Четверг , 3 июля 2025

Қазақстандық десантшылар Тәжікстандағы оқу-жаттығуға қатысуда

Екі­жақты так­ти­ка­лық-арнайы оқу-жат­ты­ғу­лар Қаза­қстан мен Тәжік­стан Қару­лы күш­тері әске­ри қыз­мет­шілерінің қаты­суы­мен өтіп жатыр. Іс-қимыл­дар «Магоб» оқу орта­лы­ғын­да қызу үстінде.

Бір­лес­кен оқу-жат­ты­ғу­ды өткі­зу тура­лы шешім биы­лғы жыл­дың сәуір айын­да Душан­бе­де өткен шта­б­тық келіс­сөз­дер­де қабыл­данған бола­тын. Кез­де­су­де тарап­тар Орта­лық Азия өңірін­де­гі тер­ро­ри­стік және діни-экс­тре­ми­стік ұйым­дар­дың қыз­метіне бай­ла­ны­сты әске­ри-сая­си жағ­дай­ды, қауіп-қатер­лер мен сын-теге­урін­дер­ді талқы­ла­ды. Осы­ған сәй­кес оқу-жат­ты­ғу­дың маз­мұ­ны әзір­леніп, тау­лы жер­де ұрыс жүр­гі­зу тәсіл­дері модельденді.

Қаза­қстан Десант­тық-шабуыл­дау әскер­лері мен қабыл­да­у­шы тарап­тың арнайы мақ­сат­тағы бөлім­ше­лерінің әске­ри қыз­мет­шілері тау­лы жер­лер­де оқу-жауын­гер­лік мін­дет­тер кешенін пысықтайды.

Оқу-жат­ты­ғу­лар бөлім­ше­лер­дің дала­лық дағ­ды­ла­рын жетіл­ді­ру, тау­лы жер­де арнайы іс-шара­лар­ды орын­дау кезін­де коман­дир­лер­дің бөлім­ше­лер­ді басқа­ру­да тәжіри­бе алуы, сон­дай-ақ екі ел Қару­лы күш­терінің бөлім­ше­лері ара­сын­дағы өза­ра іс-қимыл мен тәжіри­бе алма­су мақ­са­тын­да өткізіледі. Оқу-жат­ты­ғу 9 мау­сы­мға дей­ін жалғасады.

Республиканский еженедельник онлайн