Пятница , 4 июля 2025

Әскери қызметшілер Каспий теңізінде екі адамды құқарды

«Маңғы­стау» зымы­ран-артил­ле­ри­я­лық кемесінің эки­па­жы­на жедел кезек­ші­ден сап­борд мін­ген екі адам­ды теңіз толқы­ны ашық теңіз­ге алып кет­кені тура­лы хабар­ла­ма келіп түсті. Бұл кез­де Әске­ри-теңіз күш­терінің кемесі жауын­гер­лік дай­ын­дық ауда­нын­да бола­тын. Эки­паж «Кеменің жүзуі. Жалғыз кеме­мен ұрыс қимы­лын жүр­гі­зу» кур­стық тап­сыр­ма­ла­рын орын­дап жүрген.

 «Маңғы­стау» кемесінің коман­ди­рі капи­тан-лей­те­нант Нұр­бек Талғат даб­ыл алған­нан кей­ін гид­ро­ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды еске­ре оты­рып, тез ара­да есеп жүр­гізді. Көп ұза­май кеме эки­па­жы­на іздеу-құтқа­ру жұмыста­рын бастау тура­лы бұй­рық берілді.

Әске­ри теңіз­шілер ашық теңіз­ге шығып кет­кен адам­дар­ды даб­ыл алған сәт­тен 4 сағат өткен соң жаға­дан 5–6 миль (шама­мен 10 шақы­рым­дай) жер­ден, «Жар­та­сты» мүй­іс аймағы­нан тапты.

 – Радио­ло­ка­ци­я­лық стан­ци­я­ның көме­гі­мен теңіз сек­то­рын зерт­те­ген әске­ри бай­ла­ныс және радио­тех­ни­ка­лық қыз­мет коман­да­сы­ның стар­ши­на­сы аға мат­рос Әзім­хан Әмір­ха­нов сер­гек­тік пен жоға­ры жауын­гер­лік дағ­ды­ла­рын көр­сет­ті, – деп түсін­дір­ді кеме командирі. 

Сап­борд мін­ген жас жігіт­тер­де екі ада­мға бір ескек қана болға­ны аны­қтал­ды. Теңіз­шілер олар­ды кеме­ге көтеріп, алға­шқы меди­ци­на­лық көмек көр­сет­ті. Құтқа­ры­лған аза­мат­тар шұғыл түр­де Ақтау пор­ты­на жеткізілді

Республиканский еженедельник онлайн