Четверг , 16 июля 2026

БҰЛАРЫҢ ҰЯТ БОЛДЫ!

Басқа­ны біл­мей­мін, көп бөстекі әңгі­ме­де де шару­ам шама­лы. Білетінім, осын­дай «сай­қы­ма­зақ сая­сат­ты» тоқта­ту керек еді, негізі. Шыным­ды айт­сам, осы тап­та­у­рын болған «сая­си тех­но­ло­ги­я­ла­рың» үкілі үміт­пен оты­рған қара халы­ққа дым қызық бол­май қал­ды, төр­де оты­рған төре­лер. Егер осы­ны да «тех­но­ло­гия» деп ойла­саң­дар, онда сен­дер­ге жедел түр­де тех­но­лог ауы­сты­руға тура келеді. Онсыз енді­гі жер­де алға жыл­жуың қиын: мұның шын аты тоспа су тихий омут!

Біл­сең­дер, кей­біре­улер театр­дағы әртістің тір­лі­гі­нен де төмен әре­кет жасап отыр. Ұлты­ңа әлсін-әлсін шап­түрт­кі жасап, шыда­мын тек­сер­ген­де, сен­дер не таба­мын дей­сің­дер осы? Қазір уақыт да, дең­гей де, таным да, тіп­ті мем­ле­кет­тің ұстанған бағыт-бағ­да­ры да өзгер­ген. Иә, егер айты­лып жатқан уәлі сөз­дері мен беріліп жатқан уәде­лері шикі бол­май, рас бол­са, біз – қара­пай­ым халық, солай деп ойлаймыз.

Біз Қаза­қстан деген мем­ле­кет­тің, оның бірін­ші тұлға­сы –Пре­зи­дент­тің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на сене­міз. Әрі-бері­ден соң, сен­гі­міз келеді, сен­гесін де алды­мы­здағы жақ­сы­лы­қтар­дан үміт ете­міз. Әйт­пе­се халық хал­ту­ра ата­улы­дан шар­ша­ды. Бәл­кім, бай­қа­май­тын да шығар­сы­ң­дар, сен­дер­дің мына тір­лік­терің жап­пай үміт­сіздік­ке алып келе жатыр. Айты­ң­дар­шы, осы біз­де, қара­пай­ым халы­қта не кінә, қан­дай жазық бар? Неге осы сен­дер елді, жұрт­ты тым «төмен» деп ойла­у­ға дағ­ды алды­рып, әбден мей­ма­на­ла­рың тасып, эго­ла­ры­ң­ды өсіріп алғансыңдар?

Сен­дер­ді және бұл қатар­дағы­лар­ды біл­медім, мен білетін мақ­сат айқын, мін­дет біреу – қалай да ел болуы­мыз керек! Бұл – осы бай­тақты жасаған бай­ы­рғы ата-бала­ры­мы­здың асыл арма­ны. Өз еркі­міз­бен бола алмай­мыз ба, ол кез­де мұның ақы­ры жақ­сы бол­май­ды, түп­тің-түбін­де қыл­ша мой­ны­ңа ажы­рғы бай­лап тына­сың. Біз емес, соны «тын­ды­ра­тын» сен­дер. Ол кез­де мына қызыл тілі салақтаған қол «бұлбұл­дар­дың» қай-қай­сысы да далақтап, дала­да қалады.

Сон­дай-ақ егер мына бізді «нан таны­мас надан» деп наси­хат­тап жатқан «масқа­ра­паз­дар» Құры­л­тай­дың төрін­де оты­ра­тын бол­са, сөзім жоқ, ел бола алмай­сың, Қаза­қия. Бұлай болған­да біз де Құры­л­тай­ға ұмты­ла­тын едік қой, ең бол­ма­са баяғы «Б» кор­пу­сы­на тест тап­сы­рған тәжіри­бе­міз бар, аузы­мы­зда асыл сөз, кәл­ла­мы­зда ізгі ой һәм ұлты­на, мем­ле­кетіне деген жана­шыр­лы­ғын айт­паған­да, тоғыз заң­ды жатқа білетін қабілет-қары­мы­м­ыз орнын­да бойымыздағы.

Біз ойла­дық қой, ұлт­тық деп дәріп­тел­ген, даб­ы­ра­латқан жер­ге енді кілең шекесі­нен миы ағып тұрған ығай мен сығай­лар легі келеді екен деп. Мына­ла­рың бол­ма­ды, жолдастар!

Мен өз ойым­ды айт­тым, бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ. Бар десең­дер де, енді­гісін өздерің білер­сің­дер. Ізім­нен ит айтақтап, қара маши­на­мен іздей қал­саң­дар, мына Алма­ты облы­ның іргесін­де жатқан Іргелі деген шағын ауыл­дан табар­сы­ң­дар. Сөзім­нен жал­та­рып қашпай­мын, қара шаба­да­ным­ды жинап, дай­ын оты­ра­мын. Бол­май ма, Құры­л­тай­дың төріне, биік мін­бер­ге, ең құры­ған­да біз сияқты­лар­ды шыға­ры­ң­дар. Айта­мыз, айту керек болған жерін­де шеге­леп, жет­пей жүр­ген жете­лер­ге жет­кізіп, елге керек әңгі­мені мерзім-мөл­шері­мен, бүй­рек­тен сирақ шығар­май-ақ. Заңы­на да, ішкі-сыр­тқы сая­са­ты­на да ара­ла­са­мыз қол­дан кел­ген­ше. Өйт­кені отыз жыл бойы түр­лі сала­дан білім мен тәжіри­бені сол үшін жидық. Есесіне «құда да тиыш, құдағи да»! Әйт­пе­се әзір­ге мына­ла­рың жара­май тұр, тіп­ті ұят болған сияқты.

Берік ЖҮСІПОВ

Республиканский еженедельник онлайн