Четверг , 3 июля 2025

«ҚАРА ҚЫТАЙ ҚАПТАЙТЫН»

ВИЗАСЫЗ РЕЖИМГЕ КӨНБЕЙМІЗ!

  • ҚР Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи мырзаға!
  • «Сіз­ге осы жан айқай­ы­мы­зды жаза оты­рып, халқы­мы­здың басы­на төн­гелі тұрған қасірет­ті тоқта­туға күш салуы­ңы­зды сұрай­мыз!» деген талап­пен депу­тат­тың пошта­сы­на келіп түс­кен мәлім­де­мені қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Батыр баба­ла­ры­мыз қарыс жерін жау таба­ны­на тап­тат­пай, сан шай­қастар­да жан­да­рын пида етіп, қорғап, ұрпағы – біз­дер­ге мұра, мирас, ама­нат етіп қал­ды­рған, баға жет­пес қазы­на бай­лы­ғы­мыз – киелі жері­міз­ге, қаси­ет­ті Ота­ны­мы­зға тіке­лей қауіп төн­гелі тұр! Отыз жыл бойы дик­та­тор Н. Назар­ба­ев халқы­мы­зды құл­ды­қта ұстап, бар бай­лы­ғын ұрлап, тонап, шетел­дер­ге сатып, қара басы­ның ғана қамын ойлаған жемқор­лық пен ашкөздік­тің, той­ым­сызды­қтың орда­сы етті. Халқы­мы­зды руха­ни құл­ды­рат­ты, асты-үсті табиғи бай­лы­ққа толы жері­міздің ту-талақай­ын шыға­рып сат­ты, шетел­дік­тер­дің иелі­гіне берді.

Әлем­ді қай­та бөліс­ке салу­ды көз­де­ген екі жағы­мы­здағы алпа­уыт көр­шілері­міз – Қытай мен Ресей түр­лі сая­си ойын­дар арқы­лы қитұрқы­лық жасап, жері­міз­ге иелік ету­ге ашық кірі­су­де. Той­ым­сыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жасы­рын келісім­шар­ттар жасау арқы­лы Қытай­дан мил­ли­ард­таған дол­лар қарыз алып, өте­уіне «жері­мізді ұзақ жыл­дарға жалға беру­ге астыр­тын келісім жасасқан» деген сөз, міне, шын­ды­ққа айналуда.

Біз­дер, ұлт пат­ри­от­та­ры – осы туған жері­міздің, елі­міздің иесі­міз! Қытай­лы­қтар­ды рұх­сат­сыз, шек­те­усіз (без­ви­за) кір­гізу­ге келісім беру деген сөз – төрт-бес жыл­да Қаза­қстан­ды толық қытай­лан­ды­ру деп санай­мыз. Басқа­дай оны түсін­дірудің де, түсін­діріп әуре болу­дың да қажеті жоқ! Тура солай болға­лы тұр! Бұл – қазақ халқы­ның басы­на төн­ген ұлы қасірет, нәу­бет, ұлты­мы­зды жою­дың тіке­лей ама­лы. Біз бұл сұрқия сұм­ды­ққа ешқа­шан жол бермейміз!

Қытай­дың ол жақтағы қан­даста­ры­мы­зға қар­сы жасап жатқан қанқұй­лы, қатыг­ез жауы­зды­ғы бүкіл әлем­нің жаға­сын ұста­ту­да. Соған қар­сы құтқа­ру амал­да­рын жасап, қан­дас бауыр­ла­ры­мы­зды елге қай­та­ру­дың әре­кетің жаса­удың орны­на, шырқы­рап жатқан бауыр­ла­ры­мы­здың қор­лы­ғы­на жай­ба­рақат қарап, жол берудің аста­рын­да осын­дай сая­си сұрқи­я­лы­қтың айла-шарғы, қитұрқы амал-айла­сы ма екен?

Қалай болған­да да, Қытай­дың залым­дық пен зұлым­ды­қты сан ғасыр­лар бойы қол­да­нып кел­ген, мысы­қта­бан­дап ішке кіру әдісі арқы­лы айдаһар­ша жұту, зұлым­дық, залым­дық сая­са­ты­на көн­бей­міз! Бүкіл халы­қты көтеріп, қар­сы тұруға кірі­се­міз! Киелі жері­мізді бүгін Қытай­ға беріп тірі жүр­ген­ше, алы­сып, арпа­лы­сып, қан төгіп өлу­ге даярмыз!

Қытай­дан алған, мем­ле­кеті­мізді қары­зға бел­ше­сі­нен баты­рған, НӘН-нің ұрлап-жырғап, шетел­дік банк­тер­ге тыққан, арам­за­лы­қ­пен сатып алып, бауы­ры­на басып, иеленіп оты­рған, шетел­дер­де­гі сан­сыз ғима­рат­та­рын алуға жұм­саған халы­қтың қазы­на бай­лы­ғы түгел қай­та­рыл­сын! Ұрлаған мил­ли­ард­таған қар­жы­сын Қытай­ға беріп, қары­зын өтесін!

Ата-баба­мы­здың қаны сің­ген киелі жері­мізді Қытай­ға беру өлім­мен тең! Бұған келісім беріп, мем­ле­ке­та­ра­лық, эко­но­ми­ка­лық, сая­си, т.б. деп жұм­сар­тып басу айту –опа­сыздық! Ұлтқа, халы­ққа осы жер­дің иесі – қаза­қтарға жасалған сатқындық!

Біздің бұл жанай­қай­ы­мыз – Сіздің де және сол мәр­те­белі орын­да оты­рып, халық тағ­ды­рын шеш­келі оты­рған мыр­за­лар­дың да кезек күт­тір­мей­тін мәсе­лесі. Алла Таға­ла алдын­да, ата-баба әру­ағы алдын­да күнаһар болу­дан, ұрпағы­мы­зды бодан­ды­ққа бай­лап, құл мен күң ету­ге мәж­бүр­леп, жер беті­нен мүл­дем жоя­тын сұрқия келісім­ді тоқта­ту­ды талап етеміз!

Отыз жыл бойы халқы­мы­зды аяу­сыз тонаған Н.Назарбаевтың 87 (сек­сен жеті) трил­ли­он тең­гесі (200 млрд АҚШ дол­ла­ры) кері қай­та­ры­лып, астыр­тын алы­нған Қытай қары­зда­ры өтел­сін! Қытай мен Ресей­дің ымы­ра­ласқан зыми­ян сая­са­ты­на бас шұлғып, жал­тақтаған біздің ел бас­шы­ла­ры енді Қытай­дың экс­пан­си­я­сы­на жол­ды айқа­ра ашпақ­шы. Рұқ­сат­сыз – виза­сыз, емін-еркін кіріп-шығып, тай­раң­да­туға келісім­ге келу –Ота­ны­мы­зға ойран салу, Тәу­ел­сізді­гі­міздің тамы­ры­на бал­та шабу, ұлты­мы­зды жою­дың ашық айла­сы. Он мил­ли­он қытай жері­міз­ге кірер бол­са, он жыл­да қаза­қтың түгін де қал­дыр­май­ды. Біз­дер бұған өлсек те жол бер­гіз­бей­міз, қара қытай­ды қап­тат­пай­мыз! Бар қаза­қты осы­ған шақы­ра­мыз! Айдаһарға жұты­лып, қор болып, ертең өлген­ше, ар-намысы­мы­зды қорғап, арпа­лы­сып бүгін өлейік!

Егер бұған жол берілер бол­са, ең бірін­ші кінәлілер – билік­те­гі сатқын­дар мен екі­жүзді арсыздар бола­ры хақ! Өз халқын бөтен­нің таба­ны­на тап­та­ту – Құдай­дың нала­сы­на, халы­қтың қарғы­сы­на қалу! Осы­ған бүгін­гі тірі жүр­ген бәрі­міздің ар-намыс пен күш-қай­рат­ты қару етіп, қар­сы тұруы­мыз – пер­зент­тік пары­зы­мыз, адам­дық боры­шы­мыз! Қаза­қтар­ды «тобыр» санап, қор­лап өткен кеше­гі Н.Назарбаевтың бүгін­гі құй­ыр­шық-клан­да­ры­мен енді ашық айқасқа шығуға қаза­қтың қаны­нан жаралған әрбір аза­ма­ты даяр!

Құр­мет­ті ел қорға­ны, халық қала­у­лы­сы Ермұрат Бапи мырза!

Сіз­ге осы жанай­қай хаты­мы­зды арнайы жол­дап отыр­мыз! Кезек күт­тір­мес мәсе­лені Пар­ла­мент­те шұғыл көтеріп, қытай­лы­қтар­дың Қаза­қстанға виза­сыз кіруіне тоқтау салуға Сіз­дер­ді шақы­ра­мыз және талап ете­міз! Тала­бы­мыз орын­дал­маған жағ­дай­да митин­гі­ге шығып, мәсе­лені шешеміз!

  • Сіз­ге зор сенім­мен, қаза­қтың ұлт­шыл пат­ри­от­та­ры:

1. Абдул­ла­ев Худай­шу­кур Рахматович

2. Лепе­сов Сай­лау Біртайұлы

3. Мұха­мет­жа­но­ва Анар Қадылбекқызы

4. Күр­ген­ба­е­ва Күміс Әбдіқалымқызы 

5.Шамшабаева Саги­ла Жамалдиновна

6. Кемел­ба­ев Нур­слан Откенович

7. Мали­ков Дәу­лет Амангелдіұлы

8. Кудаб­а­е­ва Гуль­ми­ра Битимбаевна

9. Атин­ба­ев Бауы­р­жан Женисович

10. Оспа­нов Мурат Кудайбергенович

11. Айт­па­ев Марат Төлегенұлы

12. Кара­у­ло­ва Куль­жа­хан Ибинжанқызы

13. Қан­же­ке­но­ва Биғай­ша Ахметқалиқызы

14. Аби­шев Ерик Болатбекович

15. Маме­то­ва Ляй­ла Курманбаева

16. Бура­ба­е­ва Жами­ла Нурмаханбетовна

19.Тохтабубу Ауе­с­ха­но­ва

20. Кате­ке­ев Дамир Едилович

21. Мул­даху­жа­ев Мурат­бек Уристемович

22. Оңал­ба­ев Асет Борантаевич

23. Кен­же­но­ва Аги­ла Каратаевна

24. Жүніс Гүлбахрам

25. Сулей­мен Жана­діл Мұханұлы

26.Сазанбаева Хиуаз Рахымбайқызы

27. Ораз­ба­ев Айтқа­зы Қабдуәли-ұлы

28. Бакы­ри­ев Алим­жан Аббасович

29. Жұмаға­зи­ев Самиғол­ла Ибатұлы

30. Ауель­бе­ко­ва Гуль­на­ра Алайдаровна

31. Толы­с­ба­ев Орын­ба­сар Избасарович

32. Хам­зи­на Сал­та­нат Бахытжановна

33. Әуел­бек Шон­жан Назарқасымұлы

34. Қаза­қ­па­ев Серік Төкенұлы

35. Қай­ыр­ба­ев Санат Сатыбалдыұлы

36. Нүкен Бей­сенға­зы Сәдуұлы

37. Мұха­мет­жа­но­ва Жанар Қадылбекқызы

38. Ысқақов Қай­рат Болатұлы

39. Бай­ға­ли­ев Құмарғали

40. Әлім­ба­ев Қаршыға

41. Ермек­ба­ев Жұмадиллә

42. Мұха­меджа­нов Әділ­бек Қадылбекұлы

43.Лепесова Қым­бат Сайлауқызы

44. Кур­ген­ба­е­ва Дина­ра Ерланқызы

45. Нұрпей­і­сов Теміржан

46. Мәке­но­ва Айсұлу

47. Қоба­нов Нұр­лан Қалиұлы

48. Алдаб­а­ев Тіле­ген Ережепұлы

49. Саты­пал­ды Дәурен

50. Лепе­со­ва Жанар Сайлауқызы

51. Суп­ба­ев Аса­тул­ла Мусалиевич

52. Зей­тов Аманға­зы Зейноллаұлы

53. Талғат Айтбайұлы

54. Габ­дул­ли­на Май­ра Сагатовна

55. Акку­зин Баур­жан Кумарович

56. Кен­жа­ба­е­ва Феру­за Асабаевна

57. Акан Айдар

58. Бек­ба­е­ва Зуль­фия Бактыбаевна

59. Акир­га­ли­е­ва Уркия Султановна

60. Шой­бе­ков Жахан Сеиткулович

61. Мака­та­ев Бак­дау­лет Талгатбекович

62. Али­е­ва Шах­за­да Тажидиновна

63. Айт­жа­нок Серик Асылбекович

64. Ерма­но­ва Кулаш Темірханқызы

65. Сав­де­нов Ерга­ли Забиалханович

66. Тасма­ко­ва Гулжаухар

67. Ускі­ба­ев Сәби Серікұлы

68. Төкен Ерболат

69. Сады­қов Дәу­рен Дүйсенғазиевич

70. Шаб­да­но­ва Гул­нур Орынгазыев

71. Кеңес­хан Ақер­ке Маралқызы

72. Шегеб­екұ­лы Нуртай

73. Абди­ев Конай Садыкович

74. Тата­ев Нур­лы­бай Калдыбайулы

75. Абду­рах­ма­нов Асқар Агаманович

76. Мұқа­мет­жан Сәбит Маймақұлы

77. Мука­шев Ернар Токтарбаевич

78. Жар­мұ­ха­медұ­лы Даурен

79. Мамыр­бай Орыс

80. Хуа­ныш Досжан

81. Джу­сам­ба­ев Тимур

82. Зин­чен­ко Сер­гей Сергеевич

83. Гуль­жи­ян Мали­ков­на Рыспаева

84. Кете­ба­е­ва Жума­би­ке Сабировна

85. Про­цен­ко Зина­и­да Георгиевна

86. Жай­са­нов Қуат Жарылқасынұлы

87. Жары­лға­пов Ығлым Жумабергенович

88. Каи­ров Нух Галимович

89. Кул­ба­ев Ерга­ли Нариманович

90. Капа­нов Мей­рам­бек Унурбекович

91. Бек­жа­нов Газиз Капезович

92. Тер­лик­ба­ев Ержан

93. Ошан­бе­ков Нұржан

94. Иргеб­а­ев Сәкен

95. Сары­ба­со­ва Айсу­лу Айтмухамедовна

96. Абдул­ла­ев Джу­ра­бай Рахматович

97. Әбіл Дәни­яр Қасымұлы

98. Бақыт­жан Аннасқызы

99. Бишун­нов Мир­бо­лат Мырзатаевич

100. Отар­ши­ев Жар­му­хан­бет Есиркепович

101. Мей­ір­хан Абды­ма­на­пов Сапақұлы

102. Камал­хан Қамбаров

103. Асыл­бек Қараев

104. Сар­сем­ба­ев Сунғат Тулегенович

105. Мана­пов Ержан Исрайлович

106. Дүй­се­ба­ев Мақ­сат Орынбекович

107. Тюле­уба­ев Нағы­сқан Кажинович

108. Оры­нға­ли­ев Ере­жол­ла Садырович

109. Әсен Жази­ра

110. Темір­бе­ко­ва Гул­за­тқан Жусупалиева

111. Бей­са­ли­ев Бекен

112. Қыстау­ба­ев Айдын Нурматович

113. Лепе­со­ва Анар Сайлауқызы

114. Джан­да­ра­ли­е­ва Гуль­бар­шин Акылбековна

115. Қыстау­ба­ев Айдар

116. Бер­ку­то­ва Гуль­нур Орынбаевна

117. Дихан­чи­ев Жол­ды­бек Аманкулович

118. Қабы­лқай Мұрат Қабылқайұлы

119. Жақан Айдын­гүл

120. Жума­гу­лов Алмат Асуұлы

121. Аля­ко­ва Аня Тулеубековна

122. Ходе­но­ва Кам­шат Жуматаевна

123. Дүй­сеқұлова Бибі­са­ра

124. Көп­жа­сар Бөгенбай

125. Еспа­ев Талғат

126. Отар­ши­ев Нұр­лан Ермекович

127. Нур­га­ли­е­ва Шол­пан Калмакановна

128. Лепе­со­ва Шынар Сайлауқызы

129. Той­бол­ди­е­ва Куль­ма­ри­ям Молдабаевна

130. Шате­мірқы­зы Ақмарал

Алма­ты қаласы, 

15 мамыр, 2023 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн