Пятница , 4 июля 2025

Әскерде борышын өтеп келгендер қалай тегін грантқа ие бола алады

Бүгін­де әскер қата­рын­да қыз­мет етіп, өзің үздік нәти­же көр­сет­кен сар­ба­з­дарға «Срочник.2.0» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша білім грант­та­ры табысталады.

Қазір­гі таң­да Отан алдын­дағы боры­шын өтеп кел­ген сар­ба­з­дар елі­міз­де­гі 70-тен астам жоға­ры оқу орын­да­рын­да тегін білім ала ала­ды. Ал бір қызы­ғы, ұлт­тық біріңғай тестілеу кезін­де жинаған бал­да­ры есеп­ке алын­бай­ды. Деген­мен, бұл бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша білім гран­тын жеңіп алу оңай емес. Себебі оқуға ірік­теу 4 талап­тан тұра­ды. Алай­да әскер қата­рын­да қыз­мет атқа­рып, білім гран­тын ұтып алған сар­ба­з­дарға шәкір­тақы қарастырылмаған.

Себебі бұл мем­ле­кет­тік грант емес, уни­вер­си­тет есебі­нен білім алу болып есеп­те­леді. Жоға­ры оқу орнын­да бос грант­тар бол­са, сту­дент­тің оқу үлгері­мі жақ­сы бол­са, мем­ле­кет­тік гран­тқа да ауы­сып кете алады.

Сон­дай-ақ, әске­ри қыз­мет­те жүріп білім гран­ты­на қол жет­кі­зе алмаған сар­ба­з­дарға да жеңіл­дік­тер қарас­ты­ры­лған. Мәсе­лен, жоға­ры оқу орны­на ақы­лы негіз­де, Ұлт­тық біріңғай тестіле­уде тап­сыр­май түсу мүм­кін­ді­гі қарас­ты­ры­лған. Ол үшін мем­ле­кет­тік плат­фор­ма­лар­дан әске­ри қыз­мет өткер­гені тура­лы аны­қта­ма­ны алып, өзі таң­даған жоға­ры оқу орны­на ұсы­ну қажет.

Әскер­ге барып кел­ген ер аза­мат­тар жоға­ры оқу орны­ның әске­ри кафед­рас­ы­на емти­хан тап­сыр­май тегін қабыл­да­на ала­ды. Мәсе­лен биыл Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны «Батыс» өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы­на қарас­ты әске­ри бөлім­дер­де отан алдын­дағы боры­шын өте­ген сар­ба­з­дар­дың 60-тан аста­мы елі­міздің әрбір жерін­де орна­ласқан жоға­ры оқу орын­да­ры­на тегін білім алу мүм­кін­ді­гін жеңіп алды. Соның ішін­де Орал қала­сын­да орна­ласқан 5517 әске­ри бөлі­мінің 15 сар­ба­зы бұл білім грант­та­ры­на қол жеткізді.Біз білім гран­тын жеңіп алған сар­ба­з­дар­мен сұқ­бат­тасқа­недік. Мәсе­лен өткен жыл­дың мау­сым айын­да әске­ри боры­шын өте­у­ге кел­ген Құдай­бер­ген Еркін бүгін­де атал­мыш білім грант­та­ры­ның бірін ұтып алып, «Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетіне» тап­сы­рып жатыр.

Бұл бағ­дар­ла­ма тура­лы мен өз қалам­дағы қорға­ныс істер жөнін­де­гі депар­та­мент­тен біл­дім. Әскер­ге кетер­де атал­мыш депар­та­мент­тің қыз­мет­кер­лері біз­ге ақпа­рат­тан­ды­ру жүр­гізіп, «Сроч­ник 2.0» атты бағ­дар­ла­ма бар екен­ді­гін және де осы бағ­дар­ла­ма арқы­лы жоға­ры оқу орны­на түсу­ге арналған білім гран­тын жеңіп алуға бола­ты­нын айтып өтті. Ал әскер қата­ры­на кел­ген кезі­міз­де әске­ри бөлім­нің қыз­мет­кер­лері біз­ге бұл бағ­дар­ла­ма тура­лы толық ақпа­рат бер­ді.  Ал, менің жеке пікірім­ше, бұл мем­ле­кет тара­пы­нан ұйым­да­сты­ры­лған ең кере­мет бағ­дар­ла­ма­лар­дың бірі десем, артық айтқа­ным емес. Себебі, әрбір ер аза­мат жоға­ры білім алу­ды көз­дей­ді. Ал осы бағ­дар­ла­ма арқы­лы қазір көп­те­ген жастар өздерінің арман­даған маман­ды­қта­ры­на құжат тап­сы­рып жатыр. Шыны­мен­де бұл өте үлкен жетістік, — дей­ді ол.

Еркін Құдай­бер­ген атаған­дай, ол өзінің Отан алдын­дағы боры­шын өтей жүріп, осын­дай зор мүм­кін­дік­ке ие болған.

Беріл­ген бар­лық тап­сыр­ма­лар­ды дұрыс орын­дап, нор­ма­тив­тер­ді жақ­сы тап­сы­рып, барым­ды сал­дым. Қару­лас бауыр­ла­рым, рота коман­дир­лері, взвод коман­дир­лері маған қол­дау көр­сетіп, демеу бол­ды. Нелік­тен бұл жоға­ры оқу орны деген сұраққа жау­ап берер бол­сам, мен әскер­ге кел­мес бұрын маман­дан­ды­ры­лған орта білім­ді про­грам­мист маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алға­мын. Ал қазір осы оқу орнын таң­дай оты­рып мен өзім­нің маман­ды­ғым бой­ын­ша білік­тілі­гім­ді арт­ты­рып, жоға­ры білім ала ала­мын, — дей­ді ол.

Дәл осын­дай мүм­кін­дік­ке Алма­ты қала­сын­да орна­ласқан «Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетін» таң­даған Бау­бек Бай­мұра­тов та ие болды.

Бұл оқу орны менің бала кез­ден келе жатқан арма­ным. Елі­міздің оңтүстік аста­на­сы атанған Алма­ты қала­сын­да жоға­ры білім алу мен үшін өте үлкен мақта­ныш. Соны­мен қатар бұл оқу орнын­да мен таң­даған маман­дық бой­ын­ша өте жақ­сы мұғалім­дер тәлім береді. Бұл бағ­дар­ла­ма­ның басқа бағ­дар­ла­ма­лар­дан ерекшелі­гі ұлт­тық біріңғай тестіле­уді тап­сыр­май, оқуға түсіп кету­ге бола­ды. Ал талап­тарға келер бол­сам, әскер­де біз арнайы нор­ма­тив­тер тап­сы­ра­мыз. Әрбір тап­сы­рған нор­ма­тив­тері­міз­ге арнайы балл­дар қой­ы­ла­ды. Мәсе­лен, атыс алаңын­дағы оқу жат­ты­ғу бары­сын­да жинаған балл­да­ры­мыз, дене шыны­қты­ру бой­ын­ша алған балл­да­ры­мыз қара­лып, бар­лы­ғы қосы­лып, ортақ балл шыға­ды. Ал мен осы талап­тар бой­ын­ша жоға­ры балл жинап, өзім арман­даған қалаға білім гран­тын жеңіп алдым, — дей­ді ол.

Жоға­ры­да атап өткен екі жеңім­паз­дан бөлек қазір­гі таң­да Орал қала­сын­дағы 5517 әске­ри бөлі­мін­де 13 жеңім­паз да білім грант­та­рын қан­жы­ға­ла­ры­на бай­лап, өз үйлеріне оралмақшы.

Ал жеңім­паз атанған бұл сар­ба­з­дар­дың жетістік­тері мен кем­шілік­тері тура­лы бар­лық деректер мини­стр­лік сай­ты­ның «Срочк­ни­ки 2.0» плат­фор­ма­сын­да тіркеледі.

Осы­лай­ша, әскер қата­ры­на сар­баз болып қосы­лған жас жет­кін­шек­тер бүгін­де елі­мізді бедел­ді оқу орын­да­ры­ның табал­ды­ры­қта­рын аттаға­лы тұр.

Әске­ри қыз­мет бары­сын­да атал­мыш бағ­дар­ла­ма­дан бөлек  бағ­дар­ла­мар өте көп. Мәсе­лен, қазір Отан алдын­дағы боры­шын өте­у­ге кел­ген сар­ба­з­дарға қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің неси­е­лер­ге «дема­лыс беру» атты бағ­дар­ла­ма­сы қарас­ты­ры­лған. Неси­е­ге дема­лыс беру бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы айтар бол­сақ, сар­ба­з­дың неси­есі мерзім­ді қыз­мет кезін­де 13 айға тоқтй­ды. 12 ай қыз­мет ету мерзі­мі бол­са қосым­ша 1 ай жұмысқа орна­ла­суға беріледі. Бұдан бөлек қазір­гі кез­де елі­міздің қорға­ныс мини­стр­лі­гі әскер­ден кей­ін сар­ба­з­дар­ды жұмысқа орна­ла­сты­ру үшін кәсі­по­рын­дар­мен келісім­шарт жасай­ды,- деп хабар­ла­ды Ұлт­тық ұлан­ның бас­пасөз қызметі.

Сон­дай-ақ, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ұла­ны­на мерзім­ді қыз­метін өте­у­ге кел­ген әрбір сар­ба­зға, мерзім­ді қыз­мет­тің 6 ай уақы­ты өткен соң, келісім­шарт бой­ын­ша жұмысқа орна­ла­су мүм­кін­ді­гі беріледі. Осы­лай­ша бүгін­де Отан­ды қорғап-білім гран­тын жеңу, Отан­ды қорғап-әске­ри қыз­мет­ке орна­ла­су бұл кез кел­ген адам үшін мүм­кін екенін бай­қа­уға болады.

Azattyq Rýhy

Республиканский еженедельник онлайн