Воскресенье , 15 июня 2025

Астанада радиоэлектрондық күрес мамандарының жиыны ұйымдастырылды

43988 әске­ри бөлі­мін­де Қару­лы күш­тер түр­лері мен әскер тек­тері радио­элек­трон­дық күрес маман­да­ры­ның оқу-әдісте­мелік жиын­да­ры ұйымдастырылды. 

Офи­цер­лік құрам­мен сабақтар тәжіри­бе алма­су, жаңа білім мен дағ­ды­лар­ды иге­ру мақ­са­тын­да өткізіліп отыр. Жиы­нға қаты­су­шы­лар қазір­гі заманғы қару­лы қақты­ғы­стар­дың ерекшелік­терін еске­ре оты­рып, РЭК күш­тері мен құрал­да­рын қол­да­ну­ды зер­де­леді. Бұл өз кезе­гін­де РЭК жос­пар­лау және тех­ни­ка­лық бар­ла­у­ға қар­сы іс-қимыл кезін­де біры­ңғай тәсіл­дер­ді әзір­ле­у­ге мүм­кін­дік береді.

Офи­цер­лер­дің кәсі­би дең­гей­ін арт­ты­руға, әртүр­лі бөлім­ше­лер ара­сын­дағы үйле­сті­ру мен өза­ра іс-қимыл­ды жақ­сар­туға бағыт­талған жиын­дар елдің қорға­ныс қабілетін нығай­туға және ҚР Қару­лы күш­терінің жауын­гер­лік әзір­лі­гін арт­ты­руға ықпал ететін болады.

Республиканский еженедельник онлайн