Қазақ қызының әдемілігі тағы бір мәрте жаһан таңдайын қақтырып үлгерді. Жуырда Қазақ аруы Айя Шалқардың суреті француздық ZUT журналының мұқабасына шықты.

Қараған бойда қан тамырыңда белгісіз жылылық иіп, бүтін бүйрегің бұрыла беретін Айядай аруымыздың сұлулығына әлемге танымал француз журналы арқылы жаһан жұрты таңданғаны қыр жайлаған қазаққа да құрмет болса керек. Олай дейтініміз – Айя аруымыз аскеттердің аңсарын Азияға аударғаны тағы бір мақтаныш емес пе?!
Жария жұмбақ