тұсын­да, 2013–2016 жыл­дар ара­лы­ғын­да білім және ғылым мини­стрі қыз­метін атқарған Аслан Сәрін­жі­пов NU Generation қоры­ның пре­зи­ден­ті екеніне назар аударады.

Boies Schiller заң­гер­лік ком­па­ни­я­сы жаңа мен­шік иесіне қаты­сы бар адам­дар мен ұйым­дар­дың Назар­ба­ев­пен ешқан­дай бай­ла­ны­сы жоқ екенін, ком­па­ния Назар­ба­ев уни­вер­си­теті мен білім беру сала­сын­дағы басқа жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ра­ты­нын жет­кіз­ген. Jusan-ның был­тыр қазан­дағы есебіне қараған­да, оның жал­пы актив­тері 7,8 мил­ли­ард дол­ларға тең. Бұл актив­тер Қаза­қстан­дағы банк, теле­ком­му­ни­ка­ция мен басқа да биз­неске тиесілі.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн