Четверг , 25 июня 2026

МАЛҒА дәрігер жоқ па, күтім тапшы ма?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Мини­стрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ

 Вете­ри­на­ри­я­лық қауіп­сіздік – халық ден­са­улы­ғы мен азық-түлік қауіп­сізді­гінің негізі.

Бүгін­де 8 мил­ли­он ірі қара, 20 мил­ли­он қой-ешкі өсіріледі, осы сала­да пре­па­рат­тар өндіретін 21 кәсі­по­рын, бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету үшін шека­ра­лық аумақтар­да 67 бақы­лау бекеті жұмыс істей­ді, Үкі­мет бекіт­кен вете­ри­на­ри­я­ны дамы­ту­дың кешен­ді жос­па­ры аясын­да сала­ның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын 80 пай­ы­зға дей­ін жаңар­ту және қыз­мет­кер­лерінің жалақы­сын 2,5 есе­ге дей­ін арт­ты­ру көз­деліп отыр.

Өзі­міздің көр­гені­міз – өңір­лер­ден келіп түсетін өтіні­ш­тер, сала маман­да­ры­ның ұсы­ны­ста­ры және ғылы­ми қауым­да­сты­қтың пікір­лері шешіл­ме­ген мәсе­ле­лер­дің барын көр­се­те­ді. Соңғы жыл­да­ры жүр­гізіл­ген рефор­ма­ларға қара­ма­стан орта­лық уәкілет­ті орган, аумақтық инспек­ци­я­лар және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар ара­сын­дағы функ­ци­я­лар шашы­рап, біры­ңғай басқа­ру теті­гі әлсіреді. Менің­ше, осы сала­ны рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де басқа­рып оты­рған бас­шы­лар­дың тәжіри­бесі аз, мем­ле­кет­тік жау­ап­кер­шілік­ті толық түсіне бер­мей­ді, өндірі­сте ысыл­маған. Соның сал­да­ры­нан вете­ри­на­ри­я­лық бақы­ла­удың тиім­ділі­гі төмен­деп, кей­бір өңір­лер­де эпи­зоо­ти­я­лық жағ­дай бой­ын­ша жау­ап­кер­шілік нақты айқын­дал­май отыр.

Мал басы жөнін­де­гі мәлі­мет­тер­дің дәл­ді­гіне қаты­сты сұрақтар туын­дап, кей­бір жағ­дай­лар­да жалған мәлі­мет­тер беру мен суб­си­ди­я­лау сала­сын­дағы құқық бұзу­шы­лы­қтар аны­қта­лу­да. Бұл мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның тиім­ділі­гіне де кері әсер етуде.

Облы­стар­дағы зерт­ха­на­лар­да зерт­те­улер­дің жеке­ле­ген түр­лері жүр­гізіл­мей­ді неме­се нәти­же­лер­ді алу мерзі­мі ұза­ққа созы­ла­ды, зерт­ха­на­лар­дың мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тері нашар. Әсіре­се бру­цел­лез, тубер­ку­лез, құты­ру, эхи­но­кок­коз және басқа да қауіп­ті ауру­лар­ды диа­гно­сти­ка­лау бары­сын­да маман­дар, фер­мер­лер тара­пы­нан көп­те­ген сұрақтар туындауда.

Сала­дағы көп­те­ген нор­ма­тив­тік-құқы­қтық актілер ұзақ жыл­дар бойы қай­та қарал­маған. Инфек­ци­я­лық және инва­зи­я­лық ауру­лар­дың алдын алу бой­ын­ша кешен­ді ғылы­ми тәсіл­дер жет­кіліксіз қолданылуда.

Кадр мәсе­лесі де ерекше назар ауда­ру­ды талап ете­ді. Ауыл­дық жер­лер­де­гі вете­ри­на­ри­я­лық маман­дар­дың тап­шы­лы­ғы сақта­лып отыр. Жас маман­дар­ды тар­ту, олар­дың әле­умет­тік қорға­луын күшей­ту және кәсі­би білік­тілі­гін тұрақты арт­ты­ру мәсе­ле­лері өзек­ті күй­ін­де қалуда.

Осыған бай­ла­ны­сты Үкі­мет­ке вете­ри­на­рия сала­сын одан әрі жетіл­ді­ру мақ­са­тын­да мына­дай ұсы­ны­стар­ды қарас­ты­ру­ды ұсынамыз:

Бірін­ші, вете­ри­на­ри­я­лық қыз­мет­ті басқа­ру­дың тиім­ділі­гін арт­ты­ру үшін сала­дағы біры­ңғай басқа­ру вер­ти­калін күшей­ту, жер­гілік­ті жер­лер­де­гі бірі­гіп қыз­мет етіп оты­рған ауыл шару­а­шы­лы­ғы және вете­ри­на­рия басқар­ма­ла­рын екі­ге бөлу;

Екін­ші, жану­ар­лар­ды есеп­ке алу және сәй­кестен­ді­ру жүй­есінің нақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету, өңір­лік зерт­ха­на­лар­дың мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын жаңғыр­тып, жедел диа­гно­сти­ка жүр­гі­зу мүм­кін­дік­терін кеңей­ту; қыз­мет­те цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу, ғылы­ми-әдісте­мелік орта­лы­қтың әле­уетін арт­ты­ру; отан­дық поли­ва­лент­ті вак­ци­на­лар мен зама­на­уи био­пре­па­рат­тар­ды әзір­ле­у­ге мем­ле­кет­тік қол­да­уды кеңейту;

Үшін­ші, сала маман­да­ры­ның әле­умет­тік мәр­те­бесін арт­ты­ру, еңбе­кақы­сын кезең-кезеңі­мен көте­ру; халық ара­сын­да вете­ри­на­ри­я­лық қауіп­сіздік мәсе­ле­лері бой­ын­ша түсін­ді­ру жұмыста­рын күшей­ту және ауру ошақта­ры тура­лы ашық ақпа­рат­тық сая­сат қалып­та­сты­ру қажет.

 ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Ауыл» пар­ти­я­сы» фрак­ци­я­сы­ның депутаттары​​​​:

  • Жигу­ли Дай­ра­ба­ев, Серік Егіз­ба­ев, Қарақат Абден, Нико­лай Арсю­тин, Анас Баққо­жа­ев, Аян Зей­нул­лин, Ербо­лат Сау­ры­қов, Таңсәу­ле Серіков.

ҚР Пра­ла­мен­ті Мәжілісі Аграр­лық мәсе­ле­лер коми­тетінің мүше­лері​​​​​​​​:

  • Еркебұлан Мәм­бе­тов, Қазы­бек Әлі­шев, Аман­жол Әлтай, Нұр­жан Әшім­бе­тов, Павел Казан­цев, Дани­яр Қасқа­ра­у­ов, Айдар­бек Қожа­на­за­ров, Ислам Сұңқар
Республиканский еженедельник онлайн