Понедельник , 7 июля 2025

«ТАНЫМ» клубы тағы да ШАҚЫРАДЫ

Бір кез­де Ғалым­жан Жақи­я­нов құрған «Аза­мат­тық қоғам» қоры­ның жанын­да ашы­лып, жұмыс істе­ген «ТАНЫМ» пікір­сай­ыс клу­бы (жетек­шісі – ақын Жұмаш Кене­бай) өз жұмысын қай­та­дан баста­ды. Ара­да бір­не­ше жыл қата­ры­нан үзіліс орын алса да, клуб­тың жана­шыр­ла­ры мен оған қызы­ғу­шы­лар­дың бар­шы­лық екені байқалды.

Клуб өзінің алға­шқы оты­ры­сын­да «Жел­тоқ­сан және Тәу­ел­сіздік» деген тақы­рып бой­ын­ша сұрақ-жау­ап түрін­де алға­шқы пікіра­лы­суын өткізді. Жел­тоқ­сан көтерілісі мен тәу­ел­сіздік мәсе­лесіне қаты­сты бел­гілі сая­сат­кер, қоғам қай­рат­кері, ғалым Серік­бол­сын Әбділ­дин және Жел­тоқ­сан көтерілісінің арда­гері Хасен Қожа-Ахмет өз пікір­лерін ортаға салды.

Клуб жетек­шісі Жұмаш ақын мәлім­де­ген­дей, қоғам­дағы күр­делі мәсе­лені сөз еткісі кел­ген сая­сат­кер­лер­ге, сая­сат­та­ну­шы­лар мен қоғам­ның бел­сен­ді аза­мат­та­ры­на «ТАНЫМ»-ның есі­гі әрдай­ым ашық.

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

Республиканский еженедельник онлайн