Четверг , 3 сентября 2026

АТАҒЫН БҰЛДАУ

«Маған атақтың дымға кере­гі жоқ, сахнаға шығар алдын­да хабар­лаған­да бол­ма­са…» деп қой­ып қал­ды өнер сала­сын­да жүр­ген бір сабаз. Мүләй­ім­сі­ген тағы бір әнші: «Атақ деген тек арна­у­лы емха­наға тір­ке­лу үшін керек екен», деді. Еке­уін­де де тұты­ну­шы­лық пей­іл, жеке басы­на пай­да іздеу бар. Бәл­кім, мұн­дай мәж­бүр­лік пен пен­делік­тің себебін түсі­ну­ге де бола­тын шығар.

Деген­мен әлгі ойдағы­лар шын атаққа кәсі­би шебер­лік­ті шың­дап, тұлға­лық бол­мысты биік­тетіп қана қол жет­кізілетінін жақ­сы біледі. Бірақ өзін дүр­мек­тің ішін­де көр­гісі келеді. Сон­ды­қтан атақтан, мара­пат­тан дәмесін жасыр­май­ды. Сөй­тіп оны тезірек алу­дың жолын іздейді.

«Талап­ты тас жарар» деген­дей, әрқа­шан шын талант иесі халы­қты атағы­мен емес, өнері­мен тән­ті еткен. Сон­дай-ақ қай­бір іс-шара жүр­гі­зу­шісі «Сізді кім деп жари­я­лай­ын?» деп әншінің алды­нан өтуі үлкен эти­кет пе? Абза­лы – кім екенін алдын ала біліп тұрғаны.

Қазір жиын­да, жина­лы­ста, дөң­ге­лек үстел бары­сын­да «Атақ-дәре­жем­ді еске­рерсің, ғылым док­то­ры, ака­де­мик екенім­ді ұмыт­па, пәлен сый­лы­қтың иегері екенім­ді қоса айт!» деп назда­на­тын­дар шықты. Жүр­гі­зу­ші айта қал­ма­са, қай­та бұры­лып, дөңай­бат­та­нып, ұрыс шыға­руға дей­ін барып жата­ды. Неме­се ұйым­да­сты­ру­шы­ға ескер­туді «кәсі­би борыш» санайды.

Нар­цисс адам­ның өзі тура­лы пікірі аса зор, ол үшін қоғам­дық пікір­дің құны шама­лы. «Мына­ның есі дұрыс па?» деген сын олар­дың ойы­на кіріп те шықпайды.

Кеше­гі қиын кезеңнің өзін­де «Адам өз атын атағы­мен емес, еңбе­гі­мен көте­реді» дей­тін. Сон­да азан шақы­рып қой­ған есім-сой­ын неге азсы­на­ды екен? Өзінің жетісті­гі, яки не тын­ды­рға­ны, ел білетін аты-жөні, көп­шілік ара­сын­дағы беделі, сый-құр­меті атақ-дәре­же­мен ғана өлшене ме?..

Шір­кін, осын­дай сұрақ солар­дың өзіне қара­та қой­ыл­ды ма екен?

Бұл – жадағай, ақыл мен сана көтер­мей­тін үрдіс бас­пасөз бетіне, әле­умет­тік желі­ге көш­келі де бір­ша­ма уақыт өтті.

Кезін­де ұлт­тың бел­гілі тұлға­сы, клас­сик жазу­шы Ғабит Мүсіре­пов: «Атақ қоспа­сы адам бей­несін бұзып жібе­реді» деген екен. Сөз зер­гері қалай дәл тауып айтқан десеңізші.

Ара­мы­зда жеке кар­та­сы­на (визит­ка) қоғам­дық ұйым­дарға мүшелі­гін шұбыр­тып, сіре­стіріп жаза­тын заман­дастар да жоқ емес. Қаси­ет­ті Мек­ке­ден оралған соң, «пәлен­ше, түген­ше қажы» деп қол қоя­тын әдет қалып­та­сты. Оны ісіне қарап, үлгі тұтқан өзге­лер айт­са, жарас­пай ма? Қара­пай­ым, қанағат­шыл адам өзін «абыз-әулие» қата­ры­на қосуға тыры­спа­са керек.

Қазір елге еңбек сіңір­гені бар, сіңір­мей-ақ сол «атаққа» кез­дей­соқ енгені бар – бәрі шаты­сып кет­ті. Рас, бұл дүр­мек, әсі­ре шапқы­лау ұза­ққа бар­мас. Ақыл­ды, көшелі аза­мат­тар, жау­ап­ты қара­пай­ым адам­дар осы­дан жиер­ке­нетінін айта баста­ды. Яғни, бұл дерт жұрт­шы­лық талқы­сы­нан, қоғам­ның сүз­гісі­нен өтіп жатыр. Оның жау­а­бы – жай ашу бол­май­ды, елдік пара­сат, ұста­ным болады.

Қарап тұр­сақ, ұял­маған­ның бәрі тек «әнші» емес екен. Кәсібіне, жасы­на қара­май­тын көрі­неді. Шын­ды­ғын­да, мұн­дай бере­кет­сіз үрдіс олар­дың білім-өресін, ар-ұятын, ынса­бын, көзқа­ра­сын біл­дір­се керек.

Халқы­мы­зда «Бай кедей бол­са да, мақтанға­нын қой­май­ды» дей­тін мәтел бар. Қырық жыл­дық бай­лы­ғы есі­нен шық­паған соң, екі сөзінің бірін «мен­нен» бастап, соны­мен аяқтай­тын бей­бақтар да көбей­іп тұр. Біздің­ше, «мен» есім­ді­гін жиі қол­да­на­тын кісінің мен­мен­ді­гі дәлел­де­уді қажет етпейді.

Өз-өзіңді жақ­сы көріп, баға­лау – әсте өзгенің алдын­да мақта­ну, жөн­сіз көкірек керу емес. Атағын, дәре­же-даңқын қосып айт­па­са, көңілі көн­ші­мей­тін жаман әдет­тен ары­луға әбден бола­ды. Ол үшін заман­дастар өз орта­сын­да әдеп нор­ма­ла­ры­нан аспа­уды енгізіп, ада­ми борыш пен мін­детіне алса жеткілікті.

Тағы бір оғаш қылық – өзі тура­лы үшін­ші жақтан айтуға құмар­лық етек жая баста­ды. Өзін-өзі мақтап, масай­ра­удың бұл түрін де теже­ме­се болмас!

Жал­пы, әрбір ел, тұтас халық қоғам­дық орын­дар­дағы ортақ мәде­ни­етін, тәр­тібін өздері қалып­та­сты­ра­ды. Сон­ды­қтан әр аза­мат қоғам­ды, қауым­ды сый­лап, елдік дәстүр мен ортақ ада­ми мәде­ни­ет­ке бағы­нып, сөзі мен іс-әре­кетіне, мінез-қүлқы­на жау­ап­ты болға­ны жөн деп санаймыз.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн