Пятница , 4 июля 2025

Who is mister Аслан?

«Жер асты­нан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген­дей, соңғы уақыт­та «Ютуб» кеңісті­гін­де Аслан деген мәң­гүрт пай­да бол­ды. Өзінің «Nord Kazakh» (сол­түстік қаза­ғы) атты ютуб-кана­лы­на күні­ге көлем­ді-көлем­ді видео­ма­те­ри­ал­дар салып, елі­міздің теріс­кей­ін­де­гі орыс ұлты және қазақ мәң­гүрт­тері ара­сын­да интер­нет жұл­ды­зы­на айна­лып бара жатыр. Сон­да ол салып жатқан виде­о­лар не тура­лы дей­сіз­дер ғой. Олар­дың тақы­ры­бы әртүр­лі. Бір күні өзінің видео­лек­ци­я­сын­да Шучинск қала­сы­ның атын Абы­лай­ханға ауы­сты­руға өзінің қар­сы­лы­ғын біл­дір­се, келесі видео­да қалай Қаза­қстан­да орыс тіліне қия­нат жаса­лып жатқа­нын, неге мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­тін­дер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке жұмысқа алмай­ты­нын, қалай Ресей неме­се Кеңе­стер Одағы қаза­қты адам қылға­нын, несін айта­сын, оны тың­дай оты­рып, «ойпыр­май Жири­нов­ский тіріліп, Қаза­қстанға қай­та оралған ба» деп ойлай­сың. Өзінің видеоүн­де­улерін­де тек қана орыс тілін Қаза­қстан­дағы русо­фоб­тар­дан қорға­у­шы ретін­де көр­сетіп қой­май, соны­мен қатар елі­міз­де­гі мем­ле­кет­тік тіл­дің жана­шыр­ла­ры­на (Диас Құзай­ыр, Әділ­жан Әбдіға­ли­ев, Ерға­ли Көпе­ев), ұлты­мы­здың ежел­гі тарихын зерт­теп, тари­хи тұлға­ла­ры­мы­зды паш етіп жүр­ген тарих­шы­ларға, жур­на­ли­стер­ге (Мая Бек­ба­е­ва) шабуыл жасауда.

Жарай­ды, ол секіл­ді мәң­гүрт­тер бұрын­нан да бір­лі-жарым бар ғой. Мәсе­ле басқа­да, оның айтқа­ны­ның бәрі құнар­лы топы­раққа түсіп, одан бір тамы­рын терең­ге жібе­ретін күшті шең­гел өсіп шыға­тын сыңайы бар. Оның әр видео­ма­те­ри­а­лы­на оны қол­дай­тын үш-төрт мың ком­мен­та­рий жазы­ла­ды. Олар­дың бәрі бір үлгі­ден шыққан, мәтіні әртүр­лі болға­ны­мен, мағы­на­сы біре­гей, бір инку­ба­тор­дан шыққан­дай. Ол жазы­лған­дар­дың бәрі бір елдің арнайы қыз­метінің лабо­ра­то­ри­я­сы­нан шыққа­ны­на күмән жоқ. Олар­ды оқы­саң, Аслан­ды келесі пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на шығар­са, оқ бойы озып келетініне сеніп қала­сың. Ал шын мәнісін­де осы жағ­дай­ды бай­ып­тап, мұқи­ят тал­да­саң, елі­міз, халқы­мыз үшін өте қауіп­ті жағ­дай­дың орын алып оты­рға­нын бай­қа­уға бола­ды. Және бір үлкен күмән туды­ра­тын нәр­се – осы Аслан­мен қатар «Ютуб» аре­на­сы­на қазақ тілінің дамуы­на, мем­ле­кеті­міздің тәу­ел­сізді­гін нығай­туға бағыт­талған іс-шара­ларға шабуыл­ды тағы да бірқа­тар «интер­на­ци­о­нал­дар» (қазақ Арман, Нур-Исма­ил, т.б.) шығып отыр.

Естеріңіз­де бол­са, Укра­и­на­ның оңтүстік-шығы­сын­да (Дон­басс пен Луганск) жағ­дай ушы­ғар­дан бұрын осын­дай шара­лар орын алған бола­тын. Мен өзім мұн­дай жағ­дай­ды кәдім­гі гибрид­тік соғы­стың бір айқын бел­гісі деп біле­мін. Соңғы күн­дері ғалам­тор кеңісті­гін­де Ақмо­ла облы­сы­ның құқық қорғау орган­да­ры­ның Аслан Төле­ге­но­вті өздеріне шақы­рып, оған қар­сы іс қозғалға­ны тура­лы ақпа­рат тараға­нын көріп отыр­мыз. Әрине, бұл қуан­тар­лық жай. Бірақ бұл жеңіл-жел­пі әңгі­ме­мен, ескер­ту беру­мен, ең басты­сы – тек қана Аслан Төле­ге­нов­пен шек­тел­ме­уі тиіс. Елі­міздің Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, про­ку­ра­ту­ра және басқа да құқық қорғау орган­да­ры тара­пы­нан тиісті ауқым­ды, терең шара­лар қол­да­на­ды деп үміттенемін.

Мен осы мақа­ла­ма халы­қа­ра­лық жур­на­ли­сти­ка­да жиі қол­да­ны­ла­тын «Who is mister Аслан?» деген тақы­рып­ты жай­дан-жай таң­даған жоқ­пын. Өйт­кені «Ютуб» кеңісті­гін­де Асланға қаты­сты басқа да қызы­қты ақпа­рат­тар тарап жатыр. Сон­дай ақпа­рат­тың бірі – ол Аслан­ның ешқан­дай да Аслан емес, оның аты Вла­ди­слав екені және оның ұлты хакас екені тура­лы. Не болған­да да, бұл аяқ асты­нан шыға кел­ген «интер­на­ци­о­нал» емес, мұқи­ят дай­ын­далған, елі­міздің тәу­ел­сізді­гіне үлкен қауіп төн­діретін, халқы­мы­здың ара­сы­на іріт­кі сала­тын, мем­ле­кеті­мізді іші­нен жаруға бағыт­талған шара екені сөзсіз.

Соны­мен, сіз кім­сіз, Аслан мыр­за, кім­нің сой­ы­лын соғып жүрсіз?

Сәмет БАЙҚОҢЫРОВ,

 Ақтау қаласы

Республиканский еженедельник онлайн