Пятница , 4 июля 2025

Әскери дайындық сапасы төмен

«Бірін­ші­ден, мем­ле­кет­тік орган­дар әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­ені қоға­мға сіңі­ру үшін таба­ны­нан тау­сы­лып жүр­ген ұйым­дар­мен тығыз жұмыс істе­мей­ді. Әрине, әрбір күштік құры­лым­ның өз әске­ри-пат­ри­от­тық клу­бы бар. Сал­да­ры­нан әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­е­мен айна­лы­са­тын қоғам­дық ұйым­дар мем­ле­кет­тік орган­дар­дың наза­ры­нан тыс қала­ды. Мұн­дай­да келісіп піш­кен тон­ның кел­те бол­май­ты­нын еске­ру керек» – дей­ді депутат.

 Ол екін­ші мәсе­ле ретін­де «әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­енің ақпа­рат­тық жұмысы ақсап тұрға­нын» айтты. 

«Атқа­ры­лған шару­а­ны айту­мен шек­тел­мей, кей қоғам өкіл­дері теріс деп таны­ған, кей жағ­дай­да қара­ма-қай­шы келетін мәлі­мет­тер­ді де зерт­теп жари­я­лау қажет-ақ. Үшін­ші­ден, әске­ри-пат­ри­от­тық тақы­рып­тағы отан­дық теле­ви­зи­я­лық және ани­ма­ци­я­лық фильм­дер­дің жетіс­пе­ушілі­гі сезіледі. Төр­тін­ші­ден, оқу орда­ла­рын­дағы алға­шқы әске­ри дай­ын­дық пәнінің сапа­сы төмен­деп кет­кен. Соңғы жыл­да­ры сағат­та­ры да қысқа­рып қал­ды. Бесін­ші­ден, әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­ені қоға­мға жет­кі­зу үшін әуел­гі әбден ескір­ген тәсіл­дер әлі қол­да­ны­ла­ды (акци­я­лар, кон­церт­тер, кез­де­су­лер, сынып сағат­та­ры). Мұн­дай іс-шара­лар қазір­гі жастарға қызық емес екенін түсі­нетін кез кел­ді» – деді Нар­тай Сәрсенғалиев.

 Аталған мәсе­ле­лер­ді еске­ре оты­рып, әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­ені заң дей­гей­іне көте­ру осы бағыт­тағы қыз­мет­ті жан­дан­ды­руға мүм­кін­дік береді деп санай­ды депутат.

«Сәй­кесін­ше салаға жау­ап­ты мем­ле­кет­тік орган­дар­дың тізе қосып жұмыс істе­уіне мүм­кін­дік ашы­ла­ды, әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­ені орта­лық пен аймақтар­да терең наси­хат­тау үшін арнайы меха­низмдер қалып­та­са­ды. Бұл мақ­сатқа жету үшін елі­міз­де­гі бар­лық әске­ри-пат­ри­от­тық ұйым­дар­дың әле­уетін толық қол­да­ну қажет. Және әске­ри-пат­ри­от­тық ұйым­дар­дың жұмысы­на жанын салып жүр­ген жастар­ды ынта­лан­ды­ру шара­сын бекіту керек. Әске­ри-пат­ри­от­тық тәр­би­енің маңы­зды­лы­ғын еске­ре оты­рып мен осы заң жоба­сын қол­дай­мын және әріп­те­стерім­ді де қол­да­уға шақы­ра­мын» – деді депу­тат.Әли­хан АСҚАҚ

Мәжіліс депу­та­ты Нар­тай Сәр­сенға­ли­ев елде­гі әске­ри-пат­ри­от­тық салаға қаты­сты мәсе­ле көтер­ді, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz.

Республиканский еженедельник онлайн