Понедельник , 7 июля 2025

АЛМАТЫДА азаттық құрбандарына АС БЕРІЛДІ

Өткен апта­ның жұма­сы күні Алма­ты­дағы «Аста­на» қонақ үйін­де Жел­тоқ­сан көтерілісінің құр­бан­да­ры мен Жаңаө­зен қырғы­ны кезін­де қаза болған­дарға ас беріліп, Құран оқылды.

Бұл шара­ны бел­гілі қоғам бел­сен­ділері Мұх­тар Тай­жан, Баты­рға­ли Әміре­ев және Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы бастаған бірқа­тар ұлт­шыл аза­мат­тар ұйым­да­сты­рға­нын атап айтқан жөн. Ас бары­сын­да Құран оқы­лып, Жаңаө­зен­де қаза болған құр­бан­дар­дың тізі­мі оқыл­ды. Екі Жел­тоқ­сан­ның құр­бан­да­ры­на тағ­зым ретін­де бір минут­тық үнсіздік жарияланды.

Маңғы­ста­удан ат ары­тып жет­кен аза­мат­тар бұл иман­ды шараға жер­гілік­ті халық аты­нан өз риза­шы­лы­қта­рын біл­дір­ді. Жаңаө­зен қырғы­ны сияқты, билік­тің өз халқы­на қар­сы оқ атқан қасіреті мұнан былай орын алма­сын деген ойла­рын ортаға салды.

Қаза­қтың біраз зия­лы­ла­ры­ның басын қосқан бұл аста бата-тілек­тен өзге сын да айтыл­ды. Бел­гілі жазу­шы Қаб­деш Жұма­ді­лов аға­мыз: «Жел­тоқ­сан көтерілісінің құр­бан­да­рын – Жел­тоқ­сан құр­бан­да­ры делік, ал мына Жаңаө­зен­де­гі қырғын­да қаза болған­дар мен Алтын­ба­ек Сәр­сен­ба­ев, Заман­бек Нұрқа­ді­лов сияқты жеке тұлға­лар­дың қаза­сын ненің, кім­нің құр­бан­да­ры деп тарихқа енгі­зе­міз?! Біз­ден кей­ін­гі ұрпақ, міне, осы тура­лы ойла­на жүр­гені, мұны зерт­тей жүр­гені дұрыс болар еді», – деді.

Ас бары­сын­да Болатхан Тай­жан атын­дағы қор­дың қол­да­уы­мен басып шыға­ры­лған «Адай­лар тарихы» кіта­бы­ның тұса­у­ке­сері болып, ол жиналған халы­ққа таратылды.

Республиканский еженедельник онлайн