Суббота , 26 апреля 2025

Өскемендегі металлургия кешені автоматтандырылды

Өндірістің қор­шаған ортаға зия­нын азай­ту мақ­са­тын­да Рид­дер метал­лур­ги­я­лық кешені мен Рид­дер тау-кен бай­ы­ту кешенін­де авто­мат­тан­ды­ры­лған эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг жүй­есі орнатылды.

Күкірт қышқы­лы бөлім­ше­сі мен вельц­теу цехы­ның түтін құбыр­ла­ры­на орна­ты­лған дат­чик­тер азот оксид­терінің, күкірт диок­сидінің, көмір­тек оксидінің және шаң­ның шоғыр­ла­нуын ұдайы көр­сетіп тұра­тын бола­ды. Соның нәти­же­сін­де өндіріс үдерісін­де пай­да болған газ енді тазар­ты­лып шығарылады.

Мұн­дай жаб­ды­қтар ком­па­ни­я­ның облыс орта­лы­ғын­дағы  зауыт­та­рын­да бұрын­нан бар екенін айта кету керек. Маман­дар соны­мен қатар Рид­дер метал­лур­гия және кен бай­ы­ту кешен­дерінің сарқын­ды сула­ры ағып шыға­тын  орны­на да арнайы дат­чик қой­ды. Бұл жүйе рН-орта, су шығы­ны, тем­пе­ра­ту­ра­сы, элек­трөт­кіз­гі­шті­гі және лай­лы­лы­ғы бой­ын­ша бақы­лау жүр­гізу­ге мүм­кін­дік береді.

– Ком­па­ни­я­ның бар­лық өндірістік нысан­да­рын­дағы шыға­рын­ды және лақты­рын­ды көз­дерін­де авто­мат­тан­ды­ры­лған мони­то­ринг жүй­есін орна­тыл­ды. Біз бұл жүй­ені өңір­де бірін­ші болып енгізіп, жаңа Эко­ло­ги­я­лық кодекс тала­бын орын­да­дық. Авто­мат­тан­ды­ры­лған эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг жүй­есі орна­туға төрт мил­ли­ард тең­ге­ден астам қара­жат жұм­сал­ды,  – деді «Каз­цинк­тің» бас  эко­ло­гы Қазтай Тәкеев.

Дат­чик­тер ақпа­ра­ты онлайн режі­мін­де эко­ло­гия және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гіне түседі. Авто­мат­тан­ды­ры­лған эко­ло­ги­я­лық мони­то­ринг жүй­есіне хабар­лау жүй­есі де қосы­лған,  бұл ластағыш заттар­дың шоғыр­ла­нуы өзгер­ген жағ­дай­да қыз­мет­кер­лер­дің шұғыл шара қол­да­нуы­на мүм­кін­дік береді.

Кен­ді қала­да өндірістің қор­шаған ортаға әсерін азай­туға бағыт­талған жұмыс әлі жалға­са беретінін айта кет­кен жөн. Атап айтқан­да, 2017 жыл­дан 2023 жылға дей­ін­гі ара­лы­қта шах­та сула­ры­ның он рет шығып кетуінің сегізі жой­ыл­ды. Соның нәти­же­сін­де өзен желісіне түсетін тех­но­ген­ді жүк­те­ме 40 пай­ы­зға азай­ды. Осы мақ­сат­тағы жұмыстарға 350 мил­ли­он тең­ге­ге жуық қар­жы жұм­салған. Қазір­гі кез­де Рид­дер-Соколь­ный кені­шінің жұмыс істеп тұрған тазар­ту қон­ды­рғы­ла­ры қай­та құры­лу­да. Бұл жұмыс сарқын­ды сулар­ды тазар­ту тиім­ділі­гін арт­ты­руға мүм­кін­дік береді.

Республиканский еженедельник онлайн