Пятница , 4 июля 2025

«ДАТ» және ЕРМҰРАТ

  • Ел мұра­тын арқа­лаған Ермұрат Ер-аға бастаған «Дат» газетінің 25 жыл­ды­ғы­на орай мен де осы газет­тің жана­шы­ры және осы жоба­ның газет­терінің бірі «Жұма-Таймс» газетінің бұры­нғы қыз­мет­кері ретін­де өз ойым­ды бөлі­суді жөн көр­дім.

Мен Ер-ағам­ды сонау Әке­жан аға­мыз Қажы­гел­дин ашқан ҚРХП (РНПК) пар­ти­я­сы­ның мүше­сі болған­нан бастап тани­мын. Сол кез­ден бастап осы газет­тің қан­дай қиын­ды­қ­пен шығып жатқа­нын өз көзім­мен көр­дім. Бірақ сол қиын­ды­ққа төтеп, тай­сал­май, талай қаза­қтың көзін ашып, Назар­ба­ев билі­гіне бірін­ші болып қар­сы шығып, шын­ды­қты жазған – осы «Дат» газеті болатын.

Мен «Жұма-Таймс» газетін­де ол кез­де жүр­гі­зу­ші мін­детін атқар­дым. Осы тұста менің басты­ғым әрі газет­тің құры­л­тай­шы­сы Жұмаш Кене­бай аға Көк­бөрі болды.

Ал енді «Дат» газетінің редак­то­ры Ермұрат Бапи жай­лы айта­тын бол­сам, ұжы­мға әріп­те­стер­ді таң­даған­да да шатас­паған. Атап айта­тын бол­сам, қаза­қтың қай­сар қызы Бақыт­гүл Мәкім­бай (өкініш­ке орай, бақи­лық болып кет­ті) мен Кен­же­тай Айт­ба­ки­ев. Осы 25 жыл­дың ішін­де қан­ша­ма рет билік тара­пы­нан қуда­лау, ұрып-соғу, тіп­ті соққы­ға жығы­лып, ауру­ха­на­дан табы­лған кез­дері де болған. Бақыт­гүл Мәкім­бай қарын­да­сым өзі қыз бала бол­са да, кез кел­ген еркек­тің бой­ы­нан табыл­мас ер мінезді еді. Өзі­нен кей­ін­гі жастарға, өске­лең ұрпаққа, елге, ұлтқа, тіл­ге деген сүй­іспен­шілік­ке, адам­гер­шілік­ке, пат­ри­от­тық сезім­ге деген құн­ды­лы­қты құр­мет­те­у­ге үлесін қоса­тын шәкірт тәр­би­е­ле­ген тәлім­гер деп ауыз тол­ты­рып айта аламын.

Бақан қарын­да­сым қасын­да өзі­мен бір­ге қыз­мет жасап жүр­ген Кен­жені туған інісін­дей көретін. Кен­же­ге қамқор­лы­ғы ерекше еді, тіп­ті өзі таяқ жеп жат­са да, «Кен­же­ге тиіс­пе­ң­дер!» деп, қорғап-қол­паштап жүру­ші еді. Міне, осын­дай аза­мат­тар­мен ара­ла­сып, дастар­хандас болу – мен үшін үлкен мәртебе.

Ермұрат Бапи аға­мыз депу­тат­ты­ққа өтті деген­де, қуа­ны­штан тақи­я­мы­зды көк­ке лақты­рып, қуанға­ны­мы­зды жасы­ра алма­дық. Бірақ кей­бір жастар жаға­сы­нан алып, аяғы­нан шалғы­сы келіп жатқа­ны жанға бата­ды. Өкіні­штісі – ара­сын­да кеше өзі­нен тәлім-тәр­бие алған шәкірт­тері де бар. Бұны­мен жастар­дың бәріне топы­рақ шашқым кел­мей­ді. Тек­тілі­гін көр­се­тетін жастар да аз емес, мәсе­лен­ки, Қай­рат Нұрқа­ді­лов жігіт­тік әре­кет жасап, Рыс­бек аға­мы­зға жол беріп, қол­дап, қасы­нан табы­ла білді.

Ер-аға­мы­здың «Даты­ның» 25 жыл­ды­ғы­мен құт­ты­қтай оты­рып, газет­тің ұжы­мы­на мол ден­са­улық тілей­мін! Газет­тің ғұмы­ры ұзақ бол­сын! 30, 40, 50 жыл­ды­ғын­да бәрі­міз­ге бас қосуға АЛЛА нәсіп етсін! Елдің ертең­гісін ойлай­тын Ер-аға­мыз сияқты аза­мат­та­ры­мыз жасай берсін!

Қай­рат ЕРДЕБАЕВ,

«Дат» газетінің жанашыры

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн