Воскресенье , 20 апреля 2025

«DAT»-25 – фототарих

Бұлар азаматтар бізді құрмет тұтты. Біз қандай жағдайда да қиындыққа тап болып, отты-сотты болған кездерде бізді қорғап, жанымызға жылу берген ағaлар:

  • Белілі саясаткер-бизнесмен Болат Әбілов әрдайым «Даттың» жанашыры болды.
  • АҚШ елшілігі мен Еуроодақтың қолдауы арқасында біз осы күнге дейін аман-есен жеттік. Суретте – елшіліктің бір топ өкілдері газет редакциясында.
  • Қазақстан азаматтық қоғамының пайғамбары болған марқұм Серікболсын Әбділдин ағамыз бізбен бірге сотқа да барды, тойда да бірге жүрді.
  • Қазақстан оппозициясының бір серкесі – «РНПК»-ның төрағасы Ғазиз Алдамжаров редакцияға сәлем-сауқатын арқалап келуді өзінің ағалық парызы санайтын.
  • «ДАТ»-тың кезекті нөмірін тәркілеу кезі (2005 жыл. «Дәуір» баспаханасы). Бәлкім, биліктің тапсырмасымен тәуелсіз газетті тұқыртуға тырысқан бұл жігіттер бүгінде генерал шеніне жеткен шығар…
  • «ДАТ»-ты шығарған және оны аймақтарға жеткізуді азаматтық борышы санаған жігіттер.
  • Талантты журналист, «ДАТ»-тың саяси шолушысы Асхат Шәріпжанов (суретте – оң жақтан бірінші) жұмбақ жағдайда қаза тапты. Асхаттың қазасына қатысты Ермұрат Бапи былай деп жазған еді: «Мен дереу ауруханаға барғанда, Асхат сұлық жатыр екен, бірден өне бойын тексеріп, қай жерінде жарақат барына көз жүгірттім. Бір жерінде бір сызат жоқ екен. Бірақ маңдайдан тиген соққы мишығын ойып жібергенін көргенде, бұл нақақ қолдан жасалған өлім екенін білдім…».
  • Біз сот пен оттың ортасында жүріп, тойлай да, ойнай да білдік…
  • «ДАТ – Тасжарған» 2008 – 2013 жылдарғы редакция. Алдыңғы қатарда – «ДАТ»-та туған ұрпақ – Әзизә мен Құралай.  
  • Бізді мақтан тұтатындар «Үш мушкетер» деп атайтын: Бақытгүл – Кенжетай – Ермұрат. Ал ішінде қызғаныштың қызыл иті ырылдаған, көре алмайтын қазақ: «Анка – Петька – Чапай» деп кекететін.
  • «СолДАТ» газетінің редакциясы (1999 жыл). Алдыңғы қатарда оңнан үшінші отырған газет серіктестігінің бас директоры Арғынғазы Мадиянов (марқұм). «Арғын екеуіміз «ДАТ» пен «СолДАТ»-ты Ресейдің Барнаул, Жаңасібір, Қорған, Орынбор, Саратов, Астрахань қалаларында, қырғыздың Бішкегінде бастырып, газетті дала арқылы арқалап тасыған күніміз болды» деп жазған еді кейіннен Ермұрат Бапи.  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн