Пятница , 4 июля 2025

БАРЫМТАҒАҚАРЫМТА ҚАЖЕТ

ҚР Ішкі істер мини­стрі Ержан Саде­нов­ке!

  • Ауыл­дағы жұрт осы азын-аулақ малы­ның арқа­сын­да күн көріп, жан бағып жүр. Бірақ елде­гі бұқа­ра бау­кес­пе ұры­лар­дан әбден зәрезәп болған. Ақы­ры Пре­зи­дент­тен көмек сұра­уға мәж­бүр болған Шығыс Қаза­қстан облы­сы, Қатонқа­рағай ауда­ны тұрғын­да­ры­ның әле­умет­тік желі­ге шыққан видеоүн­де­улерін көр­ген шығар­сыздар?! 

Маған да ондаған адам хабар­ла­сты. Ішкі істер мини­стр­лі­гі мәлім­де­ме жасар деп бес күн күт­тік. Алай­да ешқан­дай реак­ция жоқ. Қатонқа­рағай­ға қарас­ты Шыңғы­стай­дың шырқын осы ұры­лар бұзып бітір­ді. Алақан­дай ауыл халқы­на ұры-қары­ның қор­лы­ғы әбден өткен. Төзім­дері тау­сы­лып, сенім­дері сеті­не­ген ел енді бар үміт­терін Ел бас­шы­лы­ғы­на артып, яғни Пре­зи­дент­тен көмек сұрап отыр. Өйт­кені қой қора­лап, ірі-қара табын­дап, жылқы­сы үйір-үйірі­мен жоға­лып жатқан соң, қайт­сін?! Поли­ция деген­нен әбден күдер үзген. Осы күн­ге дей­ін қан­ша­ма малы қол­ды болып, ұрлан­са да, поли­ция бір­де-бір «тышқақ лақтың» сай­дан санын, құм­нан ізін таппаған.

Бұл нені көр­се­те­ді?! Не ізде­у­ге құлы­қ­сыз неме­се ұры мен поли­ция ауыз жала­сып, ымы­ра­лы­сып, ынты­мақта жұмыс істей­ді. Ақиқа­ты – осы. Басқа­ша айту мүм­кін емес!

Әуре-сар­саңға түс­кен халық аудан­дық, облы­стық ішкі істер орган­да­ры­ның табал­ды­ры­ғын тозды­рып, баста­рын тауға да, тасқа да соғып, әбден қажы­ған. Сон­да да поли­ци­яға бәрібір. Жаны ашы­ма­стың – басы ауырмас.

Мал ұрлы­ғы­нан шырқы бұзы­лып, шыдам­да­ры тау­сы­лған жалғыз Шыңғы­стай емес. Бау­кеспе­лер Шыңғы­стай­ға ірге­лес жатқан Өрнек, Жаңа үлгі, Аққай­нар, Жам­был, Еңбек секіл­ді елді мекен­дер­де де емін-еркін шай­қап, жұрт­тың дымын қал­дыр­май, ерік-жігер­лерін әбден құм еткен. Ауыл­дан ауданға арыз арқа­лап бара­тын ағай­ын «поли­ци­ядан еш қай­ран жоқ, жоғалған мал­ды ізін суыт­пай ізде­мей­ді», – деп налиды.

Қай­та­лап айтам. Ұры мен поли­ция бір, сыбай­лас па? Әйт­пе­се, құдай-ау, жыл он екі айда бір ауыл­дың ғана емес, бүтін бір аудан­нан бір жоқ табы­лар еді ғой… Жоқ, әбден дан­дай­сы­ған ұры­лар тіп­ті айы­лын жияр емес!

Біз­де «мал ұрлы­ғы бой­ын­ша заң қатаң. Қыл­мыстық кодекс бой­ын­ша бұл орта­ша ауыр қыл­мыс. Аса iрi мөл­шер­де жасалған мал ұрлаған­дар 7 жыл­дан 12 жылға дей­iн сот­та­ла­ды», – деп халы­қты сен­дір­гі­міз келеді. Тіп­ті мал ұрлы­ғы азай­ып келеді деп, бізді де ішкі істер орган­да­ры сен­дір­гілері келеді. Ал іс жүзін­де бәрі керісінше.

Құр­мет­ті Ішкі істер мини­стрі және оның елде­гі бар­лық жеке құра­мы! Сіз­дер­дің назарларыңызға!

Қазақ «Мал ашуы – жан ашуы» дей­ді. Жұрт­тың жан ашуын қоз­ды­рып, жара­сы­на тұз себе бер­меңіз­дер! Ашы­нған халық барым­таға – қарым­та қай­та­ра­мыз десе, оны мына біз түгілі Сіз және Сіз басқа­рып оты­рған мини­стр­лік­тің жеке құра­мы тоқта­та алмай­ты­ны­ңы­зды тағы да есіңіз­ге салғым келеді.

Халы­қ­пен ойна­маңы­здар! Ойла­ны­ңы­здар! Қай­та жоға­ры­да аты аталған ауыл­дар­дың мәсе­лесін жіті қадаға­лап, Шығыс Қаза­қстан облы­сы Қатонқа­рағай ауда­нын­да арнайы рейд жүр­гізіп, мал ұрлы­ғы­ның алдын алу мен ұры­лар­ды ұстау бой­ын­ша кешен­ді шара­лар­ды қолға алу­ды сұраймын.

Мақ­сат ТОЛЫҚБАЕВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты 

Республиканский еженедельник онлайн