Вторник , 26 августа 2025

Түбі түркі – түгел бол!

Бір­не­ше күн бұрын Өске­мен қала­сын­да «Кет­бұқа-Төле­ге­тай» халы­қа­ра­лық қоғам­дық қоры­ның ұйым­да­сты­руы­мен Қаза­қстан-Аме­ри­кан­дық еркін уни­вер­си­теті және Ұлан ауда­ны­ның әкім­ді­гі бір­лесіп өткіз­ген «Алтай Аман­жо­ло­втың іргелі зерт­те­улері – түр­кі мәде­ни мұра­сын жаңғыр­ту­дың қай­нар көзі» атты халы­қа­ра­лық ғылы­ми-таным­дық кон­фе­рен­ция өтті.

Ауқым­ды шара есі­мі әлем­ге әйгілі түр­кіта­ну­шы ғалым Алтай Аман­жо­ло­втың туға­ны­на 90 жыл толуы­на арнал­ды. Оған отан­дық және шетел­дік ғалым­дар, жоға­ры оқу орын­да­ры­ның оқы­ту­шы­ла­ры, маги­странт­та­ры мен док­то­рант­та­ры, мәс­ли­хат депу­тат­та­ры, ұста­здар қауы­мы, мәде­ни­ет сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның, қоғам­дық ұйым­дар­дың өкіл­дері, мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер қатысты.

Қаза­қстан-Аме­ри­кан­дық еркін уни­вер­си­тетінің ғима­ра­тын­да өткен ауқым­ды іс-шара Қаза­қстан-Аме­ри­кан­дық еркін уни­вер­си­тетінің пре­зи­ден­ті, ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі Ере­жеп Мәм­бетқа­зи­ев­тің, Шығыс Қаза­қстан облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Ербол Нұрға­ли­ев­тің, «Кет­бұқа-Төле­ге­тай» халы­қа­ра­лық қоғам­дық қоры­ныңпре­зи­ден­ті Қай­рат Мусин­нің құт­ты­қтау сөз­дері­мен ашылды.

Кон­фе­рен­ция қаты­су­шы­ла­ры Түрік Республикасы,Стамбул уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры­Кюр­шат Йылдырымның,Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Гүл­ми­ра Мадиева,Өзбекстан Рес­пуб­ли­ка­сы, Әлі­шер Навои атын­дағы Таш­кент өзбек тілі мен әде­би­еті мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің доцен­ті, фило­ло­гия ғылым­да­ры бой­ын­ша фило­со­фия док­то­ры­Ан­вар Буранов,Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Дәстүр­лі мәде­ни­ет пен өнер ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның ғылы­ми қыз­мет­кері, түр­ко­ло­гия PhD док­то­ры Бокей Конокбаев,Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры­Шы­нар Қапан­тай­қы­зы, М.Әуезов атын­дағы Әде­би­ет және өнер инсти­ту­ты­ның бас ғылы­ми қыз­мет­кері, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры­Нұр­дәу­лет Ақыш, Шер­хан Мұр­та­за атын­дағы Тараз халы­қа­ра­лық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Қара­көз Тама­да­е­ва, С.Аманжолов атын­дағы Шығыс Қаза­қстан уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры­Бер­ді­бек Бия­ров, «Кет­бұқа-Төле­ге­тай» халы­қа­ра­лық қоғам­дыққоры­ның тарих пен мәде­ни­ет­ті бала­ма зер­де­леу жоба­сы­ның жетек­шісі Айбек Каримов,Ташкент Шыр­шық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, фило­со­фия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Насрид­дин Наза­ро­втың баян­да­ма­ла­рын қызы­ғу­шы­лы­қ­пен қабылдады.

Ал «Кет­бұқа-Төле­ге­тай» халы­қа­ра­лық қоғам­дық қоры­ның мәжіліс залын­да өткен сек­ци­я­лар­дың бір­лес­кен мәжілісін­де Қарағанды­дан кел­ген био­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Рыс­бек Бей­се­та­ев, Л. Гуми­лев атын­дағы Еура­зия Ұлт­тық уни­вер­си­теті мұра­жай­ы­ның жетек­шісі Сым­бат Ахме­то­ва, Шәкәрім атын­дағы Семей уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Аман­тай Исин, тарих­шы, өлке­та­ну­шы Мұха­мет­бек Асылбеков,Қырғыз елінің құр­мет­ті ақсақа­лы, жазу­шы, тарих­шы Мұса Сапа­ев­маз­мұн­ды баян­да­ма­лар жасады.

Кон­фе­рен­ция қаты­су­шы­ла­ры түбі бір түр­кі ағай­ын­дар­дың ынты­мағы мен бір­лі­гін нығай­ту, сөй­тіп жаһан­дық сын-қатер­лер­ге иық тіре­се қар­сы тұру қажет­ті­гіне назар ауда­рып, ауқым­ды жиын­ның қоры­тындысы бой­ын­ша қарар қабыл­да­ды, жиын­да сөз болған өзек­ті мәсе­ле­лер­дің маз­мұ­нын, ең басты­сы оның рухын қалың көп­шілік­ке тара­ту жөнін­де уағдаласты.

Республиканский еженедельник онлайн