Пятница , 4 июля 2025

БӘРЕКЕЛДІ!

Қалам­гер Аза­мат Ермұрат Бапи­дың сай­ла­уда жеңіс­ке жетіп, Пар­ла­мент мәжілісіне депу­тат болға­ны­на мен де қуан­дым. Қазе­кем­ше айтқан­да: «Жор­тқан­да жолың бол­сын, жол­да­сың Қызыр бол­сын», Ермұрат!

Жалға­сып жатқан Н.Назарбаев дәуірін­де­гі бұл жолғы сай­лау да әділ өткен жоқ. Мені­мен туыс, таныс, көр­ші тұра­тын сай­ла­у­шы­лар­дың көбі небір «хика­ят­тар­ды» айтып жүр. Билік­тің өзі де қай округ­те дауыс беру бары­сын­да бұр­ма­ла­у­шы­лы­ққа жол бер­ген комис­сия мүше­лерінің неше­уі жау­а­пқа тар­ты­лға­нын хабар­ла­ды. Ал билік­тің шабар­ман­да­ры болып алған «жазғы­штар»: «Халы­қа­ра­лық пәлен бақы­ла­у­шы, түг­лен бақы­ла­у­шы сай­ла­удың халы­қа­ра­лық тала­пқа сай өткенін айт­ты», – деп мәз.

Ермұрат, әрқа­шанғы­сын­ша, өзіне сенім артқан халы­қтың сөзін сөй­лей­ді, бере­кесіз билік­тің бұры­сты­қта­рын анық, ашық айта­ды деп білем. Бірақ әріп­те­стерінің ара­сы­нан оны батыл жақтай­тын­дар аз бола­ды-ау… Жоғарғы­лар­дың жоба­сы­мен сай­ланған­дар­дың ол жаққа тек жылы жымиып қарай­тын­да­ры­на көзі­міз жет­келі қашан! Әйт­се де, Ермұратқа өзінің халық қала­у­лы­сы екенін білетін Қызыр табы­ла­ды, түсіні­седі, мақ­сат-мүд­де­лері сабақ­та­са­ды деп ойлаймын!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн