Понедельник , 7 июля 2025

Қырғыздар да «ҚОРАҒА КІРДІ»

Ел есін­де

 

Қырғыз­стан пре­зи­ден­ті Алмаз­бек Атам­ба­ев Мәс­ке­уде өткен Ұжым­дық қауіп­сіздік шар­ты ұйы­мы­ның (ҰҚШҰ) жиы­нын­да елінің Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­на (ЕАЭО) кіру келісі­міне қол қой­ға­нын мәлім­деді. Елдің ЕАЭО-ға кіру келісі­мін енді қырғыз пар­ла­мен­ті рати­фи­ка­ци­я­ла­уы керек. Қырғыз­стан ЕАЭО-ға 2015 жыл­дың 9 мамы­ры­нан бастап қосылмақ.

Биыл мамыр айы­ның 29‑ы күні Аста­на­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко және Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин ЕАЭО құру тура­лы келісім­ге қол қой­ған. Биыл қара­ша айын­да бұл одаққа Арме­ния қосы­лған. ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтар­дан бастап күшіне енуі тиіс.

Azattyq.org

 

Республиканский еженедельник онлайн