Воскресенье , 4 мая 2025

ЛГБТЖАУЫЗҰЙЫМ

Қаза­қстан Республикасының 

Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке! 

ҚР Бас про­ку­ро­ры Берік Асы­ло­вқа!

Бүгін­гі жол­да­на­тын сау­ал – шегіне жет­кен шыдам­ның, тап­та­лу­дан төзі­мі тау­сы­лған намыстың ащы дауы­сы деп түсініңіздер.

Қаза­қстан мем­ле­кеті тәу­ел­сіздік алға­лы есі­гі­нен доc та, дұшпан да еркін кіре баста­ды. Ол жасы­рын емес. Доспен табысып, бауы­ры­мыз бүтін­дел­ді деп қуанға­ны­мы­з­бен, арам пиғыл­да­рын іске асы­руға кел­ген дұшпан­дар жаны­мы­зды ауыр­тып жүре­гі­мізді жұлуға сәл қалып тұр. Солар­дың біре­гейі қазақ жаста­рын азғын­да­тып, бола­шағы­мы­здың тамы­ры­на бал­та шапқы­сы келетін әлем­дік дең­гей­де­гі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феми­ни­та қауымдастығы.

Аз ғана уақыт­та жаста­ры­мы­зды азғын­ды­ққа жетек­те­ген жексұрын ұйым­дар бүгін­де мем­ле­кет­тің әре­кет­сізді­гі­нен әбден басқа шауып, төс­ке өрледі. Өйт­кені аталған ұйым өңір­лер­ді ара­лап, кәме­лет­ке тол­маған ұл-қызда­ры­мы­зға өз наси­хат­та­рын ашық жүр­гіз­ген­де, Алма­ты­ның көше­лерін­де өрім­дей жастар­ды жинап алып митинг өткіз­ген­де де, ашық сұх­бат­тар­да басқа­сын былай қой­ып, тіп­ті 2 апта­да 50 мың­нан астам қол жинаған Бағи­ла Балға­ба­е­ва­ның баста­ма­сы­мен жазы­лған пети­ци­яға да даб­ыл қағып, әрқай­сысы­на 11 Мәжіліс депу­та­ты қол қой­ып, сау­ал жол­даған­да да, құқық қорғау орган­да­ры сау­сақ қозғал­тқан жоқ.

Осы­дан кей­ін еш жаза­ға тар­тыл­ма­сы­на көзі жет­кен азғын­дар күні кеше Алма­ты­да құры­л­тай өткі­зетінін ашық хабар­ла­ды. Әлім­сақтан ел мен жер­дің, ұлыс пен ұлт­тың тағ­ды­ры талқы­ла­на­тын құры­л­тай деген қастер­лі ұғым­ды осын­ша төмен­дет­кен­де, біз неге қарап қалуы­мыз керек?!

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі үйле­стір­ген елі­міздің Ұлт­тық құры­л­тай­ы­ның маңы­зы мен мағы­на­сы­на нұқ­сан кел­тіретін бұл феми­ни­та азғын­да­ры­на неге тоқтау жоқ?! Олар­дың артын­да кім тұр, оларға қар­жы бөлетін кім­дер және олар­дың көз­де­ген түп мақ­са­ты не? 

Сон­да қалай?! Әншей­ін­де кез кел­ген мәсе­лені май­шам­мен қарай­тын құқық қорғау орган­да­ры ЛГБТ ұйы­мы­на кел­ген­де «тәр­тіп­ті қауқар­сыз» бола қала ма? 

«Малғұн­нан асқан мыстан жоқ,

Азғын­нан асқан дұшпан жоқ», –

екенін естеріңіз­ге тағы салай­ын ендеше.

Құр­мет­ті Олжас Абайұлы! 

Құр­мет­ті Берік Ноғайұлы!

Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре оты­рып, Сіз­дер­ден Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2005 жылғы 18 ақпан­дағы «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қимыл тура­лы» № 31 Заңы­ның 1‑бабына сәй­кес, феми­ни­та қауым­да­сты­ғы­на Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­да шек­теу қою­ды және ЛГБТ-ны наси­хат­та­уға толы­қтай тый­ым салу­ла­ры­ңы­зды талап етеміз!

Құр­мет­пен Ринат ЗАЙЫТОВ,

«AMANAT» пар­ти­я­сы депутаты

Республиканский еженедельник онлайн