Пятница , 4 июля 2025

АҚ  ЖОЛ ТІЛЕЙМІН!

  • Жары­ққа шыққа­ны­на ширек ғасыр тола­тын «ДАТ»-пен таны­сты­ғы­ма, оның оқыр­ма­ны болға­ны­ма да осын­ша уақыт­тың жүзі болды.

Оның екі себебі бар. Бір жағы – ең алға­шқы саны­нан бастап шыға­рып, оның ысты­ғы­на күй­іп, суы­ғы­на тоңып, үзіліс­сіз шыдап, адал­дық таны­тып келе жатқан басы­лым­ның бас редак­то­ры Ермұрат іні­міз­бен бір кез­дері Шығыс Қаза­қстан облы­стық «Ком­му­низм туы» (қазір­гі «Дидар») газетін­де біраз жыл­дар қыз­мет­тес бол­дық. Екін­ші жағы­нан – газет­тің маз­мұн­ды­лы­ғы, тереңді­гі, көп­шілік қауым­ның көкей­ін­де­гіні дөп баса­тын өткір­лі­гі, өзек­тілі­гі достастырды.

Мен қара­пай­ым, қатар­дағы оқыр­ма­ны ретін­де «ДАТ» газетін, редак­ция ұжы­мын басы­лым­ның 25 жыл­дық мерей­той­ы­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтап, шығар­ма­шы­лық жетістік­тер тілей­мін! Көп­шілік­тің көкей­ін­де­гі өзек­ті мәсе­ле­лер­ді көте­ре беріңіз­дер, қалам­да­ры­ңыз мұқал­ма­сын! Елі­міз, мем­ле­кеті­міз осын­дай тәу­ел­сіз, оппо­зи­ци­я­лық газет­тер­ді де өгей­сіт­пей, қуда­ла­май, басқа басы­лым­дар­мен бір­дей дең­гей­де оқуға мүм­кін­дік берер заманға жет­се деген тіле­гім бар.

Оған, әрине, сіз­дер­дің газет­теріңіздің қосып келе жатқан, әлі де қоса­тын үле­стері ерекше мол. Бұған дәлел ретін­де өзім­нің жеке архивім­де сақталған кей­бір номер­лерінің сурет­терін жол­дап отыр­мын (өзі­ме өте ұнаған сан­да­рын сақтап қоя­тын әдетім бар). Мәсе­лен, «СолДАТ»тың 1999 жылғы қазан айын­да шыққан 15-номерін­де «Қаза­қи билік­тің маза­қи демо­кра­ти­я­сы» деген айдар­мен сол кез­де­гі ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісі сай­ла­у­ы­ның қалай өтіп жатқа­ны жай­лы «депу­тат­тар­дың сай­ла­нып емес, билік­тің пәр­мені­мен тағай­ын­да­лып жатқан­ды­ғы» нақты дәлел­дер­мен ашы­на жазылған.

2005 жылғы 15 қыр­күй­ек­те­гі 36-санын­да («Жұма-Таймс» газетін­де) «Швей­ца­рия банк­терін­де бұғат­талған Қаза­қстан­ның ақша­сын қалай қай­та­ру керек?» деген бүгін­ге дей­ін өзек­ті болып келе жатқан тақы­рып көтеріл­ген. Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың («Бед­ность наро­да – порок вла­сти»), Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің («Пятая ход­ка во власть»), Әке­жан Қажы­гел­дин­нің («Вме­сте мы побе­дим») өткір мақа­ла­ла­ры жарияланған.

Құр­мет­ті редак­ция! «ДАТ» жоба­сы­ның мерей­той­ы­мен  құт­ты­қтай оты­рып, осы­мен екін­ші рет (1999 жылы сай­ла­у­ға түсіп, өңір­лік билік­тің «көме­гі­мен» дауыс пай­ы­зы «жет­пе­ген» еді) пар­ла­мент мәжілісінің дода­сы­на түсіп оты­рған бас­шы­ла­ры­ңыз, әріп­тес іні­міз Ермұрат Бапиға бұл жолы сәт­тілік, ақ жол тілейміз!

Айт­мұ­хам­бет ҚАСЫМҰЛЫ, фото­сы сенің уатсабыңда.

жур­на­лист-жазу­шы, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кандидаты, 

Өске­мен қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн