Суббота , 5 июля 2025

АҚИҚАТТЫҢ ақсұңқарынан АЙЫРЫЛДЫҚ

Аста­на жақтан Жұма­би­ке қай­тыс болып­ты деген қай­ғы­лы хабар келді…

Сене алма­дым демей­ін, ауы­рып жүр­генін білу­ші едім… Бірақ жалғыз өзі сірі жанын шүбе­рекке түй­ген­дей болып, тас-түй­ін жүретін Жұма әпе­кем асы­ғыс кетіп қала­ды деп кім ойлаған?! Жан-жағы­на деген жана­шыр­лы­ққа жаны толы, әлсіз­ге әділет ізде­ген жігері берік адам­дар да бір күні өмір­ден кететіні өкінішті-ақ!

Жаңыл­ма­сам, 2007 жыл болуы керек, «Эпо­ха» газеті жабы­лған соң, Жұма­би­ке Жүні­со­ва «ДАТ»-тың сол кез­де­гі жоба­сы «Тасжарған» газетіне кел­ді. Бұған дей­ін бір­не­ше басы­лым­да жор­нал­шы­лық жан­ке­шті жол­дан өткен, «Инду­стри­аль­ная Кара­ган­да» сияқты азу­лы газет­те шың­далған тәжіри­белі қалам­гер­ді бір­ден редак­ци­яға қабыл­да­дық. Шолу­шы бол­ды, бөлім басқар­ды, газет­тің аста­на­лық тіл­шілер қосы­ны­на жетек­шілік етті. Содан 2018 жылы зей­нет дема­лы­сы­на кет­кен­ге дей­ін «ДАТ»-тың дауыл­паз жор­нал­шы­сы бол­ды. Әділет­тің жар­шы­сы, сот тақы­ры­бы­на жазу­дың тең­дес­сіз шебері еді.

Бұдан екі ай бұрын хабар­ла­сты: «Сырқат­та­нып жүр­сем де, әділет іздеп, қолқа сала кел­ген ағай­ын­ның бетін қай­та­ра алма­дым, мені іздеп кел­ген адам­ның тағ­ды­ры­на арнап жаза­рым бар» деген-ді. Сон­дағы Жұма­би­ке жазған сот очер­кін газет­тің үш нөміріне бер­дік. Ара­да бір ай өткен­де, ескі жыл­дың соңы­на тақау: «Суд закон­чил­ся, как все­гда, спра­вед­ли­вость потер­пе­ла пора­же­ние, напи­шу очерк-резю­ме на пер­вый ново­год­ний номер, дай мне поло­су?!» – деді Жұма­би­ке жабы­рқау үнмен.

«Әрине, әрдай­ым сен үшін газет беті дай­ын», – дедік біз…

Газетің сені күтіп тұр, Жұма­би­ке! Бірақ бұл нөмір­ге сенің ағай­ы­нға ара­ша іздеп жазға­ның емес, сен тура­лы қаза­на­ма жари­я­ланға­ны өкіні­шті… Сен «ДАТ»-тың тарихын­дағы даңқты жор­нал­шы ретін­де біздің зер­де­міз­де мәң­гі сақталасың!

Қош, ақиқат­тың ақсұңқары!

Ермұрат БАПИ

  • Сурет­те (Каз­ТАГ) Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Жұма­би­ке Жүні­со­ва «ДАТ»-тың аты­нан Вашинг­тонға (АҚШ) арнайы сапар­мен барған сәті (2011 ж.).

Светлая память СВЕТЛОЙ ДУШЕ!

Хруп­кая и силь­ная Жума­би­ке каж­дую чело­ве­че­скую судь­бу, кото­рую она иссле­до­ва­ла, пере­жи­ва­ла, как свою. Абсо­лют­ная вера в дол­жен­ство­ва­ние три­ум­фа прав­ды, спра­вед­ли­во­сти дви­га­ло ее посто­ян­но к новым рас­сле­до­ва­ни­ям. Она горе­ла в рабо­те. По ее рабо­те в газе­тах мож­но, навер­ное, соста­вить учеб­ник для моло­дых журналистов.

В моей исто­рии она сво­им при­сут­стви­ем на каж­дом засе­да­нии суда и пуб­ли­ка­ци­я­ми была как луч све­та для меня, моей семьи, для всех, кто пере­жи­вал за меня.

Свет­лая память свет­лой душе!

Анар МЕШИМБАЕВА,

экс-пред­се­да­тель Агент­ства по ста­ти­сти­ке РК 2007–2009 гг.

  • «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі Жұма­би­ке Жүні­со­ва­ның мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры мен етжақын ағай­ын­да­ры­на қай­ғы­рып көңіл айта­ды. Ардақты әріп­тесі­міздің жатқан жері жарық, мәң­гілік мекені жұмақ болсын!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн