Четверг , 3 июля 2025

СЫР БОЙЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БОЙ КӨТЕРДІ

Қызы­лор­да қала­сын­да өткен Қала күні қар­саңын­да облыс әкі­мі Нұр­лы­бек Нәлі­ба­ев­тың қаты­суы­мен «Жай­лы мек­теп» ұлт­тық жоба­сы аясын­да Қызы­лор­да­ның сол жаға­ла­у­ы­на  салы­нған 900 орын­дық білім ошағы­ның сал­та­нат­ты ашы­лу рәсі­мі өтті.

Іс-шараға жау­ап­ты сала­лар­дың, құқық қорғау орган­да­ры­ның бас­шы­ла­ры, Халы­қа­ра­лық Қарт­тар күні қар­саңын­да аймақ бас­шы­сы­ның арнайы шақыр­туы­мен бар­лық аудан­нан кел­ген арда­гер­лер, зия­лы қауым өкіл­дері қатысты.

Аймақ бас­шы­сы қала тұрғын­да­рын жаңа мек­теп­тің ашы­луы­мен құт­ты­қтап, жиналған жұрт­шы­лы­ққа ізгі тіле­гін айтты.

«Жас ұрпақтың білі­мі мен оқу-ағар­ту ісіне барын­ша көңіл бөлу – мем­ле­кеті­міздің ең маңы­зды мін­деті. Биыл өңір­дің білім сала­сы­на бөлін­ген қар­жы 262 млрд 100 млн тең­ге­ге жетіп, облыс бюд­жетінің 35,2 пай­ы­зын құрады.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның баста­ма­сы­мен «Жай­лы мек­теп» ұлт­тық жоба­сы елі­міздің бар­лық аймағын­да жүзе­ге асы­ры­лу­да. Ұлт­тық жоба аясын­да 740 мың оқу­шы­ға арналған 369 мек­теп салынады.

Осы жоба­мен өңірі­міз­де 12 300 оры­нға лай­ы­қталған 21 мек­теп салу жос­пар­ланған, оның 10-ның құры­лы­сы жүр­гізілу­де. «Жай­лы мек­теп» жоба­сын іске асы­ру арқы­лы аймағы­мы­здағы 4 апат­ты және 3 бей­ім­дел­ген мек­теп­тің мәсе­лесі түбе­гей­лі шеші­мін табады.

Бүгін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің тіке­лей қар­жы­лан­ды­руы­мен, «Самұрық-Қазы­на» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның үйле­стіруі­мен, 6 млрд 851 млн тең­ге­ге салы­нған облы­стағы алға­шқы 900 орын­дық «Жай­лы мек­теп» ел игілі­гіне берілу­де. Бұл ғима­рат Қызы­лор­да қала­сы­ның сол жаға­ла­уы тұрғын­да­ры­ның мем­ле­кет­тік мек­теп­ке деген сұра­ны­сы­на толық жау­ап береді.

Білім орда­сын­да шәкірт­тер­дің бар­лық пән­ді оқып үйре­нуіне, ұста­здар­дың шығар­ма­шы­лы­қ­пен еңбек етуіне толық мүм­кін­дік жасалған. Өске­лең ұрпақтың игілі­гі үшін Жаңақорған, Шиелі аудан­да­рын­да 200 орын­дық оқу­шы­лар үйі мен 50 орын­дық өнер мек­тебі, «Саут­сОйл» ком­па­ни­я­сы­ның деме­ушілі­гі­мен музы­ка­лық кол­ле­дж­дің жаңа ғима­ра­ты, Шығар­ма­шы­лық-инно­ва­ци­я­лық орта­лық, «Білім­ді қол­дау қоры» есебі­нен физи­ка-мате­ма­ти­ка мек­теп-интер­на­ты салы­ну­да. Мек­теп-интер­нат екін­ші тоқ­сан­да пай­да­ла­нуға беріледі.

Жаңа мек­теп салу, апат­ты мек­теп­тер мен үш ауы­сым­дық оқы­ту­ды жою – білім сала­сын­дағы басым бағыт­тың ең маңы­здысы. Осы білім ошағын­да ұстаз бен шәкірт, мек­теп пен ата-ана бай­ла­ны­сы артып, алды­ңғы буын­ның ізгі жолын жалғаған білім­ді де талант­ты, сана­сы сер­гек, ойы ұшқыр, бәсе­ке­ге қабілет­ті жас ұрпақ тәр­би­е­леніп шыға­ры­на сені­мі­міз мол.

Жаңа оқу жылын­да биік табыст­арға қол жет­кізіп, алға қой­ған мақ­сат­та­ры­ңыз орын­дал­сын! Ел мүд­десі жолын­дағы игі істер­ді бір­ге атқа­рай­ық, жетістік­ке бір­ге жетей­ік! Еге­мен елі­міздің ертеңі еңселі, тәу­ел­сізді­гі­міз тұғыр­лы болғай!», – деді Нұр­лы­бек Нәлібаев.

Жиын­да «Самұрық-Қазы­на Кон­стракшн» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның басқар­ма төраға­сы Мәу­лен Айман­бе­тов қала тұрғын­да­рын жаңа мек­теп­тің ашы­луы­мен құт­ты­қтап, қаты­су­шы­ларға игі тіле­гін жеткізді.

Жыл соңы­на дей­ін 12 жаңа мек­теп және 4 мек­теп жанын­дағы қосым­ша құры­лыс аяқта­лып, пай­да­ла­нуға беріледі. Өткен жылы облыс орта­лы­ғын­дағы 4 мек­теп­ке 1 850 оқу­шы­ға арналған қосым­ша ғима­рат салын­ды. Бюд­жет­ке сал­мақ түсір­мей, қар­жы­ны үнем­деу арқы­лы орын тап­шы­лы­ғы, үш ауы­сым­ды оқы­туға көшуі мүм­кін  мек­теп­тер мәсе­лесі шеші­мін тапты.

Был­тыр 1 170 орын­дық 4 мек­теп, осы жыл­дың басында

550 орын­дық 2 мек­теп қол­да­ны­сқа беріл­ді. Биы­лғы жаңа оқу жылы қар­саңын­да Шиелі ауда­нын­да «Білім беру инфрақұры­лы­мын қол­дау» қоры­ның қар­жы­лан­ды­руы­мен 100 орын­дық, Жаңақорған ауда­нын­да жер­гілік­ті бюд­жет есебі­нен 150 орын­дық мек­теп­тер ел игілі­гіне табысталды.

Сал­та­нат­ты іс-шара­да зама­на­уи білім орда­сы­ның құры­лы­сын жүр­гіз­ген мер­ді­гер меке­менің қыз­мет­кер­лері облыс әкі­мінің Алғыс хаты­мен марапатталды.

Республиканский еженедельник онлайн