Понедельник , 7 июля 2025

«Арнаудың» айтары БІТІП ҚАЛҒАНЫ МА?

Қазақ эст­ра­да­сын­да құлаққа үйір, көңіл­ге сүй­кім­ді әндері­мен тың­дар­ман­ның ыстық ықы­ла­сы­на бөленіп кел­ген «Арнау» дуэ­тінің ақыр-аяғы тарай­ты­ны бел­гілі бол­ды. Тіп­ті соңғы уақыт­тар­да топ мүше­лері Нұр­жан Кер­мен­ба­ев пен Сал­та­нат Бақа­е­ва жеке-жеке өнер көр­сетіп жүр­гені – «жұл­дыз­шыл» жұрт­тың құлақ есті­гені емес, көз көргені.

Ойдан кырдан Арнаудын айтары битип калганы маМұн­дай­да ақыр-аяғы деп аны­қтап айта­ты­ны­мыз да, бүгін­де қазақ эст­ра­да­сы­нан құра­мы бүтін топ көру – бір әні түзу әнші көру­ден де қиы­нға соғып тұр. Әрине, бұл рет­те «Арна­уға» тағар айып­тың сиқы мен сық­пы­ты бұл емес. Оның үстіне кезін­де «Қап-қараш­ка» ата­нып, халы­қтың ықы­ла­сы­мен ержет­кен Нұр­жан Кер­мен­ба­ев­тың уәжі біздің ойша да орынды.

Сол Нұр­жан осы­дан сәл-сәл бұры­ны­рақ басы­лым­дарға бер­ген бір сұх­ба­тын­да Сал­та­нат­тың кіш­кен­тай­лы болуы­на бай­ла­ны­сты топ­тың жұмысы аздап тоқтап тұрға­нын айтқан. Соны­мен қатар, Бақа­е­ва да театр­дағы жұмыста­ры­на бай­ла­ны­сты топ­ты сүй­ре­ген үлкен үміт­тің үддесі­нен шығуға үлге­ре алмай жүр­се керек.

Бірақ әріп­те­стерінің сөзіне сену­ге тура кел­се, бүгін­де топ мүше­лерінің өнер­де­гі ота­уы әлдеқа­шан бөлек тігіл­ген. Оның айқын дәлелі де – әрқай­сысы жеке шығар­ма­шы­лы­ғы­мен айна­лы­сып үлгер­ді деседі.

Әсілін­де, «өнер тек өнер үшін» қағи­да­сы­на жүгін­сек, «Арна­улы­қтар­ды» ептеп ақтап алуға болар ма еді, кім біл­сін?! Ал «қаза­қ­пай­ский» қасаң қағи­даға сал­сақ, «бөлін­ген­ді бөрі жей­ді» деген сөз тағы бар…

Республиканский еженедельник онлайн