Вторник , 13 мая 2025

Қытайдағы қазаққа ҚАМҚОР БОЛҒАН

Қадір­лі Әлия Жанәбілқызы!

Жаратқан­ның жар­лы­ғы­мен тір­шілік­те­гі дәм-тұзы тау­сы­лып, има­ны сала­мат болғыр Жанәбіл әкей­дің өмір­ден озуы­на бай­ла­ны­сты қай­ғы­ңа ортақ­та­сып, дос көңілім­ді айта­мын. Соны­мен бір­ге қай­ғы­ра біл­дір­ген бұл көңілім Ата­ме­кеніне бота­лап кел­ген қан­дас ағай­ын­дарға да бағытталады.

Енді біз Жанәбіл аға тура­сын­да өткен шақта сөй­ле­у­ге мәж­бүр­міз. Жәкем аға­тай бұры­лыс-бұра­лаңы көп ұзақ өмір жолын­да тұр­пат-тұлға­сын тік ұстап өткен, ада­ми абы­рой-беделі­мен еліне қыз­мет қылған аза­мат бол­ды. Шека­ра­сы сызы­қ­пен шек­тел­се де, рухы шексіз Қазақ деген жал­пақ елдің бір пұшпағы­на тіреу болып, мұңы мен шат­ты­ғы итжы­ғыс түс­кен халқы­на қамқор болуға бар ғұмы­ры мен аза­мат­тық күш-жігерін арнады.

Аума­лы-төк­пе­лі заман­дар­да қысқа шыл­быр уақыт пен қай­ы­сы қысқан сая­сат­тың тар қамы­ты­на мой­ын­сұ­на жүріп, «арғы бет­ке» өгей халқын өзе­уре­ген өзге­ден қорғай біл­ген бес қазақ бол­са, соның біре­гейі Жанәбіл марқұм еді. Елі үшін қылған қажыр-қай­ра­ты мен шапаға­тын көр­ген қазақ аз емес деп есті­гем. Енді­гісін тарих­тың таразысы сал­мақтап, ел аузын­дағы естелік­тер екшейді.

Енді, міне, қара шаңы­рақтың шығыс бүй­ірін тіре­ген самыр­сын­нан жонған қара уықтай болған аға­мыз мәң­гілік мекеніне атта­нып, артын­да қалған жал­пақ жұр­ты­на елдік­тің есіл мұра­сын тап­сы­рып кет­ті. Ол – ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы жолын­дағы ұлы істер алдын­да ұлты­мы­здың ұйы­су мұра­сы деп білемін!

Қай­ғы­ңа ортақ­пын, қазақ!

Қай­ғы­ң­ды бөлі­сем, Әлияш!

Сен арқы­лы бар­лық ағай­ын-бауыр­ла­ры­ңа көңіл айтам: Жаратқан құдірет Жанәбіл аға­ның алды­нан жары­лқап, мәң­гілік мекенін пей­і­ш­тен бұйыртсын!

Құр­мет­пен, Ермұрат Бапи – Қаза­қстан Республикасы

Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн