Пятница , 4 июля 2025

Әскери қызметшіні оқытуға кеткен қаражат мемлекетке қайтарылды

Сот теріс себеп­тер­мен жұмыстан шыға­ры­лған әске­ри қыз­мет­шіні оқы­туға жұм­салған бюд­жет қара­жа­тын мем­ле­кет­ке қайтарды.

Алма­ты гар­ни­зо­ны­ның әске­ри сотын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің «Алма­ты облы­сы­ның Қорға­ныс істері депар­та­мен­ті» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік меке­месінің есебі­нен әске­ри қыз­мет­шіні оқы­туға жұм­салған 645 534 тең­ге бюд­жет қара­жа­тын мем­ле­кет кірісіне өнді­ру мақ­са­тын­да сот бұй­ры­ғын шыға­ру тура­лы ары­зы қаралды.

Аталған аза­мат 2019–2021 жыл­дар ара­лы­ғын­да Құр­лық әскер­лерінің Әске­ри инсти­ту­тын­да оқы­ған. «Әске­ри қыз­мет және әске­ри қыз­мет­шілер­дің мәр­те­бесі тура­лы» Заңы­ның 40-бабы­ның 1‑тармағының 5‑тармақшасына және бұрын жасалған келісім-шар­тқа сәй­кес ол әске­ри оқу орнын­да бел­гі­лен­ген оқу мерзі­мін және офи­цер­лік құрам­дағы оқу орнын бітір­ген­нен кей­ін он жыл әске­ри қыз­мет өтілін қам­ти­тын мерзім­ге әске­ри қыз­мет өтке­ру­ге тиіс болатын.

Алай­да, Әске­ри инсти­тут басты­ғы­ның 2021 жылғы 19 тамы­здағы бұй­ры­ғы­на сәй­кес, қыз­мет­кер теріс себеп­тер­мен жұмыстан боса­ты­лып, осы­ған бай­ла­ны­сты бұрын жасалған келісім­шарт бұзылған.

Келісім­шарт талап­та­ры­ның бұзы­луы­на бай­ла­ны­сты ары­зда­ну­шы оқуға жұм­салған ақша­ны өнді­ру тура­лы ары­з­бен сотқа жүгінген.

Заң­ның 26-бабы­ның 10-тар­мағы­на сәй­кес «Оқы­туға жұм­салған бюд­жет қара­жа­тын мем­ле­кет­ке өтеу қағи­да­ла­рын бекіту тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қорға­ныс мини­стрінің 2017 жылғы 20 шіл­де­де­гі №372 бұй­ры­ғы­ның негізін­де сот­тың әске­ри оқу орын­да­рын­дағы, әске­ри факуль­тет­тер­де­гі әске­ри қыз­мет­шілер­ден мем­ле­кет пай­да­сы­на К.-дан бюд­жет қара­жа­тын өнді­ру тура­лы сот бұй­ры­ғы шыға­рыл­ды, – делін­ген Әске­ри сот хабарламасында.

Сот бұй­ры­ғы орын­да­уға жіберілген.

halyk-uni.kz

Республиканский еженедельник онлайн