Пятница , 4 июля 2025

Гвардейск гарнизонының әскери қызметшілері Атырау облысында жүз шақырымдық бөгет қойды

Аты­рау облы­сы­нан тұрақты орна­ла­су пункт­теріне 400-ден аса Отан қорға­у­шы орал­ды. Олар­дың ара­сын­да танк және артил­ле­ри­я­лық бри­га­да­лар­дың әске­ри қыз­мет­шілері, сон­дай-ақ әске­ри дәрі­гер­лер бар.

Гар­ни­зон­ның жеке құра­мы Аты­рау облы­сы­ның Ақжар, Ақсай, Алма­лы, Бесік­ті, Жаңа­та­лап, Талқай­ран елді мекен­дері маңын­дағы су тасқы­ны­на қар­сы іс-шара­ларға тар­ты­лған болатын.

Қорға­ны­сты қам­та­ма­сыз ету үшін әске­ри қыз­мет­шілер құм тол­ты­ры­лған қап­тар­мен кедер­гілер жаса­ды. Олар жал­пы ұзын­ды­ғы жүз шақы­рым­нан аса­тын жер­ге тосқа­уыл қой­ып, тасқын судың бетін қайтарды.

Ол үшін 800 мың­нан астам қап құм дай­ын­да­лып, төсел­ді. Сон­дай-ақ, аймақта су тасқы­ны­нан зардап шек­кен жер­гілік­ті тұрғын­дарға және қажет болған жағ­дай­да әске­ри қыз­мет­шілер­ге білік­ті көмек көр­се­тетін әске­ри дәрі­гер­лер тобы да жұмыс істеді.

Ісса­пар­дан оралған жауын­гер­лер­ді Гвар­дейск гар­ни­зо­ны­ның басты­ғы пол­ков­ник Ержан Мей­ір­ма­нов қар­сы алды.

– Күр­делі жағ­дай­да тәу­е­кел­ге бел шешіп, бір ұжым­да су тасқы­ны­на қар­сы күре­сте жанқи­яр­лық көр­се­те біл­діңіз­дер. Сол үшін сіз­дер­ге шын жүрек­тен алғыс айта­мын, – деді ол.

Еңбе­гі­мен ерекше көз­ге түс­кен әске­ри қыз­мет­шілер гра­мо­та­лар­мен және алғыс хат­тар­мен мара­пат­та­лып, 10 күн­дік дема­лыс берілді.

Республиканский еженедельник онлайн