Пятница , 4 июля 2025

Көкқайнар ауылындағы мәселелер қашан шешіледі?

Есте бол­са, мамыр­да нөсер жауын­ның сал­да­ры­нан Көкқай­нар ауы­лын­дағы бір­не­ше үйді су басқан. Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи аймақтар­ды ара­лау бара­сын­да ауы­лға ат басын бұрып, көп­шілік­пен осы мәсе­ле төңіре­гін­де тіл­де­сті. Ол тұрғын­дар­дың сау­а­лы­на жау­ап қатып, түй­ін­ді тарқа­туға ат салы­са­ты­нын айт­ты. Жер­гілік­ті әкім­дік те мәсе­лені бір­жақты ету үшін жұмыс атқа­ры­лып жатқа­нын жеткізді.

«Мен қала­лық әкім­шілік­тің бас­шы­ла­ры­мен сөй­ле­стім. Тамы­зда осы мәсе­ле бой­ын­ша әкім­шілік­ке кіріп күз­ге дей­ін мәсе­лесін шеше­міз», – деді  ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бәпи.

«Жоба­да Борал­дай өзенінің жаға­ла­у­ын нығай­ту, арна­сын кеңей­ту, түбін терең­де­ту жұмыста­ры көз­дел­ген. Жоба­лау мер­ді­герін аны­қтау бой­ын­ша кон­кур­стық рәсім­дер жүр­гізу­ге өтінім беріл­ген бола­тын. Кон­кур­стық рәсім­дер аяқталған­нан кей­ін, жоба­лау сме­та­лық құжат­та­ма­сын әзір­леу бой­ын­ша жұмыстар атқа­ры­ла­тын бола­ды», – деді эко­ло­гия және қор­шаған орта басқар­ма­сы су ресур­ста­ры бөлі­мі бас­шы­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы Еркебұлан Омаров.

Республиканский еженедельник онлайн