Түрік маршы

Шекарасы Ұлы дала – құлыпсыз,

Тап-таза ұлт – өмір кешкен былықсыз,

Сансыз ғасыр Батыс, Шығыс сескенген

«Түркі» емеспіз, қахарман ұлт TURK-піз.

«KULTEGIN»-де жазылғандай: «TURK»-піз!

Судың таза мөлдіріндей тұнықпыз!

Қиын сәтте жол бастаған КӨКБӨРІ

Қай дұшпаннан болса-дағы Ұлықпыз!

ҰМАЙ АНА – бесігінде жөргектен,

Қасиетті Алтай тауы тербеткен,

Ер Түріктей текті ұрпақты кім көрген,

Ұлы жорық, шайқастарда ержеткен…

Қаһарынан қас дұшпаны жасқанған,

Асқан Түрік небір асу-асқардан,

Сенбесеңіз, «Алаш маршы» кешегі

«Арғы атамыз – Ер Түрік» – деп басталған!

Қайран жүрек ұлты болып тулаған,

Оның үнін Ұлы Дала тыңдаған.

Жүсіпбектей қайсар ұлы «Алаштың»,

«Алаш маршын» – «Ер Түрік» – деп жырлаған.

Дүбір қосып, Ұлы Далам төсіне,

Ұлы тарих ой салады есіме…

Ұмытпайды Тәуелсіз Ел тарихын,

«Түркіміз» деп жалтақтаймыз несіне?..

Дүбірлетіп кісінеген тарлан көк,

Ұлт ертеңін армандаған жандар көп…

«Ер ТURK-піз» – деген барша TURK-тің

Маршы ойнаған күнді көрсем, арман жоқ!!!

Жұмаш Кенебай-Көкбөрі,ақын

Республиканский еженедельник онлайн