Четверг , 12 ноября 2026

ЕЛІМІЗДІҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБІЛЕТІ ТЕК ӘСКЕРМЕН ӨЛШЕНБЕЙДІ

Бұл өзі баяғы­да-ақ пісіп жетіл­ген мәсе­ле еді. Үлкен өкініш­ке қарай, «күн күр­кіре­ме­ген­ше, мұжық тәу­бесіне кел­мей­ді» демек­ші, біздің билік бей­біт күн­де әскер қата­рын­да қан­ша­ма өлім-жітім болып жат­са да, оған жет­кілік­ті назар ауда­ра қой­ма­ды. Тек Кас­пий теңізін­де­гі оқу-жат­ты­ғу кезін­де 14 сар­баз қаза болған қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін ғана Мем­ле­кет бас­шы­сы арми­яда олқы­лы­қтар өте көп екенін және кәсі­би­лік жетіс­пей­тінін айтып, әскер­ді түбе­гей­лі рефор­ма­лау жөнін­де шұғыл тап­сыр­ма бер­ді, әрі бұл – кезек күт­тір­мей­тін мәсе­ле екенін ерекше ескертті.

Әске­ри рефор­ма қалай жүр­гізіл­гені дұрыс, жал­пы қорға­ныс сала­сын қалай нығай­та ала­мыз? Қайт­кен­де жас жігіт­тер үшін Отан қорға­у­шы маман­ды­ғы мен мін­дет­ті әске­ри қыз­мет құр­мет­ті де мақта­ны­шты кәсіп­ке айна­ла­ды деген сұрақтар төңіре­гін­де кәсі­би шека­ра­шы, Ауған соғы­сы­ның арда­гері, кәсір­де­гі (запас­тағы) пол­ков­ник Қаб­дол­ла ТЕРГЕНБАЕВ мыр­за­мен сұхбаттастық.

­

– Қаб­дол­ла Ермек­бай­ұ­лы, Кас­пий­де қаза тапқан сар­ба­з­да­ры­мы­здың рухы риза бол­сын, ондай­ды бұдан былай ешкім­нің басы­на да сал­ма­сын. Туған-туы­ста­ры­ның көңіліне кел­месін, әр жаман­ды­қтың бір жақ­сы­лы­ғы бола­тын бол­са, өз басым бұл қай­ғы­лы ауыр қаза­ның жақ­сы­лы­ғы ­– Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың әскер­ді рефор­ма­лау жөнін­де шұғыл тап­сыр­ма бер­гені дер едім. Әйт­пе­се Арқан­кер­ген оқиға­сы, Ары­ста, Бай­за­қта жары­лы­стар орын алды, адам­дар қаза тауып, мил­ли­ард­таған шығын бол­ды. Әскер­де­гі әлім­жет­тік, зор­лық-зомбы­лық, жас сар­ба­з­дар­дың өлі­мі, өкініш­ке қарай, әлі күн­ге дей­ін жалға­сып келеді. Сон­да бүгін­гі күн­ге дей­ін бұл мәсе­лесінің көтеріл­ме­гені қалай? Әншей­ін­де «Тәу­ел­сіз ел ата­ну бар да, оны қорғап тұру бар» дей­міз. Әскері­міздің жағ­дайы осы бол­са, онда сол ең қастер­лі де қаси­ет­ті құн­ды­лы­ғы­мы­зды қалай қорғаймыз?

– Ең алды­мен, өзіңіз айтқан­дай, елін қорғау, жерін қорғау жолын­да жау­ап­сыздық пен салғырт­ты­қтың, тіп­ті қыл­мыстық қаты­на­стың сал­да­ры­нан қаза тапқан сар­ба­з­да­ры­мы­зды Жаратқан иеміз алда­ры­нан жары­лқа­сын! Туған-туы­ста­ры­на сабыр берсін.

Мен мұны қыл­мыстық қаты­нас деп бекер айтып оты­рған жоқ­пын, оған толық негіз бар. Пре­зи­дент­тің өзі мұны қыл­мысқа теңеді. Сол себеп­ті де үкі­мет­тік комис­сия құрып, бұл сала­дағы бар былы­қты тек­се­ру­ге пәр­мен бер­ді. Қай­ғы­лы оқиға­ның орын алуы­на жау­ап­ты әске­ри қыз­мет­шілер шен-шек­пе­ніне қара­ма­стан қатаң жаза­сын ала­ты­нын ескерт­ті. Әдет­те біз­де көбіне бірін­ші бас­шы жаза­ла­на бер­мей­тін, мына оқиға­дан кей­ін Қорға­ныс мини­стрі қыз­меті­нен алын­ды. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ ол тек сал­дар­дың ғана жау­а­бы, салғырт­ты­қтың, жау­ап­сызды­қтың, өз мін­детіне деген қыл­мыстық қаты­на­стың ғана жаза­сы бол­мақ. Ал оның себебі неде, қалай оған жол беріл­ді, неге бей­біт күн­де он гүлі­нен бір гүлі ашыл­маған, арма­ны асқақ, мұра­ты биік өрім­дей жастар қаза тапты?!

Менің­ше, үкі­мет­тік комис­сия осы­ған жау­ап іздеп, келе­шек­те мұн­дай сорақы­лы­қтар­дың алдын ала­тын, тіп­ті бол­дыр­май­тын ұсы­ны­стар дай­ын­да­уы тиіс. Себебі қазір әске­ри қыз­мет бар­лық аза­мат­тар үшін мін­дет­ті шарт емес, соған сүй­еніп, көп­те­ген жастар әскер қата­рын­да қыз­мет ету­ден қаша­ты­ны да жасы­рын емес. Өйт­кені әскер­дің өзін­де тәр­тіп жоқ, әлім­жет­тік күн­делік­ті әдет­ке айналған. Зор­лық-зомбы­лы­қтың сал­да­ры­нан соңғы жыл­да­ры қан­ша­ма жас мерт болып, қан­ша­сы өз-өзіне қол жұм­са­уға дей­ін барып жатыр! Аңы­рап қалған ана­лар мұң-зарын айтып, Ақор­даға дей­ін бар­ды. Сон­да да әскер­ді рефор­ма­лау мәсе­лесі көтеріл­меп еді. Кас­пий­де­гі қай­ғы­лы оқиға бұған бұдан әрі көну­ге бол­май­ты­нын қатаң ескерт­ті десек, артық болмас.

Жаңа сіз дұрыс айт­ты­ңыз, аза тар­тып оты­рған ағай­ын рен­жі­месін, егер Пре­зи­дент нақты мін­дет­те­ген­дей, әскер­де түбе­гей­лі рефор­ма жүр­гізіліп, бел­гілі бір жас ара­лы­ғын­да мерзім­ді әске­ри қыз­мет атқа­ру бар­лық ер аза­мат­тар үшін мін­дет­ті шар­тқа айна­ла­тын бол­са, әскер­де­гі әлім­жет­тік жой­ыл­са, ол ­– нағыз жігіт болып қалып­та­су мек­тебіне айнал­са, осы мін­детін өте­ген жас жігіт­тер­ге жоға­ры оқу орын­да­ры­на тегін түсу мүм­кін­ді­гі беріл­се, ал оны өте­ме­ген аза­мат­тар мем­ле­кетік қыз­мет­ке алын­бай­тын, өкілет­ті ұйым­дарға сай­лан­бай­тын бол­са, онда бұл қай­ғы­лы оқиға­ның жақ­сы­лы­ғы сол бол­мақ. Атам қазақ ежел­ден «қаза­ның жақ­сы­лы­ғы жақын бол­сын» дей­ді ғой, сол жақ­сы­лы­қтар жақын бол­са деп тілейік!

– Әумин, айтқа­ны­ңыз кел­сін! Жаңа сіз мерзім­ді әске­ри қыз­мет бар­лық ер аза­мат­тар үшін мін­дет­ті шар­тқа айнал­са деп қал­ды­ңыз, ол үшін бірін­ші кезек­те не істелі­нуі керек?

– Ол үшін ең алды­ме­некі жарым ай бұрын ғана сай­ла­нып, өз жұмысы­на кіріс­кен елі­міздің ең жоғарғы заң шыға­ру­шы орга­ны ­– Құры­л­тай «Жал­пы­ға бір­дей әске­ри мін­дет­тілік және әске­ри қыз­мет тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңын қай­та қарап, тиісті өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зуі тиіс. Бұл заң­да жастар­ды бала күні­нен Отан қорға­уға баулып, ден­са­улы­ғы зор, рухы күшті, ерік-жігері мықты, «жігіт­ке – жеті өнер де аз» деген­дей, бір­не­ше әске­ри және аза­мат­тық маман­ды­қты мең­ге­ру жөнін­де нор­ма­лар бел­гі­ле­нуі керек.

Мыса­лы, 14 жасқа толып, есеп­ке алы­на­тын әр жасөс­пірім­нің ден­са­улы­ғы аудан­дық, қала­лық Қорға­ныс жөнін­де­гі депар­та­мент жанын­дағы әске­ри комис­сия тара­пы­нан бақы­ла­у­ға алы­нып, кемін­де әр тоқ­сан сай­ын бір рет тұрақты түр­де тек­серіліп тұрға­ны жөн. Әйт­пе­се қазір жыл­дан-жылға жастар­дың көп­шілі­гінің ден­са­улы­ғы әске­ри қыз­мет­ке жарам­сыз болып бара жатыр.

Екін­ші, баста­пқы әске­ри дай­ын­дық пәні 9‑сыныптан, шама­мен 14 жастан бастап, екі сағат­тан апта­сы­на кемін­де екі рет оқы­ты­луы керек. Осы пән аясын­да әске­ри тәр­тіп және өнер­ге үйре­ту­мен қоса, қазақ халқы­ның тарихы мен батыр баба­ла­ры­мы­здың, соның ішін­де әр ауыл­дан шыққан әйгілі адам­дар­дың ел қорғау жолын­дағы ерлік істері кеңі­нен наси­хат­талға­ны дұрыс. Бұл бір жағы­нан Пре­зи­ден­ті­міз ұсы­нған «Заң мен тәр­тіп» идео­ло­ге­ма­сы аясын­да жастар­ды кіш­кен­тай­ы­нан заң талап­та­рын сақтау және тәр­тіп­ті болуға тәр­би­е­ле­се, екін­ші жағы­нан олар­дың бой­ын­да әске­ри қыз­мет­ке деген қызы­ғу­шы­лық пен отан­шыл­дық, туған халқы­на деген сүй­іспен­шілік, мақта­ныш сезім­дерінің қалып­та­суы­на сеп­ті­гін тигі­зеді. Осы пән аясын­да қыз бала­лар­ды тігін тігу­ге, ас-су дай­ын­да­уға үйрет­се де, арты­қ­шы­лық етпей­ді. Әйт­пе­се қазір жаста­ры­мыз әске­ри қыз­мет­тен қаша­ты­ны, қыз бала­лар ине, оқтау ұстай алмай­ты­ны да жасы­рын емес.

Үшін­ші­ден, жал­пы­ға бір­дей әске­ри мін­дет­тілік тала­бын енгі­зе оты­рып, біз Мем­ле­кет бас­шы­ның әділет­тілік тура­сын­дағы ұста­ным­да­ры­ның нақты да жүй­елі жүзе­ге асуы­на жағ­дай жасай­мыз. Әске­ри қыз­мет кезін­де тәр­тіп­ке бағы­ну­ды, сар­дар­лар тара­пы­нан жарғы негізін­де беріл­ген бұй­ры­қты бұл­жыт­пай орын­да­уды, жоға­ры бас­шы­лық алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті бой­ы­на сіңір­ген кез кел­ген аза­мат мем­ле­кет­тік қыз­мет­те де тәр­тіп сақтап, бел­гі­лен­ген жоба-жос­пар­лар­ды мерзі­мін­де орын­да­уға тыры­са­ты­ны сөз­сіз. Осы­лай­ша біз қоғам­да заң мен тәр­тіп­ті сақтау қағи­дат­та­ры­ның орны­ғуы­на жол ашамыз.

– Ойы­ңыз дұрыс екен. Ал мін­дет­ті әске­ри қыз­мет­тің мерзі­мі жөнін­де не айтар едіңіз? Қазір­гі бір жыл­дық қыз­мет тым аз емес пе? Менің­ше, ол кемін­де екі жыл болуы керек және жаңағы сіз айтқан баста­пқы әске­ри дай­ын­дық пәні кезін­де басталған тәр­тіп пен өнер­ге бау­лу, халқы­мы­здың тарихы мен салт-дәстүрін, ұлт­тық ерекшелік­терін, әске­ри және аза­мат­тық маман­ды­қтар­ды үйре­ну әрі қарай жалға­суы керек!

 – Дұрыс айта­сыз! Бір жыл аздық ете­ді. Егер екі жыл бол­са, оның алға­шқы жар­ты жылын­да әске­ри жарғы­лар, талап-тәр­тіп­тер, сапқа тұру, сап­пен жүру, сар­дар­ларға бая­нат жасау, қара­уы­лға тұру, соғыс және бай­ла­ныс құрал­да­рын қол­да­ну сияқты әске­ри мін­дет­тер­ді мең­ге­ру­мен қатар кір­піш қала­у­шы, сылақ­шы, боя­у­шы, дәне­кер­ші, бетон­шы, мұна­ра-көпір кран­шы­сы, тігін­ші, етік­ші, сле­сарь, есеп­ші, қой­ма­шы сияқты басқа да жұмыс­шы маман­ды­қта­рын үйреніп шық­са, қалған бір жарым жыл­да сол үйрен­ген маман­ды­қта­ры бой­ын­ша апта­сы­на 40 сағат ақы­лы жұмыс істеп, тапқан табысы­ның есебі­нен өзіне жұм­салған шығын­ды толық өтеп, қол­да­ры­на беріл­мей, арнайы есеп­шот­та сақта­ла­тын қалған сома­ны қыз­мет мерзі­мі аяқталған соң алып қай­та­тын бола­ды. Еңбе­кақы­ның мөл­шері елде­гі орта­ша еңбе­кақы­дан төмен бол­мауы керек. Сон­да жастар мін­дет­ті мерзім­ді әске­ри қыз­метін аяқтаған кез­де олар­дың шотын­да кем деген­де 5–6 млн тең­ге ақша тұра­ды. Бұл олар­дың әскер­ден кей­ін­гі өмірін жалға­сты­руға өздері салған инве­сти­ция қыз­метін атқа­ра­ды. Үйле­не­мін, үй сала­мын, кәсіп аша­мын десе – бел­гілі бір мөл­шер­де алға­шқы капи­тал дай­ын тұра­ды. Егер әскер­ден кел­ген жасқа үй салу үшін кез кел­ген елді мекен­де кезексіз 1000 шар­шы метр жер телі­мі, аз пай­ы­з­бен 10 млн тең­ге­ге дей­ін жеңіл­дік­ті несие беріліп, жоға­ры және орта оқу орын­да­рын­да тегін оқи­тын бол­са – тіп­ті тама­ша! Онда жастар мін­дет­ті әске­ри қыз­мет­тен қашпай, керісін­ше, бар­лы­ғы мін­дет­ті мерзім­ді қыз­метін атқа­руға тыры­са­тын еді. Оның үстіне мұн­дай амал Мем­ле­кет бас­шы­сы биы­лғы Жол­да­уын­да сынаған әле­умет­тік масыл­ды­қтың алдын алуға да ұнам­ды әсер етпек.

Бөліп айтқым келетін бір жайт – әскер­де бар­лық іс тек мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гізіліп, жарғы, бұй­рық, өза­ра қарым-қаты­нас сол тіл­де жазы­луы, айты­луы, орын­да­луы мін­дет­ті болуы керек. Бұл жер­де «тең қол­да­ны­ла­тын», «қатар жүретін» ешқан­дай өзге тіл бол­маға­ны жөн! Бұл бір жағы­нан мем­ле­кет­тік тіл­дің дамуы­на соны сер­пін бер­се, екін­ші жағы­нан елі­міз­де өмір сүретін өзге этнос өкіл­дерінің оны еркін мең­ге­руіне жағ­дай жасай­ды. Ал қазақ халқы­ның тарихы мен оның әлем­дік өрке­ни­ет­ке қосқан үлесін, Алтай мен Аты­рау, Арқа мен Ала­тау ара­сын­дағы ұлан ғай­ыр Ұлы дала­ны қорғап, бүгін­гі және келе­шек ұрпаққа ама­нат еткен батыр баба­ла­ры­мы­здың ерлік істері мен елдік мұрат­та­рын, өшпес өне­гелі өси­ет­терін, адам­гер­шілік қаси­ет­терін тереңірек оқы­ту мен үйре­ту –өз ұлда­ры­мы­здың бой­ын­да туған жер мен елге, оның тыны­шты­ғы мен еркін­ді­гі үшін қан төк­кен қаһар­ман­дарға деген мақта­ныш сезі­мін оятып, рухын көтер­се, өзге этнос өкіл­дерін­де қазақ халқы­на деген құр­мет пен тілек­те­стік­ті күшей­тетіні анық. Бұл сай­ып кел­ген­де ел бір­лі­гіне, халқы­мы­здың бір­тұ­тас біре­гей­лі­гіне, сол арқы­лы айда­ры­нан жел есіп, бүгін­гі күні орта дер­жа­ваға айналған Қаза­қстан­дағы тұрақты­лық пен қарқын­ды эко­но­ми­ка­лық дамуға, әле­умет­тік кемел­де­ну­ге мызғы­мас негіз болады.

Осы­лай­ша біз Пре­зи­дент жари­я­лаған «Заң мен тәр­тіп», «Әділет­ті Қаза­қстан», «Адал аза­мат» сияқты бір­не­ше баста­ма­ның нақты жүзе­ге асуы­на үлес қоса­мыз. Сон­дай-ақ әскер­де жастарға жұмыс­шы маман­ды­қта­рын үйретіп, олар­ды авто­жол, темір­жол, порт, өндіріс орын­да­ры сияқты құры­лыс жұмыста­ры­на тарт­сақ, еңбек мигрант­та­ры арқы­лы шетел­дер­ге кетіп жатқан мил­ли­ард­таған тең­ге ел ішін­де қалып, қазы­наға түсетін салы­қтық төлем­дер де артар еді. Ең басты­сы – біз жұмыс күшінің жетіс­пе­уін және жастар­дың жұмыс­сыз жүруін азай­тар едік. Екін­ші жағы­нан – бұл халы­қтың табысын молай­туға, күн­көрісін жақ­сар­туға, сол арқы­лы әле­умет­тік тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ету­ге ұнам­ды ықпал етеді.

– Пре­зи­дент әскер­ді түбе­гей­лі рефор­ма­лау жөнін­де тап­сыр­ма бер­ді. Егер Кас­пий­де­гі қай­ғы­лы оқиға бол­маған­да, қалай болар еді? 2016 жылы да осы аймақта әске­ри тех­ни­ка суға батып, дай­ын­ды­қтың дұрыс бол­мауы, ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғын ескер­меу, сай­ып кел­ген­де тәр­тіп­тің жоқты­ғы, жау­ап­сыздық, салғырт­ты­қтың сал­да­ры­нан адам шығы­ны орын алды. Ары­стағы әске­ри қой­ма­ның жары­лы­сы­нан қала­дағы қан­ша­ма үй қирап қал­ды. Оны мем­ле­кет қан­ша­ма қар­жы жұм­сап, қал­пы­на кел­тір­ді. Мұның бәрі, былай қараған­да, ең тәр­тіп­шіл ұйым болуы тиіс әскер­дің өзін­де сол тәр­тіп­тің жоқты­ғын біл­дір­мей ме? Осы күн­ге дей­ін бұл мәсе­лені ешкім көтер­ме­гені қалай? Мен тіп­ті Арыс пен Бай­за­қтағы жары­лы­стар­ды Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның беделін төмен­де­ту мақ­са­тын­да астыр­тын көр­сетіл­ген қар­сы­лық шығар деп те ойлай­мын. Тағы бір ойлан­ды­ра­ты­ны – Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің қыз­метін ғана жаңғыр­ту бүкіл сала­ны өзгер­те ала ма? Жаңағы сіз айтқан дүни­е­лер­ден басқа тағы не істелі­нуі қажет?

– Бірін­ші кезек­те әске­ри маман­дар­ды даяр­ла­у­ға, арми­я­ны білік­ті, білім­ді, жау­ап­ты, отан­шыл сар­дар­лар құра­мы­м­ен қам­та­ма­сыз ету­ге көңіл бөлі­нуі тиіс. Қазір­гі кей­бір мәлі­мет­тер­ге қараған­да, біздің көп­те­ген офи­цер­лері­міз сау­ат­сызды­ғы­нан бетер, өте жау­ап­сыз. Соның сал­да­ры­нан қан­ша­ма қай­ғы­лы оқиға­лар орын алу­да. Бей­біт күн­де әскер­де адам өліп, жас сар­ба­з­дар әлім­жет­тік­ке, зор­лық-зомбы­лы­ққа ұшы­рап жатыр деген не сұм­дық! Ал білім­ді, білік­ті, отан­шыл сар­дар­лар­ды тәр­би­е­леу – мен жоға­ры­да айтқан мек­теп­те­гі баста­пқы әске­ри дай­ын­ды­қтан баста­ла­ды. Содан кей­ін әске­ри учи­ли­ще­лер­де­гі білім беруді жаңғыр­тып, мұн­да да тек мем­ле­кет­тік тіл­де оқы­ту керек. Оған тек әске­ри оқы­ту­шы­лар ғана емес, соны­мен бір­ге тарих, жағра­фия, эти­ка, эсте­ти­ка пән­дерін оқы­туға елі­міздің басқа жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы бел­гілі ұстаз, ғалым­дар тар­тыл­са да, артық етпейді.

 Тағы бір маңы­зды жайт – біз әске­ри маман­дар­ды Ресей­де оқы­ту­ды азай­тып, есесіне Еуро­па­да, Түр­ки­яда, АҚШ-та оқы­туға, әскер­де­гі жаңа тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­я­ны мең­ге­ру­ге баса мән беруі­міз керек. Қазір баяғы­дай ура­лап, жаяу әскер­ді ешкім соғыс алаңы­на шығар­май­ды. Небір ұшқыш­сыз ұшу аппа­рат­та­ры, дрон­дар, алы­сқа атқы­лай­тын қон­ды­рғы­лар пай­да бол­ды. Біздің сар­ба­з­дар, сар­дар­лар соның бәрін дұрыс және нәти­желі қол­да­ну­ды үйре­нуі керек. Сон­дай-ақ елі­міз өзінің қорға­ныс құрал­да­рын шыға­ра­тын әске­ри-өндірістік кешен қалып­та­сты­рға­ны жөн. Үне­мі шетел­ден сатып алу қай кез­де де, әсіре­се стра­те­ги­я­лық тұрғы­дан дұрыс емес.

Ал 18–27 жас ара­лы­ғын­дағы жастар­дың толық мін­дет­ті әске­ри қыз­мет­тен өтуі арми­ядағы адам санын қазір­гі­ге қараған­да анағұр­лым арт­ты­ра­ды. Үкі­мет оны асы­рай алмай­мыз деп қоры­қ­па­уы керек, сар­ба­з­дар екі жыл қыз­мет етіп, оның бір жарым жылын­да ақы­лы еңбек ететін болған­ды­қтан, өзін-өзі асы­рап қана қой­май, табыс салы­ғы­ның есебі­нен бюд­жет­ке де түсім түсіреді.

Ең маңы­зды мәсе­ле – елі­міздің қорға­ныс қабілеті тек әскер­мен өлшен­бей­ді. Бұл – бір-біріне бай­ла­ны­сты көп нәр­сені қам­ти­тын кешен­ді сала. Ал елді қорғау – шека­ра­ны күзе­ту­ден баста­ла­ды. Шека­ра – мем­ле­кет­тер ара­сын­дағы «қызыл сызық», оның үстін­де­гі атмо­сфе­ра, стра­то­сфе­ра, ғарыш. Үкі­мет ел аумағын, оның халық мен­ші­гін­де­гі жері мен қой­на­уын­дағы кенін халы­қтың аты­нан қорғап, күзетіп, иелік ете­ді. Қаза­қстан шека­ра­сы­ның ұзын­ды­ғы Ресей­мен – 7500, Өзбек­стан­мен – 2351,43, Қытай­мен – 1782,75, Кас­пий теңізін­де – 1723, Қырғыз­стан­мен – 1241,58, Түрік­мен­стан­мен – 425, өзен арқы­лы – 72, бар­лы­ғы – 15094,19 шақы­рым­ды құрай­ды. Мұны Әзір­бай­жан мен Иран­ды қоса алған­да, шека­ра­лас мем­ле­кет­тер­дің бар­лы­ғы мой­ын­дап, ратификациялаған.

1992 жыл­дың 18 тамы­зы­на дей­ін ел іргесін шека­ра әскер­лері қорғап, күзет­ті. Осы күні «Шека­ра әскер­лері тура­лы» жар­лық жаңар­ты­лып, «ҚР ҰҚК Шека­ра қыз­меті» деген жаңа атау пай­да бол­ды да, Қауіп­сіздік коми­теті шека­ра қыз­метіне тіке­лей қол салды.

– Сон­да бұл елі­міздің қорға­ныс сала­сы­на, атап айтқан­да, шека­ра күзеті қыз­метіне кері әсер етті демек­шісіз бе?

– Кері әсер еткен­де қан­дай! Коми­тет шека­ра әскерінің иелі­гін­де­гі учи­ли­ще, ака­де­мия, ауру­ха­на, емха­на, авиа­ба­за, жаб­ды­қтау қой­ма­ла­ры, қару-жарақ жөн­деу зауы­ты, өңір­лік басқар­ма­лар­дағы эскад­ри­лья, темір және ағаш бұй­ым­да­рын жасай­тын екі шебер­ха­на, сан­тех­ни­ка­лық шебер­ха­на, 5 вагон сыя­тын темір­жол тұй­ы­ғы, мұна­ра­лы кран, құры­лыс мате­ри­ал­да­рын сақтай­тын 7 қой­ма, 10 мың метр жері бар № 219 стан­дарт­ты емес жаб­ды­қтар жасай­тын әске­ри құры­лыс бөлім­ше­сін тар­тып алды.

Сон­дай-ақ шека­ра әске­ри бөлім­дері­нен Жауын­гер­лік тула­ры алы­нып, жер­гілік­ті қауіп­сіздік ұйым­да­ры­ның депар­та­мент­тері мен басқар­ма­ла­ры болып қал­ды. Бұл бей­ша­ра жағ­дай­да олар­дың бас­шы­ла­ры Коми­тет­ке жаз­ба­ша мағлұм­да­ма бер­ме­се, шека­ра бекеті (заста­ва), шека­ра қоруы (комен­да­ту­ра), шека­ра жасағы (отряд) шека­ра­ны қорғау-күзе­ту­ге қол­да бар авто­тех­ни­ка­ны, жеке құрам­ды шыға­ра алмай­тын бол­ды. Шека­ра әскер­лерінің құры­лыс бата­льо­нын, рота­ла­рын, шека­ра қору­ла­ры мен бекет­терінің қосалқы шару­а­шы­лы­қта­рын ыды­ра­тып, жауып, жоқ қыл­ды. Шека­ра­шы­лар­дың 4‑сыныпқа дей­ін­гі мек­теп-интер­на­ты мен қонақ үйін тар­тып алды, әске­ри-құры­лыс бөлі­мінің таудай ғима­ра­ты да қоса кет­ті. Әске­ри бай­ла­ныс пол­кі тара­ты­лып, ғима­ра­ты, қару-жарағы, тех­ни­ка­сы кім көрін­ген­нің қолы­на өтті.

Шека­ра­шы­лар­ды құқы­ғы­нан, мүл­кі­нен айы­ру, шека­ра күзетін әлсіре­ту Тоқ­пақ­ба­ев, Әбіқа­ев, Шаб­дар­ба­ев, Саты­бал­ды, Әбі­ш­тен бастал­ды да, одан әрі оны Мәсі­мов жалға­стыр­ды. Ақы­рын­да алды­ңғы айран ішкен­дер құтыл­ды да, шелек жалаған Мәсі­мов тұтылды!..

– Елі­міз­ге, жері­міз­ге ашық қол салып, шабуыл­даған жауға бірін­ші болып той­та­рыс беретін – шека­ра­шы­лар. Сон­да олар­дың Туын алып, жауын­гер­лік жігері­нен айы­рып, Коми­тет­тің рұқ­са­тын­сыз орны­нан қозғал­май­тын­дай етіп құқы­ғы­нан айы­рып жат­са да, ешкім қар­сы тұр­маға­ны ма? Жоға­ры­да аталған лау­а­зым­ды жан­дар тіп­ті ел қауіп­сізді­гіне бей­жай қараған бол­ды ғой?!

 – Құқы­ғы­нан айы­ру, ар-намысын тап­тау, ел қауіп­сізді­гін ойлау былай тұр­сын, қар­сы кел­ген­дерін, ұлт­тық қауіп­сіздік­ке қай­шы бұй­ры­қтарға бағын­баған­да­рын көз-көрекі қырып тастаған жоқ па?! Мыса­лы, Арқан­кер­ген­де 11-ін өртеп жібер­ді. Шека­ра қыз­метінің Оңтүстік өңір­лік бас­шы­лы­ғы­нан 27 адам­ды ұшақ апа­ты­на ұшы­рат­ты, Жаңаө­зен­де 17 адам бей­біт күн­де оққа ұшты…

 – Ал біз бұры­нғы билік­тің тек аза­мат­тық сала­дағы былы­қта­рын, шетел­дер­ге жылы­статқан заң­сыз актив­терін, бел­гілі тұлға­ларға жасаған қастан­ды­қта­рын ғана айтып жүр­міз. Сіз олар­дың шека­ра қыз­меті, ұлт­тық қауіп­сіздік­ке қаты­сты заңбұ­зу­шы­лы­қта­рын, тіп­ті қыл­мыстық істері жай­лы айтып отыр­сыз. Бұл – елге, халы­ққа, Отанға деген опа­сыздық емес пе?!

 – Солайы – солай ғой, бірақ қаза­қтың қай­сар да қаһар­ман ұлы Бауы­р­жан Момы­шұ­лы айтқан­дай, шын­дық 50 жыл кеші­гіп жүретін сияқты. Уақы­ты кел­ген­де бәрі ашы­лар, көз­дері тірісін­де жау­а­пқа тар­ты­лып, тиісті жаза­сын алмаға­ны­мен, Жаратқан олар­ды жаза­сыз қал­дыр­май­тын шығар!

Сіз жаңа осы күн­ге дей­ін әскер­де­гі жағ­дай­ды ешкім көтер­ме­гені ме деп қал­ды­ңыз. Басқа­ны біл­мей­мін, өз басым Коми­тет қыз­мет дәре­же­сін асы­ра пай­да­ла­нып, шека­ра­шы­лар­дың ісіне килі­ге бер­ген соң, шека­ра қауіп­сізді­гін ман­сұқ-мақұ­рым еткеніне қат­ты күй­зеліп, Қаза­қстан­ның қорға­ны­сы­на қауіп төніп келе жатқа­ны анық көрініп тұрған жағ­дай­да үнсіз қала алма­дым. Өзім қатар­лы, Отан алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нетін, ауы­зда­ры берік, өмір­ден, әске­ри қыз­мет­тен алған тәжіри­бе­лері мол аза­мат­тарға осы ойым­ды аңғар­та жүріп, қорға­ныс сала­сы­ның бір құры­лы­мы ретін­де жер­гілік­ті өзін-өзі қорғай­тын әскер құру керек, оны кәсір­де­гі офи­цер­лер­ге басқар­тып, қол­бас­шы­лы­қты Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де құры­лған Бас басқар­маға, облыс, аудан, ауыл әкім­деріне тап­сы­ру керек деген ойға келдім.

Осы ойым­ды 2018 жылы 3 тамы­зда сол кез­де­гі ҚР Қорға­ныс мини­стрі Сәкен Жасұ­за­қов мыр­за­ға жет­кізіп, жаз­ба­ша түр­де бер­дім. Ол өзі Ауған­стан­да рота басқа­рып, соғыс оты­на шар­пы­лған­ды­қтан, бұры­нғы ауыз­ша ұсы­ны­ста­ры­ма құлақ асып, Отар­да өткен дала­лық әске­ри жат­ты­ғуға Жоғарғы Бас қол­бас­шы – Пре­зи­дент­ті шақы­рып, облы­стық және рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала әкім­дерін Жер­гілік­ті өзін-өзі қорғай­тын әскер­лер­дің қол­бас­шы­ла­ры етіп тағай­ын­дап, Жауын­гер­лік тула­рын әскер­лер сапы алдын­да сал­та­нат­ты түр­де тап­сыр­ды. Олар сол мін­дет­терін лай­ы­қты түр­де атқа­рып жүр ме, одан қазір хаба­рым жоқ. Бірақ Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның әскер­ді түбе­гей­лі рефор­ма­лау жөнін­де­гі тап­сыр­ма­сы бұл іске де қозғау салуы тиіс деп ойлай­мын. Өйт­кені, тағы да қай­та­лап айтай­ын, елі­міздің қорға­ныс қабілеті тек әскер­мен өлшен­бей­ді. Жер­гілік­ті жер­лер­де де өзін-өзі қорғау күш­тері болуы керек.

Құдай бетін аулақ қыл­сын, ол тек соғыс жағ­дай­ын­да емес, бей­біт күн­де де қажет. Мыса­лы, табиғи және тех­но­ген­ді апат­тар кезін­де оның маңы­зы зор. Бұл күш­тер­ді жедел топ­та­сты­рып, құтқа­ру, таза­лау және апатқа ұшы­раған нысан­дар­ды қал­пы­на кел­тіру­ге, құры­лыс жұмыста­ры­на жұмыл­ды­руға болады.

– Әлгі жаз­ба­ша ұсы­ны­сы­ңы­зға мини­стр­лік­тен жау­ап бол­ды ма?

– ҚР ҚК Бас шта­бы басты­ғы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры 15.08.18 жылы қол қой­ған: «Жер­гілік­ті өзін-өзі қорғау әскер­лерін құру тура­лы ұсы­ны­сы­ңы­зды алып қарас­ты­рып, аза­мат­тық ұста­ны­мы­ңы­зға тән­ті бол­дық. Ұсы­ны­ста­ры­ңыз ел қорға­ны­сы құжат­та­ры­на нор­ма­тив­тік-құқы­қтық өзгерістер енгізіл­ген­де ескерілетін бола­ды» деген №8/14-ЖТ-Т-693 жау­ап хат алдым.

– Сон­да шека­ра мен елді қорғау жөнін­де­гі нақты ұсы­ны­ста­ры­ңыз қандай?

– Бірін­ші, шека­ра әскер­леріне бұры­нғы атақ-дәре­же­сін қай­та­рып беру керек. Оның бас­шы­сы – шека­ра әскер­лерінің қол­бас­шы­сы ата­лып, гене­рал-пол­ков­ник шенін­де ҰҚК, ҚМ, Ұлан, ТЖМ, ІІМ бас­шы­ла­ры­мен тең қыз­мет­тік қарым-қаты­на­ста болға­ны жөн. Шека­ра бұзу­шы­лар­ды про­ку­рор­дың қадаға­ла­у­ы­мен сот алдын­дағы тек­серіс, тер­геу өткен­де ҰҚК депар­та­мен­тіне бер­ген, ал шека­ра жиегін­де тәр­тіп-талап­тар­ды бұзған­дар толы­қтай шека­ра­шы­лар­дың құзы­рын­да болға­ны дұрыс.

Екін­ші, Жауын­гер­лік ту – көшпен­ді жауын­гер­лер­дің ары, намысы, жігері, ұяты, күш-қай­ра­ты, қасық қаным қалған­ша, иек­тен жаным шыққан­ша Ота­ным­ды қорғай­мын деп, еліне бер­ген анты­ның нышан-рәмізі. Тулар хан орда­сы, батыр­лар шаты­ры қасын­да биік сыры­қтар­да шашақта­ры желбіреп, күзетіліп тұрған. Соғы­стар­да, жоры­қтар­да Туды арнайы топ көздің қара­шы­ғын­дай сақтап, күні-түні алып жүру­ге мін­дет­ті болған. Өйт­кені Жауын­гер­лік ту сар­ба­з­дар­ды әлсіздік­тен, осал­ды­қтан, опа­сызды­қтан қорғай­ды, отан­сүй­гі­штік­ке жете­лей­ді. Сон­ды­қтан шека­ра әске­ри бөлім­деріне Жауын­гер­лік туды қай­та­рып беру ауа­дай қажет!

Үшін­ші, жоға­ры­да айты­лған, ҰҚК тар­тып алған бар­лық ғима­рат, тех­ни­ка, зауыт, шебер­ха­на, т.б. нысан­дар арнайы мем­ле­кет­тік комис­сия арқы­лы ҰҚК-ден Шека­ра әскер­лері қол­бас­шы­лы­ғы­на қай­та­рып берілуі тиіс. Жал­пы ҰҚК бұдан былай шека­ра­шы­лар­дың ішкі қыз­мет­тік, шару­а­шы­лық істеріне қол сұғып, басын­бай­тын болсын.

Шека­ра­шы өз жерін күзетіп, қорғап, бап­тап, өңдеп, қадір-қаси­етін біле жүр­ме­се, жат­тың жеріне жал­да­нып қыз­мет етіп жүр­ген­дей болып суы­нып кете­ді. Сон­ды­қтан ҮҰК-нің «жемқор­лы­қты жою» ұра­ны­мен жабы­лып қалған шека­ра бекет­тері мен қору­ла­рын­дағы бұры­нғы бау-бақ­ша, жеміс-жидек өсіріп, ұсақ және ірі қара мал, жылқы ұстай­тын қосалқы шару­а­шы­лы­қтар­ды қай­та ашу қажет.

Төр­тін­ші, мін­дет­ті әске­ри қыз­мет мерзі­мі, сар­ба­з­дарға маман­дық үйре­ту, бір жарым жыл ақы­лы жұмыс істеу жөнін­де жоға­ры­да айттым.

Бесін­ші, көп­ке сөз­бай, Алма­ты учи­ли­ще­сін әске­ри құры­лыс маман­да­рын даяр­лай­тын Әске­ри құры­лыс басқар­ма­сы­на беру керек. 1986 жылы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан қазақ жаста­рын күрек­пен шапқан, 2022 жылы Қаңтар дүр­бе­леңін­де бей­біт шеру­шілер­ді оққа бай­лаған бұл әске­ри оқу орнын осы жаман аттан осы­лай құтқар­ма­са – басқа жол жоқ!

Алтын­шы, шека­ра­шы офи­цер­лер 25 жыл­дық қыз­мет мерзі­мі кезін­де бір орын­да тұрақты қалу­ды ойы­на да алмау үшін Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Сол­түстік өңір­лік басқар­ма­лар­ды қай­та қал­пы­на кел­тіріп, Алма­ты­дағы учи­ли­щенің оқу үдерісіне арналған мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын төрт­ке бөліп, өңір­лік басқар­ма­ларға бекітіп беріп, 1‑курс кур­сант­та­рын – Оңтүстік өңір­дің Абай ауда­ны орта­лы­ғын­да, 2‑курс кур­сант­та­рын – Баты­стағы «Сарай­шық» ашық аспан мұра­жай­ы­ның жанын­да, 3‑курс кур­сант­та­рын – Шығы­стағы Жалғызтө­бе темір­жол бекетінің төңіре­гін­де, 4‑курс кур­сант­та­рын –Сол­түстік­те­гі Арқа­лық қала­сын­да орна­ла­сты­ру керек.

Жетін­ші, Қару­лы Күш­тер­дің бәріне әске­ри қыз­мет­ке келісім­шар­тпен жігіт­тер­ді, қыздар­ды қабыл­даған­да, 25 жыл­дық қыз­мет­тің 10–15 жылын сол­түстік өңір­лер­де өтей­мін деген уәде болуы және қыз­мет өтілі 20–25 жыл­дан асқан­дарға Пет­ро­павл, Қоста­най, Көк­ше­тау, Арқа­лы­қта салы­нған көпқа­бат­ты үйлер­дің 20 пай­ы­зы беріліп тұруы қажет.

Сегізін­ші, шека­ра­шы­лар­ды Отан қорға­у­шы­лар­дың алды­ңғы қата­рын­да жүретін қалқан ретін­де пай­да­ланған жақ­сы, олар ­– оған лай­ы­қты. Ол үшін бола­шақ шека­ра қыз­мет­кер­леріне бала күні­нен бастап қамқор­лық жасау керек. Осы жағы біз­де өте ақсап тұр. Олар ҰҚК-нің шека­ра­шы­лар­ды жер­ге қара­тып тұқыр­туы­нан мүл­де елеп-еске­русіз қалған. Олай дей­тінім – Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де 6 мек­теп-интер­нат, Ішкі әскер­лер­дің Ұлан сер­жант­тар мек­тебі бар, ал шека­ра­шы­лар қысы-жазы, күн­діз-түні ел іргесін күзетіп тұрға­ны­на қара­ма­стан, олар­да бір­де-бір мек­теп-интер­нат жоқ!

Жал­пы, ойым­ды қоры­та айтқан­да, елі­міздің әрбір аза­ма­ты бір­не­ше әске­ри және қара­пай­ым жұмыс­шы маман­ды­қта­рын жақ­сы мең­геріп, кез кел­ген сәт­те Ота­нын қорға­уға, өзін, отба­сын асы­рап, елін көр­кей­ту үшін, еңбек май­да­ны­на шығуға дай­ын жүруі керек. Сон­да ғана біз ең қаси­ет­ті де қастер­лі құн­ды­лы­ғы­мыз ­– Тәу­ел­сізді­гі­мізді сақтап, ұлт­тық эко­но­ми­ка­мы­зды дамы­та аламыз!

– Өзек­ті ұсы­ны­ста­ры­ңыз үшін рах­мет! Манағы жау­ап хат­та айты­лған­дай, ол ұсы­ны­стар әскер­ді рефор­ма­лау аясын­да билік тара­пы­нан мін­дет­ті түр­де ескеріледі деп сенеміз.

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн