Пятница , 4 июля 2025

Әлеуметтік бөлінушілік –ұлт бірлігіне төнген үлкен қатер

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы! Талғар ауда­нын­да болған қай­ғы­лы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты сол аудан­ның тұрғы­ны ретін­де өзім білетін біраз жайт­тан хабар­дар етіп, бұл істі өзіңіздің қадаға­ла­у­ы­ңы­зға алуы­ңы­зды сұраймын.

Әле­умет­тік бөлі­ну­шілік­тің сал­да­ры­нан орын алған бұл қай­ғы­лы оқиға қоға­мы­м­ы­зда үлкен алаң­да­у­шы­лық туын­да­тып отыр. Бұл іске тіке­лей қаты­сы бар «Хутор­лық» ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың (ҰҚТ) бар екенін рас­тай­мын. Кінәлілер әлі бостан­ды­қта жүр. Соңғы кез­де­гі зардап шек­кен жанұяға жаса­лып жатқан қысым – сол бостан­ды­қта жүр­ген адам­дар­дың әре­кеті. Аты­шу­лы Хасан­ның туған аға­сы Аслан Қасым­ба­ев – ірі көлем­де­гі актив­тер­дің иесі. Бұлар­дың әкесінің туған бөлесі Жан­бо­лат Жөр­гем­ба­ев – Сенат депу­та­ты. Жан­бо­лат­тың туған аға­сы Мұх­тар Жөр­гем­ба­ев (И.Тасмағанбетовтың туған құда­сы) 2009–2010 жыл­да­ры ҚР Бас про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры қыз­метін­де істе­ген адам. Осын­дай абы­рой­лы адам­дар­дың туы­сы болуы себеп­ті аталған қыл­мыс әділет­ті ашыл­май қалуы мүм­кін. Депу­тат Жан­бо­лат Жөр­гем­ба­ев та өткен өмірін­де күмән­ді істері­мен есте қалған адам.

Ал Аслан Қасым­ба­ев – қыл­мыс­кер. Ол Белбұлақ ауыл­дық окру­гінің әкі­мі болып істеп жүр­ген­де, Хам­за Али­ев деген (Белбұлақ ауы­лы­ның бел­сен­дісі) аза­мат­тың көзін жоюға тап­сы­рыс бер­ген адам. Өйт­кені Мало­вод­ное, Малы­бай ауыл­да­рын­да 2007–2008 жыл­да­ры орын алған қазақ-ұйғыр, қазақ-шешен ара­сын­дағы ұлт­тық кикіл­жің­дер­ді (шығу себеп­тері, оқиға­ның қоғам­дағы зиян­ды сал­да­ры, т.б.) зерт­те­ген менің еңбек­терім бар. Олар мені артын­да қыл­мыстық тобы бар бас­ке­сер­мен шата­сты­рып алған болуы керек.

Одан бөлек, 2019 жылы А.Қасымбаевтың әкім болып оты­рған кезін­де сол ауыл­дың тағы бір бел­сен­дісі Мақ­сат Кен­же­ба­ев­тың үйі қастан­ды­қ­пен өртелініп, қыл­мыс ашыл­май қала­ды. Өйт­кені бұл еке­уі де – ауыл аймағын­дағы жер телім­дерінің заң­сыз саты­луы­на қар­сы болған адамдар.

А.Қасымбаев – соңғы уақыт­та­ры әле­умет­тік желілер­ді шула­тып жатқан Талғар ауда­нын­дағы заң­сыз жұмыс істеп жатқан карьер­лер­ге, Белбұлақ ауы­лын­дағы және аудан­дағы ала­яқтық жол­мен саты­лған жер­лер­ге тіке­лей қаты­сы бар адам.

Талғар ауда­ны аумағын­да осы­ған ұқсас қыл­мыстық іс-әре­кет­тер (қасақа­на жасалған) көп­теп кез­де­седі. Кол­ле­дж­дер­де, тіп­ті орта мек­теп­тер­де оқу­шы­лар­дан ай сай­ын «қараңғы­дағы тақ­сыр­лар» тара­пы­нан ақша жина­ла­ты­ны тура­лы мәлі­мет­тер мол­шы­лық. Ол әре­кет­тер өз ауқым­да­рын кең­ге жай­ып, Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны­на да таралған. Осы Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны­ның Аймен ауы­лын­да «тақ­сыр­ла­ры­нан» тап­сыр­ма алған­дар Айбо­лат Мұратхан атты 10-сынып оқу­шы­сын қар­сы­лық көр­сет­кені үшін өлтір­ген. Өлтір­ген бала өлген бала­ның туы­сы болып шығып отыр.

Сол сияқты қар­сы­лық көр­сет­кен бала­лар ара­сын­да өлім­ші боп таяқ жеген, пышақталған нақты фак­тілер бар. Хасан Қасым­ба­ев­тың қамаққа алы­нуы­на себеп болған қыл­мыстық іс – дәл осы істер­дің дәлелі. Қосым­ша көз жет­кі­зу үшін һttps://youtu.be/Dlxp_Y7ygR8?si=gLGgGfip9tNXZOLr сіл­те­месін көру керек. Яғни, елі­міздің ең ірі аймағын­да «Общяк» құры­лым­да­ры қай­та тіріл­ген. Алды­ңғы арба қай­да бар­са, соңғы арба сон­да бара­ды. Қоға­мы­м­ыз қай­да кетіп бара жатыр?!

Бұл дегені­міз Талғар ауда­нын­да ҰҚТ біраз­дан бері құры­лып, дамып кет­кенін дәлел­дей­ді. Жер­гілік­ті күштік құры­лым­дар менің аузым­ды жауып, тыныш оты­руым­ды талап етіп отыр. Шара қол­да­ну­ла­ры­ңы­зды сұраймын.

Өткен қара­ша айын­да Талғар­дағы қай­ғы­лы жанұяға қысым жаса­лы­на бастаған­да, Қона­ев қала­сын­дағы ПД-не барып, тер­геу ісі жөнін­де­гі орын­ба­са­ры М.Қабдуалиевтің жеке өзіне айтып түсін­діріп, А.Қасымбаевтың ісіне арыз тастаған­мын. Ол кісі бір­ден қолға ала­ты­нын айтып, уәде бер­ген. Міне, сол арыз қабыл­данған қара­ша­ның 7‑сінен бүгін­ге дей­ін іс қарал­май жатыр.

Шер­зат оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты айты­ла­тын әле­умет­тік желі жаңа­лы­қта­ры­ның ком­мен­та­рий­лерін­де аталған Хутор ауы­лы­ның аумағын­да түн­гі уақыт­тар­да авто­мат­тар­дың аты­лған дауы­сын есті­ген­дері тура­лы көп жаза­ды. Ол қай­дан кел­ген қару­лар, ол қару­лар өзінің іске кірі­сер сәтін күтіп жатқан жоқ па?

Талғар­дағы Шер­зат оқиға­сы мұқи­ят тек­серіліп, қыл­мыс­кер­лер әділ жаза­сын алма­са, қоға­мы­м­ыз іші­нен іріп, құл­ды­ра­уға (көз­ге көрін­бей­тін) ұшы­рай­мыз. Елі­міздің ими­джіне орас­ан нұқ­сан келді.

Ал енді сена­тор Жан­бо­лат Жөр­гем­ба­ев­тың күмән­ді істеріне келер болсақ:

Мен 2015 жылы Алма­ты облы­сы, Рай­ым­бек ауда­ны­ның әкі­мі қыз­метін­де жүр­ген Қыдыр­гел­ді Меде­уовтың қабыл­да­уын­да болып, ол кісі­ге 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты іс-шараға дай­ын­да­луы­мыз керек екеніне кеңес бер­дім. Ол кісі ата­у­лы іс-шара тура­лы ақыл­да­су мақ­са­тын­да сол жылы тамыз айын­да Албан руы­ның басты-басты деген 50 шақты ада­мын бір дастар­хан басы­на жинап, сол жер­де Нұр­лан Ора­за­лин­нің ұсы­нуы­мен Ж.Жөргембаевты ата­у­лы оқиғаға бай­ла­ны­сты құры­ла­тын Қор­дың бас­шы­сы болып сай­лап жібе­реді (Бас про­ку­ра­ту­ра­да бұл кісінің туған аға­сы­ның істе­уі басты наза­рға алын­са керек). Естуі­міз­ше, Қорға өте мол қар­жы түс­кен. Облы­стық бюд­жет­тің өзі­нен 108,9 млн қар­жы бөлінген.

Жөр­гем­ба­ев­тар әулеті – сол өңір­де­гі ірі жер иеле­ну­шілер. Ол жер­лер­де КСРО кезін­де пио­нер лагерь­лері болған, асфальт жол төселін­ген. Менің айтқан деректі фильм шыға­ру, жары­ққа шық­паған архив­тік фак­тілер негізін­де жаңа кітап шыға­ру тура­лы ұсы­ны­ста­рым­ды Ж.Жөргембаев қабыл алма­ды. Оның орны­на ата­у­лы тари­хи оқиғаға арнап Кеген ауы­лы­нан мемо­ри­ал тұрғы­зыл­ды. Сол мемо­ри­алға 48 млн тең­ге жұм­са­лып­ты деп естідік. Ары-бері шауып жүріп, сол ескерт­кі­штің құры­лы­сын, бетон жұмыста­рын басқарған аза­мат­пен таны­сқан едім. Ол жігіт бұл құры­лы­сқа асып кет­се 15–16 млн тең­ге қар­жы кететінін айтып, күл­ді де қой­ды. Мен ол жігіт­тен сұраған себебім – өзім де бұл тари­хи оқиғаға сол жылы Ере­уіл­тө­бе­де ескерт­кіш қой­ды­рған едім. Кей­ін ол жігіт сол жылы күз­де кісі қолы­нан қай­тыс болып­ты деп естідім. Бұл да өте күмән­ді. Талғар ауда­ны­ның Қызыл Қай­рат ауы­лын­да тұрған, есі­мін ұмыт­тым. Бұл аза­мат­тың өлі­міне осы ҰҚТ-ның қаты­сы болуы бек мүмкін!

Сон­ды­қтан дүй­ім жұрт­ты дүр сіл­кін­дір­ген Шер­заттың және оның аға­сы­ның өлі­міне бай­ла­ны­сты Талғар ауда­нын­дағы, басқа да осын­дай қыл­мыстық істер­ді бүге-шігесіне дей­ін жете зерт­теп, қыл­мыс­кер­лер елі­міздің заң талап­та­ры­на сәй­кес тиісті қатаң жаза­сын алма­са, бұл – қоғам­да әле­умет­тік бөлі­ну­шілік туды­рып, сал­да­ры ел бір­лі­гі мен мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гіне қат­ты қатер төн­діруі мүмкін!

Дана баба­ла­ры­мыз «жау іштен ала­ды» деген. Ұлан-ғай­ыр жері­міз бен қой­на­уы толы кені­міз­ге сырт­тан көз салып оты­рған­дар қан­ша­ма! Қыл­мыстық топ­тар елі­мізді іштен шіріт­пе­сін! Сон­ды­қтан бұл мәсе­лені тіке­лей өзіңіз бақы­ла­у­ға алуы­ңы­зды өтініп сұраймын!

Бақыт­жан МЕРГЕНБАЕВ,

«Ама­нат» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі, тарихшы

Республиканский еженедельник онлайн