Пятница , 4 июля 2025

Кәсіпкерлерді  КІМ қорғайды, КІМ қудалайды?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі  Олжас Бектеновке

ҚР Бас про­ку­ро­ры  Берік Асы­ло­вқа

Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен 2021 жылы 15 қазан­да бекітіл­ген «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның құқы­қтық сая­са­ты­ның 2030 жылға дей­ін­гі тұжы­рым­да­ма­сы» елдің құқы­қтық жүй­есін дамы­ту­ды көз­дей­тін маңы­зды құжат болып табы­ла­ды. Тұжы­рым­да­ма­ның тұтас бір бөлі­мі кәсіп­кер­лер­дің құқы­қта­рын қорғау мен олар­ды негіз­сіз қыл­мыстық іс жүр­гі­зу орби­та­сы­на тарт­па­уға арналған.

Алай­да қазір­гі кез­де осы талап­тар­дың орын­да­луы жет­кіліксіз дәре­же­де. Кәсіп­кер­лер­ге қаты­сты тер­геу жүр­гі­зу құқы­ғы Қаза­қстан­да бір­не­ше құқық қорғау орга­ны­ның құзы­ретін­де. Атап айтқан­да, арнайы про­ку­рор­лар, ішкі істер орган­да­ры, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­мен күрес агент­ті­гі (ҚМА/АФМ), сон­дай-ақ Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет (Анти­кор) биз­не­сті тер­ге­у­ге қаты­су өкілет­тілік­теріне ие.

Бұл құры­лым­дар­дың көп­ті­гі биз­не­сті қорғау сала­сын­дағы тәр­тіп­ті нығай­туға кедер­гі кел­тіреді. Бір­не­ше орган­ның бір сала­да өкілет­тілік­ке ие болуы тер­геу жұмыста­ры­ның қай­та­ла­нуы­на, кәсіп­кер­лер­дің заң­сыз тек­серілуіне және негіз­сіз әкім­шілік қысы­мға әке­лу­де. Осы­ған бай­ла­ны­сты құқы­қтық сая­сат тұжы­рым­да­ма­сы­ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету мін­деті жүк­тел­ген Үкі­мет кәсіп­кер­лер­ге қаты­сты тер­геу жұмыста­рын жүр­гі­зетін орган­дар санын қысқар­ту бағы­тын­да нақты шара­лар қабыл­да­уы қажет.

Қазір­гі таң­да кәсіп­кер­лер­ді әуре­ге салу­дың кең тараған тәжіри­бе­лерінің бірі – суб­мер­ді­гер­лер­дің төле­ме­ген салы­қта­ры үшін қыл­мыстық іс аясын­да бас мер­ді­гер ком­па­ни­я­ны тек­се­ру. Тек­се­ру­лер әдет­те бір­не­ше айға созы­ла­ды. Бұл кәсіп­кер­лер­ге артық әкім­шілік жүк­те­ме артып, олар­дың заң­ды құқы­қта­рын бұзады.

Құқы­қтық сая­сат тұжы­рым­да­ма­сы­на сәй­кес, биз­неске негіз­сіз жау­ап­кер­шілік жүк­теу мен тек­се­ру­лер­ді азай­ту мін­деті қой­ы­лған. Салық заң­на­ма­сы­ның орын­да­луын қадаға­лау – салық орган­да­ры­ның тіке­лей мін­деті. Бас мер­ді­гер­лер­ді суб­мер­ді­гер­лер­дің салық мін­дет­те­ме­лері үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту әділет­сіз және кәсіп­кер­лік­ке заң­сыз қысым көр­се­ту­ге әкеледі.

Менің пап­кам­да был­тыр­дан бері әртүр­лі кәсіп иелері­нен түс­кен арыз-шағым­дар жиналған, солар­дың кей­біріне тоқталсам:

Аста­на­лық ішкі істер орган­да­ры отан­дық кәсіп­кер Азат Кәрім­ді қытай­лық кәсіп­кер Лу Жун­ның арызы­мен ауыр бап бой­ын­ша қамауға алып, бір­не­ше ай тер­ге­ген соң, қыл­мыс бел­гілері жоқ деп, істі қысқар­тып, күдік­тіні боса­туға мәж­бүр бол­ды. Ал уақы­тын­да осы мәсе­ле­ге про­ку­ра­ту­ра­ның наза­рын ауда­руға бір­не­ше мәр­те тырыс­сақ та, біз­ге ешкім құлақ аспап еді.

Алма­ты­ның эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­ды тер­геу депар­та­мен­ті реви­зия, аудит қоры­тындысы бол­маға­ны­на қара­ма­стан, «NORVIS» ЖШС-не қыл­мыстық істі заң­сыз тір­ке­ген. Осы­ған ұқсас жағ­дай Қараған­ды қала­сын­да жер­гілік­ті Анти­кор «Кара­ган­да­лик­вид­шахт» ЖШС-не аудит қоры­тындыс­ын шағым кел­ті­ру құқы­ғын сақта­май қыл­мыстық істі заң­сыз тіркеген.

Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің орта­лық аппа­ра­ты швей­ца­ри­я­лық инве­стор «Kazkom SE» АҚ-на қозғаған ісін тер­геп жатқа­ны­на 16 айдан асты. Өз кезе­гін­де мұнай-газ қорын зерт­те­у­ге 20 млн дол­лар­дан астам ақша салған, 15 млрд-тан астам салық төлеп, 1 мың­дай адам­ды жұмыспен қам­тып оты­рған атал­мыш ком­па­ния қазір тұра­лап тұр.

Жал­пы тер­геу бары­сын­да кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілер­дің құқы­ғын бұзуға қаты­сты мысал­дар жетіп-арты­ла­ды. Осы­лар­дың іші­нен әсіре­се әле­умет­тік-сая­си тұрғы­да сезім­тал аймаққа жата­тын Маңғы­стау өңірін­де­гі жағ­дай біздің ерекше алаң­да­у­шы­лы­ғы­мы­зды туды­ра­ды. Бұл аймақта жоға­ры­да аталған құқық қорғау орган­да­ры ара­сын­да биз­нес субъ­ек­тілеріне қаты­сты қыл­мыстық істер қозға­удан қазір жарыс жүріп жатқан­дай әсер қал­ды­ра­ды. Мұн­дай жағ­дай­лар кәсіп­кер­лік­тің дамуы­на кедер­гі кел­тіріп қана қой­май, жал­пы аймақтағы әле­умет­тік тұрақты­лы­ққа да теріс әсер етеді.

Осы аталған­дар­дың негізін­де Үкі­мет басшысынан:

– кәсіп­кер­лер­ге қаты­сты тер­геу жұмыста­рын жүр­гі­зетін орган­дар санын қысқар­ту және салы­қтық тек­се­ру­лер­ге қаты­сты биз­нес субъ­ек­тілер­дің жау­ап­кер­шілік шегін аны­қтау бағы­тын­да нақты заң­на­ма­лық шара­лар қабылдауды;

Бас Про­ку­рор­дан:

– Маңғы­стау өңірін­де­гі құқық қорғау орган­да­ры­ның өкілет­тік­терін үйле­сті­ру арқы­лы кәсіп­кер­лер­ді негіз­сіз қысым­нан қорғау үшін шұғыл шара­лар қабыл­да­уды сұраймыз.

Біздің алаң­да­у­шы­лы­ғы­мы­зды туды­рып оты­рған істер­ді бөлек тізім­де ұсынамыз.

Бір­ман­дат­ты округ депутаттары – 

Абзал Құс­пан, Ермұрат Бапи

«Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның депутаттары – 

Еділ Жаң­быр­шин, Самат Мұсабаев

Республиканский еженедельник онлайн