Пятница , 4 июля 2025

Түркістан облысында 10 мыңнан астам ағаш егілді

Эко­бел­сен­ділер ағаш түп­терін әктеп, жасыл желек­тің түп­тері мен жол жиек­терін арам­шөп­тер­ден таза­ла­ды. «Таза Қаза­қстан» акци­я­сы­ның басты мақ­са­ты – үйі­міз бен туған жері­мізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық ара­сын­да эко­ло­ги­я­лық сау­ат­ты­лы­қты арт­ты­ру, эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет­ті сақта­уды үйрету.

«Таза Қаза­қстан» акци­я­сы басталған сәуір айы­нан бері Түр­кістан облы­сы бой­ын­ша облы­стағы 2500-ден астам білім беру ұйым­да­рын­да (1421 бала­бақ­ша, 1052 мек­теп, 50 кол­ледж) эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ра оты­рып, отан­сүй­гі­штік­ке, табиғат­ты қорға­уға, халы­қты қор­шаған орта­ны ласта­мауға үйрету.

Бала­лар­ды табиғатқа ұқып­ты қара­уға тәр­би­е­лей­тін 2000-ға жуық ашық сабақ, 650 кез­де­су, 960 дөң­ге­лек үстел өткізіл­ген. Акция аясын­да облы­ста меди­ци­на­лық нысан­дар­дың аумағын­да 10 957 дана түп аға­шта­ры оты­рғы­зы­лып, 61 842 ағаш түп­теріне әктеу жұмыста­ры жүргізілді.

Сон­дай-ақ, облыс аумағын­да орна­ласқан тури­стік нысан­дар аумақта­ры­на сани­тар­лық таза­лау жұмыста­рын ұйым­да­сты­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген жол кар­та­сы­на сәй­кес, Қ.Ясауи кесе­несі, Оты­рар қала­шы­ғы, Үкаш-ата Кесе­несі, «Шаға» тури­стік – рекра­ци­я­лық орта­лы­ғы, «Ақме­шіт» жера­с­ты үңгірі, «Дома­лақ ана» кесе­несі мен бұлағы, Бибі мәри­ям кесе­несі, Шахан ата кесе­несі, Үка­ша Ата кесе­несі, Гаухар ана кесе­несі, Арыс музей ғима­ра­ты, Шам­мат Ишан музейі, Еру­ба­ев музейі сын­ды киелі және тари­хи орын­дар­да таза­лық акци­я­ла­ры ұйымдастырылды.

Соны­мен қатар, Түр­кістан облы­сы Волон­тер­лік ұйым­дар­дың баста­ма­сы­мен «Жас Түр­кістан» ерік­тілер ассо­ци­а­ци­я­сы құры­лып, «Бұл сенің өңірің» акци­я­сы негізін­де тим­бил­динг өтті.

Жастар «Taza Alem» ұлт­тық жоба­сы бой­ын­ша «Қор­шаған орта­ны таза ұстау – әрбір аза­мат­тың боры­шы» тақы­ры­бы аясын­да жазғы шомы­лу мау­сым­дағы өзен, көл маң­да­рын тазалауда.

Облы­сқа қарас­ты аудан, қала­лар­да «Таза Жаға­жай», «Өз өмірің – өз қолы­ң­да» тақы­ры­бы аясын­да, шомы­лу мау­сы­мын­дағы қауіп­сіздік­тің алдын алу мақ­са­тын­дағы үнпа­рақ­ша­лар тара­ты­лу­да. «Эко волон­тер» атты ерік­ті жастар киелі өлке­лер мен өзен, тау­лар­да қоқыс іздеу сай­ы­сы өтті.

Акци­яға атса­лы­сып жүр­ген Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның облы­стық 11 этно мәде­ни бір­ле­стік­тер мүше­лері әр сен­бі күні аумақтық сен­білік­тер­ге бел­сене қаты­сып келеді.

Этно­стар көп орна­ласқан Сай­рам, Сау­ран, Жеті­сай, Мақта­рал, Келес,Төлеби аудан­да­рын­да Ассам­блея жаста­ры «Бір­лі­гі­міз жарасқан» тақы­ры­бын­да пло­гинг сай­ы­ста­ры арқы­лы айна­ла­ны тазар­ту акци­я­ла­рын дәстүр­лі түр­де өткі­зу­де. Сай­рам ауда­нын­да «Қоқы­стан құн­ды заттар жасау иде­я­ла­ры» жүзе­ге асырылуда.

«Generation» қоғам­дық бір­ле­сті­гі Сай­рам ауда­нын­дағы білім беру ұйым­да­ры­мен бір­лес­кен 36 эко­ло­ги­я­лық акция өткізді. Аталған акция бой­ын­ша 15 тон­наға жуық қай­та­ла­ма шикі­зат сатып алы­нып, қай­та өңде­у­ге жіберіл­ді. Бұл рет­те, қоқы­сты арнайы жер­ге апа­ру­дың қажеті жоқ, бұл өз кезе­гін­де оны апа­ра­тын жол мен жер­гілік­ті аймақтар­ды таза ұста­уға өз сеп­ті­гін тигізуде.

Топы­рақ сула­рын қорғау және жер­дің тозуы­мен күре­су мақ­са­тын­да Төле­би ауда­ны, Лен­гір қала­сын­да орна­ласқан мүге­дек бала­лар­дың мек­теп-интер­на­ты үшін эко­сан­туа­лет құры­лы­сын жүр­гі­зу жоспарлануда.

Облы­ста эко­ло­ги­я­лық бағыт­та 4 үкі­мет­тік емес ұйым жұмыс жасай­ды. «Өгем» қоғам­дық бір­ле­сті­гін тара­пы­нан табиғи аймақты сақтап қалу мақ­са­тын­да эко­аг­ро­ту­ризмді дамы­ту бой­ын­ша жаңа жоба іске асу­да. Аталған жоба өңір­ге кел­ген тури­стер­ге «жасыл» тех­но­ло­ги­я­лар­ды күн­делік­ті өмір­ге енді­ру бой­ын­ша шебер-сынып­тар көр­сетіліп, демо­учас­ке­лер­де 16 сая­хат жүр­гізіл­ді. Табиғи жол­мен энер­гия көзін ашып, өңір­дің эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын жақ­сар­ту бой­ын­ша да бірқа­тар шара­лар атқа­рыл­ды. «Өгем», «ЭКО-Ата­ме­кен» қоғам­дық бір­ле­стік­тері Сай­рам-Өгем, Қара­тау қоры­қта­рын­дағы табиғат­ты қорғау мақ­са­тын­да 7 эко­ак­ция өткізіп, жер­гілік­ті тұрғын­дар мен тури­стер­дің эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру­да үлесі ерекше болды.

Алдағы уақыт­та «Қазав­то­жол» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ арқы­лы Түр­кістан облы­сы аймағын­да орна­ласқан ақы­лы авто­жол­дар­дың бақы­лау бекет­тері­нен өткен авто­көлік иелеріне «Құр­мет­ті жол жүр­гі­зу­ші, таза­лық сақтап, жол бой­ын­да қоқыс таста­мау­ла­ры­ңы­зды сұрай­мыз! Бұл – біздің Қаза­қстан, бұл – Таза Қаза­қстан!» мәтін­ді SMS-хабар­ла­ма­лар­ды жібе­ру жос­пар­ла­ну­да. Облыс әкі­мі Дар­хан Саты­бал­ды­ның баста­ма­сы­мен «Үлгілі ауыл» облы­стық бай­қа­уы бастау алды. Бұл өз кезе­гін­де «Таза Қаза­қстан» эко­ло­ги­я­лық акци­я­сы­ның жалға­сы болып табылады.

Бай­қау екі кезең­нен тұра­ды: 1‑кезең – аудан­дық, яғни облы­стағы 15 аудан, қала­да бай­қа­удың аудан­дық кезеңін өткі­зу үшін арнайы комис­си­я­лар құры­лып, 1 қыр­күй­ек­ке дей­ін құжат­тар қабыл­да­на­ды. Жеңім­паз ауыл­дар облы­стық комис­си­яға ұсы­ны­лып, 1 қара­шаға дей­ін «Үлгілі ауыл» жеңім­па­зы аны­қта­ла­ды. Эко­ло­ги­я­лық акци­я­ны табысты жүзе­ге асы­рған ауыл­дар ара­сы­нан жеңіп шыққан жүл­де­гер­ге бір әле­умет­тік нысан салы­на­ды. Біре­гей жоба «TurkistanTV» телер­на­сы эфи­рін­де «Үлгілі аула» тележо­ба­сы арқы­лы насихатталуда.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, осы бағыт­тағы жұмыстар бір рет­тік акция емес, елі­мізді көгал­дан­ды­ру және абат­тан­ды­ру бағы­тын­дағы тұрақты түр­де іске асы­ры­ла­тын жұмыстар болып жалға­сын таба­тын болады.

Республиканский еженедельник онлайн