Четверг , 3 июля 2025

Биліктегі ауыс-түйіс

Өткен дүй­сен­бі­де билік­те бір­ша­ма ауыс-түй­іс бол­ды. Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен екі облы­сқа әкім тағай­ын­да­лып, Ақор­да­ның ішін­де де кадр­лық өзгерістер орын алды. Оның алдын­да Тама­ра Дүй­се­но­ва Пре­зи­дент­тің көмек­шісі, Ермек Көшер­ба­ев Үкі­мет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры болып тағай­ын­далған еді. 

БҰРЫНҒЫ МИНИСТР – ҰЛТТЫҚ БАНККЕ КЕТТІ

Ерұлан Жамау­ба­ев Ұлт­тық банк төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры болып тағай­ын­дал­ды. Оны ескі де жаңа Қаза­қстан­ның кад­ры десе де бола­ды. Ол кезін­де бірін­ші пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың көмек­шісі болған. 2020–2022 жыл­да­ры қар­жы мини­стрі қыз­метіне ауы­сып, осы қыз­мет­ті 2022–2024 жыл­да­ры пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры лау­а­зы­мы­м­ен қоса атқар­ды. Был­тыр мамыр­да пре­зи­дент­тің кеңес­шісі болып тағай­ын­далған еді.

КАЛАЙЧИДИДІҢ ОРНЫНА ЕРҒАРИН КЕЛДІ

Дәу­рен Ерға­рин мем­ле­кет бас­шы­сы­ның үкі­мі­мен Пре­зи­дент әкім­шілі­гі құқық қорғау жүй­есі бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі лау­а­зы­мы­на тағай­ын­дал­ды. Бұл қыз­мет­ті осы күн­ге дей­ін атқарған Алек­сей Калай­чи­ди қыз­меті­мен қош айтысты. 

Дәу­рен Ерға­рин 2023 жыл­дың қаңтар айын­да Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің Шым­кент қала­сы бой­ын­ша депар­та­мент бас­шы­сы болып тағай­ын­да­лып, бұл қыз­мет­ті 2024 жыл­дың тамы­зы­на дей­ін атқарған. Бұған дей­ін ол Ақтө­бе облы­стық анти­кор бас­шы­сы болған.

ШЫҒЫСТАҒЫ ЖАҢА ӘКІМ

Нұрым­бет Сақтаға­нов бұдан былай Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі қыз­метін атқа­ра­ды. Ол өткен аптаға дей­ін өңір­ді басқарған Ермек Көшер­ба­ев­тың бірін­ші орын­ба­са­ры болған. Еңбек жолы мұғалім­дік­тен баста­ла­ды. Көп­ба­ла­лы әке. Кезін­де Семей­де әкім болған. 2021 жыл­дың ақпан айы­нан 2022 жыл­дың мау­сым айы­на дей­ін Шығыс Қаза­қстан облы­сы Жар­ма ауда­ны­ның әкі­мі лау­а­зы­мын­да еңбек етті. 2022 жыл­дың 24 мау­сы­мы­нан бастап Қызы­лор­да облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры бол­ды. 2023 жыл­дан бері Шығыс Қаза­қстан облы­сы әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры қыз­метін атқарды.

ЖУРНАЛИСТ ӘКІМ БОЛДЫ

Берік Уәли Пре­зи­дент­тің кеңес­шісі әрі бас­пасөз хат­шы­сы қыз­меті­нен боса­ты­лып, Шығыс Қаза­қстанға көр­шілес Абай облы­сын басқа­ра­тын бол­ды. Ол – сол өңір­дің тума­сы. 2019–2022 жыл­да­ры Пре­зи­дент­тің бас­пасөз хат­шы­сы болып жұмыс істе­ді. 2022–2023 жыл­да­ры «Хабар» агент­ті­гі» АҚ-ның басқар­ма төраға­сы бол­ды. 2023 жылғы 12 қыр­күй­ек­те Ақор­даға қыз­мет­ке ора­лып, Пре­зи­дент­тің кеңес­шісі әрі бас­пасөз хат­шы­сы лау­а­зы­мы­на тағайындалды.

ЖЕЛДІБАЙ ҚЫЗМЕТІНЕ ОРАЛДЫ

Рус­лан Жел­ді­бай бұған дей­ін Берік Уәли атқарған қыз­мет­ке кел­ді. Ол бұрын Пре­зи­дент­тің бас­пасөз хат­шы­сы болып, бұл қыз­мет­ті 2022 жыл­дың сәуір айы­нан 2023 жыл­дың қаңтар айы­на дей­ін атқарған еді. Бірақ бұл жолы ол осы қыз­мет­пен қатар Пре­зи­дент­тің кеңес­шісі болады. 

ТАҒЫ КІМ

Ербол Ада­ев мемле­кет бас­шы­сы­ның үкі­мі­мен Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жал­пы бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі лау­а­зы­мы­на тағай­ын­дал­ды. Бұрын бұл лау­а­зым­да істе­ген Нұр­дәу­лет Төле­ев қыз­меті­нен  босатылды. 

Сырым ҚАРЖАС,Ulysmedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн