Пятница , 4 июля 2025

Сарбаздардың өмірі сақтандырылуы тиіс

Мәжіліс деп­ту­та­ты Кон­стан­тин Авер­шин­нің айтуын­ша, арми­яда мәсе­ле жетіп арты­ла­ды. Ол тая­у­да Отар­да ес-түс­сіз жатқан (комаға түс­кен) сар­ба­з­дың жағ­дай­ын біліп қайт­пақ, деп хабар­лай­ды  datnews.info Ulysmedia.kz-ке сіл­те­ме жасап. 

Депу­тат не дейді

Мәжіліс кулу­а­рын­да Ulysmedia.kz тіл­шісі әскер­де­гі сар­ба­з­дар­дың зардап шегу мәсе­лесін рет­теу үшін нақты не ұсы­на ала­ты­нын сұраған.

– Біз­де нақты тетік болу керек. Соңғы қиын жағ­дай – бір сар­баз Отар­дағы гос­пи­тальда жатыр. Жақын күн­дері маған Сар­ба­з­дар­дың ата-ана­ла­ры ұйы­мы хабар­ла­сты. Біз қазір олар­дың әке-шеше­сі­мен бай­ла­ны­ста­мыз. Ол жігіт қазір кома­да. Тер­геу бел­гі­лен­ген. Болжам­ды күдік­тіні аны­қта­уға тыры­сып жатыр. Дема­лыс күн­дері барып қайт­сам деп отырмын. 

Депу­тат­тың пікірін­ше, егер сар­ба­з­дың зардап шегуіне армия құры­лы­мы кінәлі бол­са, онда шығын­дар­дың бәрін әскер бас­шы­лы­ғы өзіне алуы керек. 

– Бірақ бұл жер­де біз­де тағы бір мәсе­ле туын­дай­ды. Әске­ри қыз­мет­шілер­дің айлы­ғын көте­ру мәсе­лесін айтқан едік. Қазір қара­жат көз­дері ізде­стірілу­де. Өйт­кені 95 мың неме­се 117 мың тең­ге деген айлық емес. Демек, бюд­жет­тен бел­гілі бір сома бөлі­нуі тиіс. Әске­ри қыз­мет­кер егер армия құры­лы­мы­ның кесірі­нен зардап шек­се, оны емде­удің, оңал­ту­дың бүкіл шығы­нын бас­шы­лық өз мой­ны­на алуы керек, – дей­ді ол.

Авер­шин бұрын­нан «мұра» болып қалған жүй­е­мен келе жатқа­ны­мы­зды айтады. 

– Мұның бәрін түбірі­мен өзгер­ту керек. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның жол­да­уы бар. Онда ол «біздің армия жақ­сы қару­ланған құры­лы­мға айна­луы керекті­гін» айтқан. Қазір тиісті жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Бюд­жет­ті қараған кез­де бұл сұрақтар өте өткір көтеріліп жатыр. Бәрі көп­шілік қалаған­дай тез жаса­лып жат­паған шығар, алай­да бел­гілі бір жыл­жу бар, – дей­ді ол.

Кон­стан­тин Авер­шин жал­пы дұрыс жүйе – әске­ри қыз­мет­шілер­ді сақтан­ды­ру жүй­есі екенін айтады. 

Комаға түс­кен сарбаздар

Жам­был облы­сы, Қор­дай ауда­ны, Отар ауы­лын­дағы № 30212 әске­ри бөлі­мін­де әске­ри боры­шын өтеп жүр­ген 19 жастағы қатар­дағы жауын­гер Нұр­жі­гіт Әбділ­пат­та жан­сақтау бөлі­мін­де жатқа­ны хабар­ланған бола­тын. Сар­ба­з­дың ана­сы­на әске­ри поли­ция қыз­мет­кері хабар­ла­сып, ұлы­ның ЖРВИ диа­гнозы­мен әскер­де­гі мед­пункт­ке түс­кенін айтқан. Сар­ба­з­дың ана­сы­на әскер­де­гілер «ешкім сау­сағын тигіз­беді, біз­де ондай жоқ, каме­ра­лар тұр» деген. Ана­сы ұлы­на «әлім­жет­тік жасал­ды» дей­ді. Бірақ бұған жау­ап­ты орган­дар әлі ешқан­дай ресми мәлім­де­ме жасай қоймаған.

Ал Алма­ты­дағы Ұлт­тық ұлан­ның № 5571 бөлі­мін­де был­тыр құлап, комаға түс­кен, биыл сәуір­де оянған сар­баз Ерба­ян Мұх­тар­ды емдеу үшін әке-шеше­сі Түр­ки­ядан дәрі­гер маман шақы­рған. Ерба­ян­ның ана­сы Гүл­сім Қами­е­ва мен әже­сі Күләш Смай­ы­ло­ва Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев пен Жоғарғы сотқа, Қаза­қстан халқы­на тағы үндеу жариялады.

Гүл­сім Қами­е­ва­ның ұлы – қатар­дағы жауын­гер Ерба­ян Мұх­тар был­тыр мамыр­да мерзім­ді әске­ри қыз­мет­ке алы­нған. 2023 жыл­дың 4 жел­тоқ­са­нын­да түн­де Алма­ты­дағы Ұлт­тық ұлан­ның № 5571 бөлі­мін­де­гі дәрет­ха­на­да құлап, бас миы­ның ашық жарақа­тын алған. Орта­лық кли­ни­ка­лық ауру­ха­на­ның аны­қта­ма­сы бой­ын­ша, сар­ба­з­дың бас сүй­е­гі жары­лып, жел­ке сүй­е­гі сынған, ауыр ми жарақа­тын алған. Әске­ри бөлім «сар­баз дәрет­ха­на­да өзі құлап, басын кафель­ге соғып алды» деген. Ерба­ян Мұх­тар­дың әкесі де, шеше­сі де бұл нұсқаға сенбейді.

 Аян ӨРІБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн