Понедельник , 7 июля 2025

Қатыгездіктен қаймықпаған ӘСЕМ ЕДІ

Қаза­қтың бір қай­сар қызы – Әсем Базар­ба­е­ва өмір­ден өтті. Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын­ның ажал тыр­нағы­на ілік­ті ол. Солай демес­ке лаж бар ма? Әкесі Базар­бай 2011 жылғы 16 жел­тоқ­сан­да жазы­қ­сыздан қамауға алы­нған­да, қала­ны шарқ ұрып ізде­ген, поли­цей­лер­дің соққы­сы­нан іш құры­лы­сы езіліп, есі­нен танған­да, дәрі­гер­ге жет­кіз­ген осы Әсем еді. Түр­ме­де­гі жауы­зды­қты көзі­мен көріп, басы­нан өткер­ген қар­ша­дай қыз еш нәр­се­ден қоры­қ­па­ды. Әкесінің ажа­лы­на кінәлілер­дің – құқық қорға­у­шы­лар­дың атын атап, қыл­мысты әре­кет­терін жай­ып сал­ды. Олар­дың қоқан-лоққы­сы­нан, жасар жауы­зды­ғы­нан жасқан­ба­ды. Шырыл­дап жүріп шын­дық іздеді, ақиқат үшін айқа­сты. Қара дүлей билік­тің озбыр­лы­ғы­на қар­сы тұр­ды, халқы­на сен­ді. Әкесі сияқты жүз­де­ген адам­ның жәбір­лен­геніне, оққа ұшып, таяққа жығы­лып, өмір­лері қиы­лға­ны­на өз мем­ле­кетінің халы­ққа қар­сы сая­са­ты кінәлі екенін анық ұқты. Адам өлтір­ген қару­лы жасақтарға жаза­ның жеңіл­детіліп, керісін­ше, кінәсі жоқ бей­біт жан­дарға ауыр­латқа­ны жаны­на бат­ты. Әділет­сіз қоғам­да тір­шілік етудің қиын­ды­ғы­на налы­ды. Жаңаө­зен қасіреті, күй­е­уінің азаптан кел­ген ажа­лы ана­сын да ерте алып кет­ті. Бұл қай­ғы-қасірет тал шыбы­қтай нәзік Әсем­нің жүй­кесін шар­шат­ты, жүре­гіне сал­мақ сал­ды. Сырқат­тан­са да, сыр бер­мей, ата-ана­сы­ның пары­зын өтеп, ер аза­мат­тың тір­лі­гін жасады.

  • Жаңаө­зен мен Ақта­уда емде­ген дәрі­гер­лер­дің диа­гноз­ды дұрыс қой­маға­ны Алма­ты ауру­ха­на­сын­да қай­тыс болу себебін аны­қтаған меди­ци­на­лық сарап­та­ма арқы­лы аны­қтал­ды. Бұл да орны тол­мас өкініш.
  • Жаңаө­зен – Шет­пе оқиға­сы орын алмаған­да, бүгін­де Әсем де, оның әкесі де, әкесінің қаза­сын көте­ре алмай өмір­ден өткен ана­сы да тірі жүрер еді-ау. Жал­пы­ұлт­тық бұл қасірет бір отба­сы­нан үш адам­ның өмірін қиды. Шын­ды­қты халқы үшін айтқан Әсем Базар­ба­е­ва Жаңаө­зен қасіретіне үш жыл толар күн қар­саңын­да 24 жасын­да, артын­да жары Аман­дық пен ұлы Әну­ар­ды қал­ды­рып, мәң­гілік сапарға аттанды.
  •  Жаның жән­нат­та бол­сын, Әсем!
  • Сен әкеңнің ару­ағы алдын­дағы ама­нат­ты орын­да­дың. Халқың сенің қай­сар­лы­ғы­ң­ды, ерлі­гіңді ұмытпайды.
  • Әсем­нің отба­сы­на, ағай­ын-туы­ста­ры­на қай­ғы­рып көңіл айтамыз.
  • Жаңаө­зен – Шет­пе­де­гі қасірет­ке бай­ла­ны­сты құры­лған Тәу­ел­сіз қоғам­дық комис­сия мүшелері:
    Төле­ген Жүке­ев, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Софы Сма­та­ев, Темір­хан Медет­бек, Ермұрат Бапи, Қасым Аман­жол, Мұх­тар Тай­жан, Жан­бо­лат Мамай, Бақты­лы Түме­но­ва, Мари­ан­на Гури­на, Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, Аймұ­хан Тау­жа­нов, Шамил База­ров, Гүл­нар Жуас­па­е­ва, т.б. және «Жас Алаш», «DАТ», «Три­бу­на» – «Ашық алаң» газет­терінің, «Адам бол» журналының
Республиканский еженедельник онлайн