Суббота , 5 июля 2025

Шәмілдің «Қубас тұлпар» күйі Ұлықтау рәсімінде орындала ма?

Қара­ша айы­ның басын­дағы әлем­дік сая­си оқиға – АҚШ-тағы пре­зи­дент сай­ла­уы бол­ды. Алып мем­ле­кет­тің 47-ші пре­зи­ден­ті болып, 2016–2020 жыл­да­ры осы лау­а­зым­да болған 45-ші пре­зи­дент, Рес­пуб­ли­ка­лық пар­ти­я­ның өкілі Дональд Трамп сай­лан­ды. Ол 75 492 424 сай­ла­у­шы, 312 таң­да­у­шы­ның дауы­сын жинап, қар­сы­ла­сы – Демо­кра­ти­я­лық пар­тия үміт­кері, АҚШ-тың қазір­гі вице-пре­зи­ден­ті, 72 350 340 сай­ла­у­шы, 226 таң­да­у­шы дауыс бер­ген Кама­ла Хар­ри­сті айқын басым­ды­қ­пен жеңді. Әлем­дік сая­сат­кер­лер мен сарап­шы­лар мұны «Трамп­тың тари­хи жеңісі» деп баға­лап отыр.

Қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, АҚШ-тың жаңа сай­ланған пре­зи­ден­тін ұлы­қтау рәсі­мі 2025 жыл­дың 20 қаңта­рын­да өте­ді. Оған көп­те­ген елдер­дің көш­бас­шы­ла­ры, көр­нек­ті мем­ле­кет қай­рат­кер­лері, әйгілі өнер жұл­ды­зда­ры шақы­ры­луы мүм­кін. Трамп­тың таққа оты­ру рәсі­міне қаты­суға қаза­қтың даңқты күй­ші-ком­по­зи­то­ры, Құр­манға­зы атын­дағы Ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­ның құр­мет­ті про­фес­со­ры Шәміл Әбіл­тай да үмітті.

Көп­шілік көріп­кел­дер сияқты, АҚШ-тағы пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да Дональд Трамп­тың жеңіс­ке жететінін алдын ала болжаған дәу­лес­кер күй­ші одан екі апта бұрын, 21 қазан күні хат жол­дап, қазақ халқы­ның тарихын­дағы айту­лы тұлға – Қабан­бай батыр баба­мы­зға арнаған «Қубас тұл­пар» күй­ін орын­дағы­сы келетінін жет­кізіп­ті. Енді Құдай қол­дап, Қыдыр ата жол­дас бол­са, қаза­қтың қоңыр дом­бы­рас­ы­ның үні Пари­жде ән салған Әмі­ре ата­мы­зға ұқсап, мұхит­тың арғы жағын­дағы Аме­ри­ка құр­лы­ғын күңірентпек!

Dear Mr. Donald Trump.

Greetings from Shamil Abiltay, Honorary Professor at the Kurmangazy Kazakh National Conservatory.

We have no doubt that you will win. I have been openly expressing this in Kazakhstan. I would like to perform my musical work on dombyra (kazakh national instrument) “Kübas Tulpar”, which embodies the image of a sacred steed that served the legendary Kazakh Warrior Kabanbai for 32 years, at your inauguration.

I have not consulted anyone in my country about this; it is a revelation that has come to me from Almighty.

If the hour of success arrives, my spiritual journey to the USA would be a golden bridge for the great friendship that will be established between our peoples. Amen!

I am a Kazakh Composer, Shamil Abiltay, who regards you as «The Giant of Humanity».

October 21, 2024

Республиканский еженедельник онлайн