Четверг , 3 июля 2025

Авторитаризмге қарсы шыққан ең алғашқы депутат

Әділет­ті қоғам құруға ұмты­лған қазақ қоға­мы үлкен қаза­ға ұшы­ра­ды. 62 жасқа толар шағын­да ғасыр басын­да құры­лған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» пар­ти­я­сы­ның қозға­лы­сы құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі, екін­ші шақы­ры­лым­дағы Мәжіліс депу­та­ты, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Төлен Мұха­ме­диұ­лы Тоқ­та­сы­нов қай­тыс болды.

Ол 1962 жылы 9 қазан күні дүни­е­ге кел­ді. Еңбек жолын орта мек­теп­ті бітір­ген соң 1980 жылы Семей жүн өңдеу фаб­ри­ка­сын­да жүк тасы­мал­да­у­шы болып баста­ды. Отан алдын­дағы әске­ри қыз­метін атқа­рып кел­ген соң 1983 жыл­дан Семей құра­с­тыр­ма­лы темір-бетон ком­би­на­тын­да бетон­шы болып істе­ді. 1989 жылы Алма­ты сәу­лет-құры­лыс инсти­ту­тын инже­нер-тех­но­лог-құры­лыс­шы маман­ды­ғы бой­ын­ша бітіріп, тағы осы ком­би­нат­та арма­ту­ра­лық цех шебері, жетек­ші инже­нер, құры­лы­стық-деко­ра­ци­я­лық көр­кем­деп-қап­та­у­шы тастар­ды өнер­кәсіп­тік өңдеу белі­мінің басты­ғы, ком­со­мол ұйы­мы­ның хат­шы­сы болып еңбек жолын жалғастырды.

1991 жыл­дан «Айқас» өндірістік фир­ма­сы­ның дирек­то­ры, 1995 жыл­дан «АЛЕЛ» қар­жы-инве­сти­ци­я­лық алтын өңдей­тін ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры – «Капо­ли­граф» АҚ пре­зи­ден­ті, 1997 жыл­дан «Капо­ли­граф» АҚ және «АЛЕЛ» АҚ Дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы қыз­метін­де бол­ды. 2000 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты болып сайланып,Экология және табиғат­ты пай­да­ла­ну мәсе­ле­лері жөнін­де­гі коми­тет­тің мүше­сі, «Эко­ло­гия» депу­тат­тық тобы­ның жетек­шісі бол­ды. 2004 жыл­дан Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы ОК хат­шы­сы қыз­метін атқарды.

2001 жылы Төлен Тоқ­та­сы­нов «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қозға­лы­сын құруға атса­лы­сты. Бұл ұйым 2004 жыл­дың ақпан айы­нан 2005 жыл­дың қаңта­рын­да жабы­лғанға дей­ін пар­тия ретін­де жұмыс істеп тұр­ды. Сол жылы депу­тат Тоқ­та­сы­нов елде­гі ақпа­рат­тық ресур­стар Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қызы «Дариға Назар­ба­е­ва мен оның күй­е­уі Рахат Әли­ев­ке шоғыр­ланған» деп мәлімдеді.

2022 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­нан ол ҚДТ-ның сая­си кеңесіне жетек­шілік етті.

Қоғам қай­рат­кер­лері, Мәжіліс депу­тат­та­ры марқұм­ның аза­мат­тық ұста­ны­мы, адем­гер­шілік қаси­ет­тері жай­ын­да ұнам­ды пікір біл­дір­ді. «Төлен Тоқ­та­сы­но­вты жас ұрпақ көп біле бер­мес. Бірақ Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін қалып­та­сты­ру жолын­дағы елге қыз­мет еткен мықты қай­рат­кер­лер­дің бірі бол­ды. Пар­ла­мент­тің екін­ші шақы­ры­лы­мын­да депу­тат бол­ды. Қаза­қстан­ның пар­ла­мен­та­риз­мі тарихын­да авто­ри­та­ризм­ге, жеке дара билік­ке ең алғаш рет қар­сы тұрған адам. Қаза­қстан пар­ла­мен­тін­де елі­міз­де­гі ең ықпал­ды әулет­тің қыса­сты­ғы­на қаты­сты ресми мәлім­де­ме жасаған алға­шқы депу­тат болды.

Төлен Тоқ­та­сы­нов секіл­ді 2019 жылға дей­ін, тіп­ті 2022 жылға дей­ін пар­ла­мент­те елде­гі авто­ри­та­ризмді айып­таған тұлға болған жоқ. Рас, бас­пасөз­де айтыл­ды, жазыл­ды. Бірақ билік мін­бері­нен айты­лған жоқ.

Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің үкі­меті жер сатуға рұқ­сат беретін заң жоба­сын пар­ла­мент­ке ұсы­нған кез­де жеті депу­тат қар­сы шықты. Осы жете­удің бірі –Төлен Тоқ­та­сы­нов еді. 1990-шы жыл­дар­дың аяғы мен 2000-шы жыл­дар­дың басын­да «Қаза­қ­гейт» деген шырға­лаң пай­да бол­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Швей­ца­ри­ядағы шотын­да пара ретін­де алы­нған 98 млн дол­лар­дың жатқа­ны тура­лы мәлім­де­ме жасаған үш депу­тат­тың бірі де Төлен еді. Осы­дан-ақ оның елге шын пей­ілі­мен қыз­мет еткен қай­рат­кер екенін аңға­руға бола­ды. Біз осын­дай аза­мат­тан айы­ры­лып отыр­мыз», – деді Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи.

Ал Мәжілістің тағы бір депу­та­ты Айдос Сарым: «Төлен Тоқ­та­сы­нов Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да өз орны бар, өр мінезді, жүрек­ті, бол­мысы ерекше, қай­рат­кер аза­мат еді. Соңғы кез­де басы­на түс­кен жағ­дай­лар­дан ден­са­улы­ғы­на сызат түс­кен шығар.

2001 жылы Үкі­мет­те дағ­да­рыс болған кез­де ерекше көз­ге түсті. Шын­ды­қты шырқы­ра­тып айт­ты. Бүгін көп сына­лып жатқан «Ескі Қаза­қстан» тура­лы жұрт­тың дені айта алмай оты­рған кез­де ашық айтқан аза­мат бол­ды. Сон­ды­қтан Төлен Тоқ­та­сы­нов елі­міздің жаңа тарихын­да ойып тұрып орын алға­ны анық. Иман­ды бол­сын! Туған-туы­ста­ры­на қай­ғы­рып көңіл айта­мыз», – деген тіле­гін жеткізді.

Қан­ша қай­ғыр­сақ та тағ­дыр­дың жазуын өзгер­те алмай­мыз. Осын­дай асыл аза­мат, сана­лы өмірін­де Әділет­ті Қаза­қстан құру үшін күрес­кен нағыз қай­рат­кер­ден айы­ры­лып қал­дық. Ауыр қаза­ға бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, ниет­тес доста­ры мен әріп­те­стеріне «Дат» газеті редак­ци­я­сы­ның ұжы­мы аты­нан терең қай­ғы­ру­мен көңіл айта­мыз. Жаратқан иеміз сүй­ген құлы­на балап, жән­нат­тан орын бергей!

Республиканский еженедельник онлайн