28 тамыз күні жаңа Конституция бойынша еліміздің ең жоғары заң шығарушы өкілді органы – Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясы басталып, онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
Алдымен сессияның ашылуына құтты болсын айтқан Президент ары қарай еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басқанын, бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт екенін, ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылып жатқанын айтып, Құрылтай жұмысына сәттілік тіледі. Ол мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болып, ұлтымызды ортақ іске ұйыстыруы қажет деді.
– Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес, еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз.
Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі.
Осы тарихи миссияны атқару сіздерге жүктеліп отыр. Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен ерекше сәт. Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас. Осы аса абыройлы атқа сай лайықты қызмет етесіздер деп сенемін! – деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлы сессия барысында Конституцияның 57-бабына сәйкес, Құрылтай Төрағасының лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Сөйтіп, депутаттар сайлауда 110 мандатқа ие болған «Әділет» партиясының жетекшісін Құрылтай төрағасы етіп сайлады. Оның ұсынысымен Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Сондай-ақ Конституцияға сәйкес, Құрылтайдың сегіз комитеті құрылып, олардың төрағалығына:
- Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
- Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
- Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
- Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
- Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова сайланды. Осылай Құрылтай басшылығы толық жасақталды. Қалған депутаттар аталған комитеттердің құрамына мүше болып кірді.
Редакция оқырмандар сұрауына орай, Құрылтай құрамына кімдер және қайдан сайланғанын партиялық тізіммен бергенді жөн көрді.
«Әділет» партиясы:
1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
6. Алтай Абай
7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
11. Амантайұлы Жарқынбек
12. Әбдікешов Алмат
13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
19. Басин Вадим Борисович
20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
21. Башымов Марат Советұлы
22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
23. Беркімбаев Берік Серікұлы
24. Больгерт Евгений Андреевич
25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
31. Годунова Наталья Николаевна
32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
33. Данилов Александр Сергеевич
34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
42. Елеусізова Бота Серікқызы
43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
50. Зәкиева Динара Болатқызы
51. Имашева Снежанна Валерьевна
52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
60. Кузиева Замира Закировна
61. Кучинская Юлия Владимировна
62. Қамзабекұлы Дихан
63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
66. Перепечина Ольга Валентиновна
67. Петров Константин Викторович
68. Пономарёв Сергей Михайлович
69. Пулатов Шерзод Аббозович
70. Рамазанова Наталья Сергеевна
71. Рожин Максим Николаевич
72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
73. Савельева Татьяна Михайловна
74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
76. Смышляева Екатерина Васильевна
77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
78. Сулаймонова Русана Русланқызы
79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
80. Сағынов Замир Садықұлы
81. Себасов Марат Бақбергенұлы
82. Семидоцких Елена Александровна
83. Темірбаева Айжан Маратқызы
84. Тен Ирина Сергеевна
85. Тоқтамұрат Армангүл
86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
90. Теренченко Илья Сергеевич
91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
93. Шапақ Үнзила
94. Шаталов Никита Сергеевич
95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
96. Щербаков Станислав Александрович
97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
98. Мұсылманбек Ерқанат
99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
100. Медеуова Дана Теміртайқызы
101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
107. Халықов Арман Қобыландыұлы
108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
«Ауыл» партиясы:
1. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
2. Байманов Шахмардан Асқарұлы
3. Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
4. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
5. Иргибаев Мұрат Саматұлы
6. Каджибекова Ажар Елемесқызы
7. Киян Владимир Сергеевич
8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
9. Райханова Динара Қуанышқызы
10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы
«Respublica» партиясы:
1. Айтқұлов Бекжан
2. Идрисов Руслан Рашитович
3. Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы
4. Құспеков Олжас Хайроллаұлы
5. Наумова Динара Рустамқызы
6. Смолякова Екатерина Сергеевна
7. Тау Нұргүл
8. Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы
9. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы
«Ақ жол» партиясы:
1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
7. Шынасылова Мейраш
8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы
«ЖСДП»:
1. Асхат Рақымжанов
2. Мақсұт Насибұлов
3. Нұрайнаш Қамалова
4. Лариса Ли
5. Аслан Құлмағамбетов
6. Арман Ақылбай
7. Наурыз Сайлаубай
8. Ажар Сағандықова