Понедельник , 7 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫН ӨСІРУГЕ Кәрім Мәсімовтің үкіметі қарсы шықты…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫН ӨСІРУГЕ

Кәрім Мәсі­мо­втің үкі­меті қар­сы шықты…

 

Әрине, бұл өскісі келіп жүр­ген Өскен­ба­ев­тың өз сөзі емес. Ол – бары-жоғы болар-бол­мас мини­стр­дің толар-тол­мас орын­ба­са­ры ғана. Өз аты­нан айту үшін Қай­ыр­бек­ке қалың құй­ым­шақ керек. Бірақ ол бұны үкі­мет­тің аты­нан айтып оты­рған­ды­қтан, ол үкі­мет­тің басын­да Кәрім Мәсі­мов тұрға­нын қазақ жұр­ты түсін­се керек.

Сон­да бұл құп­та­маудың аста­рын­да не мәсе­ле тұр? Оны түсі­ну үшін ғұла­ма болу­дың қажеті жоқ: ол қар­сы­лық – қаза­қтың саны өсуіне деген қар­сы­лық. Елде күн сай­ын үшем туып жатқан ана­лар көп емес: бірен-саран ондай ана­лар­дың жағ­дай­ын жер­гілік­ті жер­де шешу­ге болады.

Ал «Алтын алқа» алған ана­ларға кезек­тен тыс және мем­ле­кет­тің есесі­нен тұрғын үй бер­меу деген сөз – қаза­ққа қаны қастың сөзі. Әдет­те, қабыл­данған мем­ле­кет­тік ере­же бой­ын­ша, «Алтын алқа» бел­гісі жеті және одан да көп бала туған ана­ларға беріледі. Ал біздің елде жеті бала­ны туа­тын қаза­қтан басқа әйел – некен-саяқ. Яғни, бұл мара­пат­тың тала­бы­на жет­кен ана­лар қаза­қты есе­ле­ген ерлік­тің үлгісін көр­сет­ті деп қабыл­дау қажет.

Бүгін­де пәтер сатып алуға неме­се үй салып алуға шама­сы кел­мей­тін отба­сы­ның ота­на­сы тым құры­ған­да топыр­ла­тып бала туып, қата­ры қысқа қаза­ққа адам қосып, бас­па­на­лы бол­сам дей­ді. Енді, міне, ете­гі шара­на­дан кеп­пей­тін ана­лар­дың табиғат бер­ген жалғыз мүм­кін­ді­гін Мәсі­мов ман­сұқ етті. Осы­ны оғаш десең, өзің оңбаған боласың!

Бұл жағ­дай­ды «мем­ле­кет­тік шығын­дар­мен» шата­сты­ру – қаза­қта шаруа­сы жоқтың шат­пағы. Ал ол шат­пақ Кәрім Мәсі­мо­втің үкі­меті­нен шығып отыр. Бұл үкі­мет ғалам­дық гигант жоба­лар­ды, ЭКСПО мен Аста­на­ның құры­лы­сын шығын сана­май­ды, иірі­мі ит-қоқыс инно­ва­ци­я­лық ит-рәсу­аға шашы­ла­ды, бірақ қаза­қтың бола­шақ тағ­ды­ры­на тіке­лей қаты­сы бар демо­гра­фи­я­ны дің­ке­леп құр­туға құл­шы­нып отыр. Басқа қисын­ның қиюын кел­ті­ру қиын: елі­міз әсіре­се сол­түстік және шығыс аймақтар­да қаза­қтың санын үстем ету­ге зар болып оты­рған­да, Кәрім-әкә келе­ше­гі кетік қаза­қты кәлбән еткісі келеді. Бұны «елба­сы» деген ен-таң­ба­сы бар адам біле ме, жоқ әлде Мәсі­мо­вті мең­зетіп оты­рған соның өзі ме?

Ермұрат БАПИ

 

Республиканский еженедельник онлайн