Четверг , 19 ноября 2026

Ұлттық мәдениеттің беделін көтеру – ПАТРИОТТЫҚ ПАРЫЗ!

«Өнер­дің тео­ри­я­сын мең­ге­ру дегені­міз – өнер­ге қаты­сты мәсе­ле­лер­ді ақыл арқы­лы ұғы­ну және талғам қабілетін игеру».

Әл-ФАРА­БИ,

 «Әлем­нің екін­ші ұста­зы» атанған ғұлама,

түр­кі ойшыл­да­ры­ның ең атақтысы

Бүгін­гі жаһан­да­ну дәуірін­де ұлт­тық мәде­ни­ет­тің беделін көте­ру мәсе­лесі бұры­нғы­дан да өзек­ті болып тұрға­ны айқын. Өйт­кені ақпа­рат­тық кеңістік­те түр­лі мәде­ни­ет­тер өза­ра бәсе­ке­ге түсіп, әлем­дік бұқа­ра­лық мәде­ни­ет жас ұрпақтың талға­мы­на, дүни­е­та­ны­мы­на және өмір­лік ұста­ным­да­ры­на мей­ілін­ше ықпал ету­де. Мұн­дай жағ­дай­да ұлт­тық бол­мысты сақтау дегені­міз –сыр­тқы ықпал­дар­дан оқша­у­ла­ну емес, керісін­ше, әлем­дік өрке­ни­ет­тің жетістік­терін иге­ре оты­рып, өз руха­ни ерекшелі­гі­мізді жоғалт­пау және оны мей­лін­ше дамы­ту. Мәде­ни­ет өткен­нің тари­хи жәді­гері ретін­де ғана қабыл­дан­бай, бүгін­гі өмір­дің бел­сен­ді қозға­у­шы күшіне айна­луы тиіс. Ұлт­тық мәде­ни­ет­тің беделі оның өнерінің даму дең­гей­і­мен де аны­қта­ла­ды. Қазақ халқы­ның күй өнері, дәстүр­лі әні, айты­сы, қолө­нері, зер­гер­лі­гі, ұлт­тық биі мен театр өнері – әлем­дік мәде­ни кеңістік­ке іркіл­мей ұсы­нуға бола­тын руха­ни құн­ды­лы­қтар.       Алай­да ұлт­тық өнер­ді сақтау оны тек мұра­жай­ға орна­ла­сты­ру неме­се мере­келік кон­церт­тер­де көр­се­ту деген сөз емес. Ол қазір­гі заман­ның көр­кем­дік талап­та­ры­на жау­ап бере алуы керек. Мыса­лы, дәстүр­лі музы­ка­ны жаңа музы­ка­лық жоба­лар­да пай­да­ла­ну, ұлт­тық аспап­тар­дың мүм­кін­ді­гін әлем­дік сахна­да таны­ту, қаза­қтың ою-өрне­гін зама­на­уи дизай­н­мен үйле­сті­ру –мәде­ни­ет­ті жаңғыр­ту­дың тиім­ді жол­да­ры. Бұл жер­де бір маңы­зды мәсе­лені ескер­ген жөн: жаңа­шыл­дық ұлт­тық өнер­дің табиға­тын бұз­ба­уы керек. Ұлт­тық өнер­дің шынайы дамуы дәстүр мен жаңа­шыл­ды­қтың үйлесім­ді бай­ла­ны­сы­на негіз­де­луі тиіс. Ұлт­тық мәде­ни­ет­тің беделі тек ел ішін­де­гі құр­мет­пен шек­тел­ме­уі керек. Ол халы­қа­ра­лық дең­гей­де де таны­луға тиіс. Өйт­кені мәде­ни­ет –мем­ле­кет­тің «жұм­сақ күшінің» маңы­зды теті­гі. Қаза­қстан әлем­ге өзінің табиғи бай­лы­ғы­мен ғана емес, руха­ни мұра­сы­мен, әде­би­еті­мен, өнері­мен, тари­хи тұлға­ла­ры­мен және зама­на­уи шығар­ма­шы­лық жетістік­тері­мен де таны­луы қажет.

Осы орай­да аса атап өту­ге лай­ық өнер иесі, айры­қ­ша дарын­ды – әнші Димаш Құдай­бер­ген. Оның өнері – қазақ халқы­ның руха­ни бай­лы­ғын әлем­ге таны­тқан, ұлт­тық мәде­ни­ет­тің халы­қа­ра­лық беделін көтер­ген ерекше құбы­лыс. Оның шығар­ма­шы­лы­ғы тек әншілік шебер­лік­пен ғана шек­тел­мей­ді. Ол – қаза­қтың тілін, мәде­ни­етін, музы­ка­лық дәстүрін және ұлт­тық бол­мысын әлем­дік сахна­да наси­хат­тап жүр­ген аса талант­ты өнер иесі. Оның халы­қа­ра­лық сахна­лар­дағы жетістік­тері қазақ өнерінің әлем­дік музы­ка кеңісті­гін­де лай­ы­қты орны бар екенін көр­сет­ті. Бұрын Қаза­қстан­ды жете тани бер­ме­ген көп­те­ген шетел­дік тың­дар­ман­дар Дима­штың өнері арқы­лы қазақ халқы­ның мәде­ни­етіне, тарихы­на және тіліне қызы­ғу­шы­лық таны­та баста­ды. Дима­штың өнерін­де­гі маңы­зды бағыт­тар­дың бірі – ұлт­тық музы­ка­лық мұра­ны дәріп­теу. Ол қаза­қтың халық әндерін, дәстүр­лі музы­ка­лық сарын­да­рын және зама­на­уи шығар­ма­лар­ды үйле­сті­ре оты­рып, ұлт­тық өнер­дің мүм­кін­ді­гін жаңа дең­гей­де таны­тып келеді. Оның орын­да­уын­дағы қазақ әндері шетел­дік тың­дар­ман­дарға ана тілі­міздің әуезділі­гін, ұлт­тық музы­ка­ның әуен­ділі­гі мен тереңді­гін сезін­діреді. Димаш – қазақ өнерінің әлем­дік кеңістік­те­гі жарқын бей­несі. Өнер сала­сын­да осы биік дең­гей­ден төмен түсіп қал­мауы­мыз абзал.

Осы орай­да Қаза­қстан­дағы дарын­ды жастар­дың легі сарқыл­май­ты­ны­на сенім­ді­міз. Олар­дың қата­рын­да жезтаң­дай әнші Рухия Бай­дү­ке­но­ва­ны атап кету­ге бола­ды. Ол таны­мал қаза­қстан­дық әнші, 2021 жылы Бела­русь­тің Витебск қала­сын­да өткен «Сла­вян база­ры» халы­қа­ра­лық бай­қа­уы­ның Гран-при иегері атан­ды, 2026 жылы Қытай­дың Иу қала­сын­да өткен «Silk Way Star» халы­қа­ра­лық музы­ка­лық бай­қа­уы­ның 2‑маусымына қаты­сып, жеңіс­ке жетті. 

Ұлт­тық мәде­ни­ет­тің беделін көте­ру тек өнер адам­да­ры­на неме­се шығар­ма­шы­лық зия­лы қауы­мға жүк­те­летін мін­дет емес. Бұл – мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі маңы­зды мәсе­ле. Мем­ле­кет мәде­ни­ет­ті қар­жы­лан­ды­ру­мен ғана шек­тел­мей, оның еркін дамуы­на, шығар­ма­шы­лық ізденіс­ке және жаңа иде­я­лар­дың қалып­та­суы­на жағ­дай жаса­уы керек. Қазір­гі заман­да мәде­ни­ет­тің тара­лу жол­да­ры түбе­гей­лі өзгер­ді. Бұрын ұлт­тық құн­ды­лы­қтар көбіне кітап, театр, радио және теле­ди­дар арқы­лы наси­хат­тал­са, бүгін­гі күні әле­умет­тік желілер мен цифр­лық плат­фор­ма­лар қоғам­дық талғам­ды қалып­та­сты­ру­да үлкен рөл атқа­рып отыр. Сон­ды­қтан ұлт­тық мәде­ни­ет­ті наси­хат­тау зама­на­уи ақпа­рат­тық кеңістік­тен тыс қал­мауы керек. Қазақ тілін­де­гі сапа­лы бей­не­ро­лик­тер, тари­хи под­ка­ст­тар, деректі фильм­дер, әде­би тал­да­у­лар, таным­дық бағ­дар­ла­ма­лар мен цифр­лық мұрағат­тар көбей­гені жөн.                              Ұлт­тық мәде­ни­ет­тің беделін көте­ру – бір күн­де шешілетін неме­се тек мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің күші­мен жүзе­ге аса­тын мін­дет емес. Ол қоғам­ның бар­лық мүше­сінің қаты­суын талап ететін ұзақ мерзім­ді руха­ни үдеріс. Қаза­қстан­ның әлем алдын­дағы абы­рой­ын көте­рудің ең сенім­ді жол­да­ры­ның бірі – ұлт­тық мәде­ни­ет­ті тек өткен­нің мұра­сы ретін­де сақтап қой­май, оны бола­шақта да елдің дамуы­на қыз­мет ететін қуат­ты руха­ни күш­ке айнал­ды­ру. Біз әлем­ге өз мәде­ни­еті­мізді таны­ту арқы­лы тек қазақ халқын ғана емес, Қаза­қстан мем­ле­кетінің өрке­ни­ет­тік кел­бетін де таны­та­мыз. Өйт­кені эко­но­ми­ка­лық бай­лық мем­ле­кет­ті қуат­ты етуі мүм­кін, ал руха­ни бай­лық оған тари­хи биік­тік пен мәң­гілік бедел береді. Әнші не қан­дай да бол­ма­сын өнер иесі – тек әуезді әні­мен, жағым­ды дауы­сы­мен ғана емес, сахна­дағы мәде­ни­еті­мен, өзін ұстау мәнері­мен және сыр­тқы кел­беті­мен де көре­рмен­нің есін­де қала­тын өнер иесі. Сон­ды­қтан әншінің сахна­лық киі­мі – жай ғана сән­дік бұй­ым емес, оның эсте­ти­ка­лық талға­мын, руха­ни дүни­есін, ұлт­тық бол­мысын және өнер­ге деген құр­метін таны­та­тын маңы­зды құрал.

Сахнаға шыққан әрбір әнші ең алды­мен киім кию мәде­ни­етіне жау­ап­кер­шілік­пен қара­уы керек. Өйт­кені сахна кез кел­ген киім­ді көр­се­тетін орын емес, ол – өнер мен мәде­ни­ет­тің, әсем­дік пен тәр­би­енің тоғы­са­тын қаси­ет­ті кеңісті­гі. Сахна­лық киім эсте­ти­ка­лық талға­мға сай болуы қажет. Әншінің киі­мі жинақы, жара­сым­ды, көр­кем әрі оның орын­дай­тын әнінің маз­мұ­ны­на сәй­кес болға­ны жөн. Сахна­лық образ көре­рмен­нің наза­рын әннен басқа жаққа аудар­май, керісін­ше, музы­ка­ның әсерін күшей­туі тиіс. Киім­нің мақ­са­ты – әншінің шығар­ма­шы­лық бей­несін ашу. Әрине, ұлт­тық нақы­шқа басым­дық берілуі керек. Қазақ әншілері сахна­да ұлт­тық киім үлгілерін, ою-өрнек­тер­ді, дәстүр­лі әше­кей­лер­ді зама­на­уи сән үлгілері­мен үйле­сті­ре пай­да­лан­са, бұл ұлт­тық мәде­ни­еті­міздің наси­хат­та­луы­на зор үлес қосар еді. Дом­бы­ра­мен ән айтқан өнер­паз­дың киі­мі де қаза­қтың руха­ни дүни­есі­мен үйлесіп жат­са, оның сахна­лық бол­мысы әлдеқай­да әсер­лі көрі­неді. Сахна­лық киім өнер жан­ры­на сәй­кес болуы керек. Мыса­лы, опе­ра әншісінің, халық әншісінің, эст­ра­да орын­да­у­шы­сы­ның және дәстүр­лі музы­ка өкілінің сахна­лық киім­дері бір­дей бол­мауы заң­ды. Әр жанр­дың өзін­дік эсте­ти­ка­лық талап­та­ры бар.

Алай­да қан­дай жанр­да өнер көр­сет­се де, әнші әдеп­тілік пен талғам­паз­дық шегі­нен шық­паға­ны дұрыс. Әншілер сән қуа­ла­удан гөрі мәде­ни құн­ды­лы­қтар­ды жоға­ры қоюы керек. Өкініш­ке қарай, кей­бір сахна­лық қой­ы­лым­дар­да киім­нің шек­тен тыс ашы­қты­ғы мен орын­сыз ерекше­ле­ну­ге ұмты­лу өнер­дің маз­мұ­нын көлең­ке­де қал­ды­ра­ды. Сахна­дағы еркін­дік дегені­міз – талғам­сыздық емес. Өнер ада­мы жаңа­шыл­ды­ққа ұмты­лға­ны­мен, қоғам­дық мәде­ни­ет пен көре­рмен­нің эсте­ти­ка­лық талға­мын да еске­ру­ге тиіс. Сахна­лық киім әншінің жеке шығар­ма­шы­лық қол­таң­ба­сын таны­туы қажет. Әлем­дік дең­гей­де­гі өнер­паз­дар­дың ерекшелі­гі – олар­дың музы­ка­лық орын­да­уы­мен қатар өзін­дік сахна­лық сти­лінің қалып­та­суын­да. Қазақ әншілері де ұлт­тық дәстүр­ді зама­на­уи сән­мен ұшта­сты­рып, өзіне тән қай­та­лан­бас образ қалып­та­сты­руға ұмты­лға­ны жөн.

Соны­мен, әншінің сахна­лық киі­мі – оның мәде­ни дең­гей­інің, эсте­ти­ка­лық талға­мы­ның және өнер­ге деген жау­ап­кер­шілі­гінің көрінісі. Әде­мі киі­ну дегені­міз – қым­бат киім кию неме­се көре­рмен­ді ерекше сыр­тқы бей­не­мен таңғал­ды­ру емес. Нағыз әде­мілік – жара­сым­ды­лы­қта, қара­пай­ым­ды­лы­қта, талғам­паз­ды­қта және ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға құр­мет­пен қара­уда. Әншінің басты қаруы – дауыс, басты бай­лы­ғы – өнер, ал сахна­лық киі­мі сол өнер­дің көр­кем­дік жалға­сы болуы керек. Сахна – әншінің жеке сән-сал­та­на­тын көр­се­тетін орын ғана емес, ұлт­тық мәде­ни­ет­тің дең­гей­ін таны­та­тын руха­ни орын. Әнші – тек әуезді дауы­стың иесі ғана емес, ол – сахна мәде­ни­етін қалып­та­сты­ра­тын, өнер арқы­лы халы­қтың руха­ни дүни­есіне әсер ететін тұлға. Сон­ды­қтан әншінің сахна­дағы жүріс-тұры­сы, киім киісі, сөй­леу мәнері, көре­рмен­мен қарым-қаты­на­сы мен өзін ұста­уы оның кәсі­би дең­гей­ін және аза­мат­тық мәде­ни­етін танытады.

Десек те, кей­бір әртістері­міз сахнаға не себеп­ті ауқым­ды ауыр бөрік, көле­мі үлкен тымақ және қола­пай­сыз қалың шапан киіп шыға­ды деген ой келеді. Сахна қашан­да ғима­рат­тың ішін­де орна­ласқан, сон­ды­қтан оның ішін­де «ызғы­рық аяз не үскірік боран» соқ­пай­ты­ны бел­гілі емес пе? Сон­да әртістер олар­ды не үшін киеді? Қаза­қтың ұлт­тық ерекшелі­гін көр­се­ту үшін бе? Бірақ бөрік пен тымақ қаза­қтың ең басты ұлт­тық бел­гісі еме­сті­гі анық. Өйт­кені бөрік пен тымақты қаза­қтан басқа да халы­қтар киеді. Әртістер көбіне ұшақ­пен қала­дан-қалаға, басқа көлік­тер­мен ауыл­дан-ауы­лға сапар­лап, гастроль­де жүреді. Бұлар­ды басқа да жеңіл киім­дер­мен қоса алып жүру оңай еме­сті­гі анық. Соны­мен қоса, бөрік, тымақ пен шапан­ды дай­ын­дап, тік­ті­ру мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке де қомақты шығын. Ал мыса­лы, евро­па­лық сим­фо­ния оркест­рінің музы­кант­та­ры ежел­ден баста­ры­на ештеңе кимей оты­ра­ды. Бұл өнер­ге ешқан­дай нұқ­сан кел­тір­мей­ді. Осын­дай жайт­тар­ды айта келе, сахнаға бөрік, тымақтың және қалың шапан­ның орны­на ұлт­тық оюмен әде­мі өрнек­тел­ген жеңіл бас киім, тақия және шапан киіп шыққан дұрыс деп ойлай­мын. Тағы айта кетер бол­сақ, көзі­міз көріп жүр­ген тақия мен шапан­дар­дың бет­терін­де ою-өрнек өте бат­ти­ты­лып, көлем­ді түр­де жап­сы­ры­лған. Олар­дың талғам­паз­ды­қ­пен әде­мі әспет­теліп, ұсақтау көм­керіл­гені жөн.                                                                                   Сахна­да кей­бір дом­бы­ра­шы­лар аяқта­рын айқа­сты­рып, тіп­ті олар­ды алда­ры­на «өңгеріп алып», бәтең­ке­лерін тым көтеріңкі ұстап та оты­ра­ды (өкініш­ке қарай, бұл үрдісті бей­не­леу өнері де қабыл алған: Аста­на­дағы «Думан» мей­ман­ха­на­сы­ның алдын­дағы Құр­манға­зы­ның ескерт­кі­шіне назар ауда­ры­ңыз). Бұлай оты­ру көр­ген көз­ге ерсілеу. Басқа халы­қтар­да бұн­дай әдет жоқ. Ал бұны көр­ген шетел­дік көре­рмен­дер не ойлай­ды? Бұны келе­меж көр­се де, келе­ке ретін­де қабыл­да­са да – іштерін­де. Аяқты ұзақ айқа­сты­рып оты­ру меди­ци­на­лық және био­ло­ги­я­лық тұрғы­дан бір­не­ше себеп­ке бай­ла­ны­сты зиян­ды деп сана­ла­ды. Мыса­лы, бұл қан айна­лы­мы­ның бұзы­луы­на, қан­ның тоқы­ра­уы­на, вари­коз және тром­боз қау­піне, жам­бас пен омыр­тқа­ның қиса­юы­на, қан қысы­мы­ның көтерілуіне, жүй­ке­лер­дің қысы­луы­на себеп­кер бола­ды екен. Меди­ци­на сала­сы ғалым­да­ры­ның зерт­те­улері бой­ын­ша, оты­ру кезін­де осы пози­ци­я­ны ұна­та­тын ер адам­дар беде­улік­ке де шал­ды­ға­ды екен. 

Тағы айта кетер бір келеңсіз жайт – дом­бы­ра­шы­ла­ры­мыз кей­де сахна­да дом­бы­ра­ны тізер­леп те ойнай­ды. Сырт­та, қала алаң­да­рын­да, тіп­ті тастай қат­ты асфальт бетін­де де тізер­леп ойнай­тын­дар­дың қата­ры көбей­іп бара­ды. Бірін­ші­ден, қай жағы­нан алсақ та, бұл дұрыс емес, ерсі көрі­нетін құбы­лыс. Қаза­қта дұшпа­нын мұқатқан­да, «тізесін бүк­тір­дім» дей­ді. Сон­да орын­да­у­шы­лар жұрт алдын­да өздерінің кем­сініп, мұқа­лып тұрға­нын түсін­бей ме?! Екін­ші­ден, дом­бы­ра­ны тізер­леп ойнаған­да тізе­ден не қала­ды, тізе ауруға шал­ды­қ­пай ма? Тізе ауруы – жарақат­тан, артық сал­мақтан неме­се буын тозуы­нан туын­дай­тын жиі кез­де­сетін сырқат. Бүл үрдіс­ке қазақ неге үйір болды?

Менің пай­ым­да­уым­ша, дом­бы­ра­ны тізер­леп ойна­уға елік­теу 1970 жылы түсіріл­ген қаза­қтың атақты «Қыз Жібек» филь­мі­нен басталған болуы керек. Сол филь­мін­де Шегенің ролін шебер сомдаған қаза­қтың көр­нек­ті театр және кино актері Әну­ар Мол­дабе­ко­втің тізе бүгіп, аса әсер­лі орын­даған сәті біраз дом­бы­ра­шы­ларға үлгі болға­ны аян. 1991 жылы халы­қа­ра­лық «Азия дауы­сы» бай­қа­уын­да бұл үлгіні әнші Қыды­рәлі Бол­ма­нов қай­та­ла­ды. Содан бастап бұл үлгі елі­міз­де кең жай­ы­ла баста­ды. Ал қаза­қтың дом­бы­рас­ы­ның «құлағын­да ойнай­тын» шебер орын­да­у­шы орыс аза­ма­ты Олег Ники­тин күй­лер­ді тізесін бүгіп неме­се аяғын айқа­сты­рып орын­даған емес. Орын­да­май­ды да. Бұл әркім­ге де түсінік­ті жайт екені анық. 

PS. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі осы мақа­ла­да көтеріл­ген мәсе­ле­лер­ге назар ауда­рып, дұрыс шешім қабыл­дай­ды деген ойдамын.

Нақы­п­бек СӘДУАҚАСОВ, заң­гер-құқы­қта­ну­шы, публицист

Республиканский еженедельник онлайн