Суббота , 5 июля 2025

«Алаңда атылғандар ісі» НЕГЕ СОТҚА ЖЕТПЕДІ?

  • Был­ты­рғы қан­тө­гісте­гі ең қай­ғы­лы оқиға­лар­дың бірі – 6 қаңтар­да Алма­ты­ның орта­лық алаңын­да қару­сыз тұрған демон­странт­тарға жөн-жосы­қ­сыз оқ жауды­ру бол­ды. Қаза­қстан билі­гі «мем­ле­кет­тік төң­керіс­ке тал­пы­ны­стың жолы кесіл­генін», тіп­ті «мем­ле­кет үлкен сынақты еңсер­генін» тын­бай қай­та­лаға­ны­мен, тәр­тіп­сіздік­тер болған күн­нің ертесіне елде­гі ең ірі қала­ның қақ орта­сын­да не болға­нын әлі күн­ге айт­пай отыр.

6 қаңтар­дың тұман­ды кешін­де Алма­ты­ның орта­лық алаңын­да аты­лған адам­дар­дың қаза­сы бой­ын­ша қозғалған бір­де-бір іс сотқа жет­пе­ді. Күш құры­лым­да­ры қыз­мет­кер­лерінің бей­біт халы­ққа атқан оғы­нан қан­ша адам мерт болға­ны бел­гісіз. Куә­гер­лер алаң­да не болға­нын айтып, оқ атқан­дар­дың қыл­мысын дәлел­дей­тін айғақтар ұсын­са да, Ақор­да бей­біт демон­странт­тарға қар­сы қару қол­да­ны­лға­нын жоққа шыға­рып отыр. Жақын­да пар­ла­мент­те Қаңтар оқиға­сы жай­лы ресми мәлім­де­ме жасаған бас про­ку­рор да бұл тақы­рып­ты мүл­де қозғамады.

«Уақыт емші деп жата­ды ғой. Емде­мей­ді екен. Әлі жүре­гім ауы­ра­ды. Жара­ның орны жазы­лған жоқ…». Томи­рис Изгут­ди­но­ва бір жыл бұры­нғы оқиға­ны есіне алған сай­ын, еріксіз жылай береді. Қаңтар қырғы­ны 20 жастағы бой­жет­кен­ді бір кеш­те ана­сы­нан айы­рып, өмірін астан-кестен қылды.

Кеудесін екі оқ тесіп өткен. Аза­мат­тық бел­сен­ді Нұрә­лия Айтқұ­ло­ва 2022 жылғы 6 қаңтар­да Алма­ты­ның қақ орта­сын­да көз жұмды.

Сол күні жүз­де­ген адам Рес­пуб­ли­ка алаңы­на жиналған еді. Халық ешкім­ге соқты­қ­пай, өзін бей­біт ұстаған. Бір күн бұрын болған бүлік кезін­де әкім­дік ғима­ра­ты өртеніп, пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы бүлін­ген. Әртүр­лі жастағы адам­дар билік­ке қоя­тын талап­та­рын қағазға түсір­ген. Ара­сын­да «пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев отстав­каға кет­сін», «бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев билік­тен алы­ста­тыл­сын», «ҰҚШҰ әскерін елге кір­гіз­бесін» деген талап­тар бол­ды. Тәу­ел­сіздік мону­мен­ті алдын­да от жанып жат­ты. Жиналған­дар сол жер­де тамақ дай­ын­даған. Нұрә­лия да ошақ басын­да жүр­ген еді.

Кеш­кісін қолы­на «Тер­ро­рист емес­піз, қара­пай­ым халы­қ­пыз» деген жазуы бар үлкен мата ұстаған бей­біт адам­дар алаң­да тізіліп тұр­ды. Олар ақ матаға қара боя­у­мен жазы­лған сөз­дер пре­зи­дент Тоқа­ев­тың құлағы­на жете­ді деп сен­ген. Мем­ле­кет бас­шы­сы қалаға «20 мың тер­ро­рист» шабуыл жасаға­нын айтып, төтен­ше жағ­дай режи­мін енгіз­ген еді.

Қас қарая алаңға әске­ри көлік­тер келіп, сол жер­де тұрған халы­ққа бір­ден оқ ата бастаған. Нара­зы­лар жан-жаққа быты­рай қашқан. Тірі қалға­ны көз алдын­да көп адам­ның құлаға­нын көр­ген. Қару­лы әскер жара­лы адам­дарға көмек­тесіп жатқан­дар­дың үсті­нен оқ жаудырған.

Түн­де үкі­мет «қала аумағы қыл­мыстық топ­тар­дан тазар­тыл­ды» деп есеп берді.

Бел­сен­ді Нұрә­лия Айтқұ­ло­ва (сол жақта) мен қызы Томирис.
Алаң­да аты­лған­дар­дың бірі – Жомарт Байт­ха­нов. (кесіп ал)
Рус­лан Қуат 6 қаңтар­да алаң­да атыл­ды. Оның көлі­гіне Рес­пуб­ли­ка алаңы маңын­да оқ жаудырған
Ермек Кебек­ба­ев 6 қаңтар­да Алма­ты­да қаза тап­ты. Ол айдап келе жатқан жеңіл авто­көлік тұтқиыл­дан аты­лған оқ астын­да қалған. Сурет­те Ермек әйелі Ақто­ты­мен бір­ге.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн